Ақтөбе облысы биыл Ресейден 1800-ге жуық сиыр сатып алды

    Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы басқармасы өткен жылы 200 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өңірде асыл тұқымды мал саны артып келеді. Биылдың өзінде Ресейден 1796 бас мүйізді ірі қара сатып алынды.

    Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай облыстық мәслихаттың сессиясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы 200,8 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. Биылғы көрсеткіш те жаман емес. Осы жылы 754 мың гектар жерге егін егіледі. Оның ішінде 442,1 мың га дәнді дақылдар, 49,6 мың га майлы дақылдар, 250,7 мың га мал азығы дақылдары, 6,2 мың га картоп және 5,5 мың га көкөніс-бақша дақылдары. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Қазір облыста 20, 5 мың гектар суармалы жер бар. Алдағы уақытта оны 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Жабық топырақты алқаптардың да алаңы көбейіп келеді. Қазір облыста жылына 12 мың тонна көкөніс беретін жылыжайлар жұмыс істейді. Олар соңғы үлгідегі құрылғылармен қамтамасыз етілген. Тұқым өндіретін шаруашылықтардың жұмысы да жақсы жолға қойылған. Былтыр 2,9 мың тонна жоғары репродуктивті тұқым өндірілді. Қазір облыста 6 тұқым шаруашылығы бар. Сондай-ақ биыл топыраққа 1400 тонна минералды тыңайтқыш енгізу міндеттелген еді. Бұл жоспар толығымен орындалды. Егіс алқаптары зиянкестерге қарсы өңделіп, залалсыздандырылды. 233 мың гектар егіс алқабы арамшөптерге қарсы өңделді. Оның 62 гектары егіске дейін, ал 170 гектары егін егу кезінде өңделді. Облыста мал саны да артып келеді.
    - 2018 жылдың 4 айында ірі қара мал 7,2 пайызға , қой-ешкі 3,1пайызға , жылқы 8,7 пайызға, түйе 2,7 пайызға, ал құс 15,3 пайызға көбейіп отыр Малдан өндірі-летін өнім көлемі де көбейді. Ет өндіру 5,4 пайызға, сүт өндіру 2, 2 пайызға, жұмыртқа 31,3 пайызға өсті. Жыл басынан бері 204,5 тонна ет пен еттен жасалған өнім экспортталды. Оның ішінде сиыр еті 164,3 тоннаны құрады. Асыл тұқымды малдың саны 28 ,3 мыңды құрап отыр. Аудандарға олардың санын көбейту туралы тапсырма берілді. Жыл басында 6000 бас мүйізді ірі қара, 10700 бас қой, 1100 бас жылқы сатып алу міндеттелген еді. Енді етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бойынша жаңа қосымша бағдарламаның қабылдануына байланысты 11 мың бас мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 2094 бас ірі қара сатып алынды. Оның ішінде 1033 бас қой мен 3 90 бас жылқы алынды. Ресей Федерациясынан 1796 бас ірі қара сатып әкелінді. Сатып алынған малдарға 235 млн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, субсидия төленді,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
    Қазір облыста бір мезетте 24 мыңға жуық мал бордақылай алатын алаңдар жұмыс істеп тұр. Биыл оларға 26 мың бас бұқашық тапсыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 1028 бас ірі қара жеткізілген. Құсайын Сәрсембай бұл жұмыстың әзірге субсидиялар төлеу туралы ереженің шықпауына байланысты кешеуілдеп жатқанын айтады. Өңірде ауылшаруашылығы кооперативтерінің саны да артқан.
    - Облыс бойынша 2018 жылдың 1 сәуіріне 202 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Оның 110-ы етті бағытта, 68-і сүтті бағытта жұмыс істейді. Ал 8-і дәстүрлі емес шаруашылық бағытында дамыса, 16-сы көкөніс өсірумен айналысады. Кооператив құрамына 5179 жеке қосалқы шаруашылықтар, 119 фермерлік шаруашылықтар және 30 заңды тұлғалар бірігіп, 7930 үй шаруашылықтары жұмысқа тартылды.2017 жылы 81 ауыл шаруашылық кооперативтеріне инвестициялық субсидия төленді. Аталған субсидиялар 10 сүт қабылдау пункттеріне, 36 сүт және ет таситын автокөліктерге, 2 мал сою пунктіне, 27 етті ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына, 6 АШК-не жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құруға бөлінген.Өткен жылда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша облысқа 2,3 млрд. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде кооперативтер 39 сүт және ет таситын автокөлікпен, 11 мал сою бекетімен, 18 сүт қабылдау пунктімен қамтамасыз етілді. Жаңа 624 жұмыс орны ашылды.Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. Шаруаларға несие де беріле бастады. Биыл ‘Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 48 млн теңге несие берілуі керек. Қазір бұл бағытта жұмыс жұмыс жүріп жатыр, -деді ол.
    Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, жергілікті жерде шығарылған өнімдер жақсы сатылады. Алайда сүт өнімдеріне сұраныс аз. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мұны арзан, импорттық өнімдердің көптігімен түсіндіреді. Өңірде ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарды жүргізуге және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге жергілікті бюджет есебінен жалпы 1,2 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржы тұқым шаруашылығын қолдауға, гербицидтердің құнын субсидиялауға, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, басым дақылдарды субсидиялауға, зиян организмдерге қарсы химиялық өңдеуге жұмсалып жатыр. “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізуге “Кең дала” бағдарламасы бойынша 236,0 млн. теңге және ‘Агробизнес” бағдарламасы бойынша 973,8 млн. теңге қарастырылып, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен игерілуде. Облыстық сессия отырысы кезінде көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге байланысты дайындық барысы, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы және жанар-жағар маймен қамтылуы туралы да сөз болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Темірліктер алда келеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге