Күнбағыстан келер пайда мол

    Күнбағыстан келер пайда мол

    Хромтаулық майлы дақыл өсірушілер өз өнімдерінен май шығармақ. Дақыл қалдығынан төрт түлікке арнап жем өндіру де көзделіп отыр.

    Хромтау ауданындағы табысы мол ірі шаруа қожалықтардың бірі - “Ақжар-агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ақтөбеден 55, Хромтаудан 30 шақырым қашықтықта орналасқан егіс алқабының жалпы көлемі 15 мың гектар. Егістіктің басым бөлігін майлы және дәнді дақылдар алады.Егістік алқабы шетелдік техникалармен жабдықталған. “Ақжар-агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Төлепбергеновтің айтуынша, биыл 3000 гектар жерге күнбағыс, 4200 гектар алқапқа жұмсақ бидай егілген. Қатты бидай 1800 гектар, арпа 2600 гектар. Шаруашылық 2010 жылдан бастап майлы дақылға айрықша бет бұра бастаған.Себебі, күнбағыс өсіру тиімдірек. Күнбағыс – құрғақшылыққа төзімді дақыл болып саналады. Оның тамыры жерге екі метрге дейін еніп кетеді. Бұл диқандар үшін өте маңызды. Себебі диқандардың айтуынша, соңғы жылдары жерде ылғал мүлдем аз. Күнбағыс дақылы түсімді дәнді дақылға қарағанда мол береді. Былтыр бір гектар аумақтан 14 центнер пісте түскен.
    -Өз тәжірибемнен айтсам, 9-10 центнерден бидай алғанда шемішкені 14 центнер алдым. Бағасы жағынан да артықшылығы көп. Мысалы, арпаның тоннасы 40 мың, бидайдікі 50 мың болғанда, күнбағыстың құны 70-90 мың теңгеге дейін барады. Дегенмен, бір кемшін тұсы, шемішкені бір жерге ексем, 3 жылға дейін ол жер шемішке егуге жарамайды. Орнына басқа дақыл егеміз. Яғни, ауыспалы егістік сақталуы керек. Бізде 4 егіс алқабы бар. Біреуі қазір “демалып” жатыр,- дейді директор. - Шемішкені “Пионер” деген американдық сортпен егеміз.
    Директор өзі басқарып отырған шаруа қожалықтың техникасы жайлы мақтанышпен баяндады. Бүгінгі таңда “Ақжар-агро” серіктестігіне тиесілі 5 заманауи егіс кешені жұмыс істеп тұр. Оның төртеуі дәнді дақылға, біреуі майлы дақылға арналған. Мысалы, күнбағы егістігіне арналған “Массей фергюсон” деп аталатын дәлдеп тұқым сепкіш тракторы өз технологиясы бойыншабір метр бойына 4-5 дән сеуіп береді. Көктеп шыққаннан кейін өскіндер бүріккіш техникамен уланады.
    -Удың бағасы нақты емес. Жыл сайын көтеріліп отырады. Негізі күнбағыс – шығынды көп қажетсінетін дақыл. Күзге қарай шабатын арнайы шапқы комбайнмен жинаймыз. Тамыры 1,5 метрге кететіндіктен, ылғал мол болса күнбағыстың бойы да биіктеп кетеді. Біз егетін “Пионер” сорты буданды. Уақыты келіп піскен кезде гүлшоғыры әдемі болып тұрады. Біздің егіс алқабымыз жол бойында орналасқандықтан өтіп бара жатқан жолаушылардың көзін алыстан тартып тұрады. Үйленіп жатқан жастар егістік басына келіп талай суретке түсіп мәз болып кетеді,- деп ағынан жарылды Қайрат Төлепбергенов.
    Оның айтуына қарағанда, егін жинау кезінде кездесетін қиындықсыз шаруа болмайды. Күнбағысқа уақытылы күтіммен қараса өз түсімін қыркүйек айларында бере бастайды. Жиналған майлы дақыл Ақтөбедегі «Түркуаз» фирмасына тапсырылады. Алайда қожалық басшысы өнім өткізуде бейнет көп екенін жасырмады.
    -Мысалы, жылына 5-6 көлікпен тиеп жібереміз. Оның 3-еуін алып, қалғанын кейін қайтарады. Бұл біз үшін үлкен шығын,- дейді Қайрат Исламұлы. – Алайда бұл мәселе қазір оңынан шешіліп жатыр.
    Шаруалар өнім өтпеді деп қарап отырған жоқ. Былтырдан бері құрылтайшылар белсене атсалысып, мәселені шешуге өздері-ақ кірісіп кеткен. Қазір Ақжар ауылынан 9 шақырым қашықтықтағаы“Жазық” бекетінде күнбағыс майын өндіретін зауыт тұрғызылып жатыр.
    -Енді өнімдерімізді “Ақтөбе майэкстракциялық зауыты” қабылдайтын болады. Зауытқа тапсырған өнім үшін субсидия аламыз,- дейді директор. – Қазір Жазық бекетіне газ бен су жүргізілді. Бұрын болмаған еді. Енді халық та риза болып жатыр. Май шығаратын зауыт қалдықсыз технологиямен жұмыс істемек. Дәнін алып, сыртқы қабығынан жем шығарады. Қазір зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
    Қожалық басшысы дақылдарды сақтаудың экономикалық тұрғыдан тиімді әдісіне көшкен. “Акрон” деп аталатын аргентиналық аппарат өнімдерді қап-қапқа салып, өзі тігіп тұрады. Бір қапшыққа арпа мен бидайдың 200 тоннасы кетсе, ал шемішкенің 130 тоннасы ғана сыяды екен. Мұндай қап ішіне су да, салқын да өткізбейді. Егін жинау кезінде қырман басында мұндай қаптың 30-ға жуығы жатады. Бұл техниканың элеваторға қарағанда экономикалық тұрғыдан тиімділігі көп. Өте үнемді.
    Қожалықта қазір 80-ге жуық адам қызмет етеді. Басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Жұмысшылардың жағдайы толық жасалынған.
    - Кадр жөнінен қиын екені рас. Қазір ешкім мал бағып, трактор айдағысы келмейді. Бірақ менің негізгі бригадам 14 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келеді. Өз командамды жинап алдым. Айлық тұрақты. Егін егу кезінде 300-400 мыңға дейін жетеді. Ал егіс жинау науқанында 1миллион теңгеден бастап 2,5 миллион теңге көлеміне дейін алатын жұмысшыларым бар. Бүкіл механизаторымды жеммен, шөппен қамтамасыз етемін. Қыстың қандай боларын білмейсің. Жұмысшыларым өзгеден жұмыс іздеп тыпыршымас үшін жағдайын жасап отырмын,- дейді Қайрат Төлепбергенов.
    Жұмысшылардың бес мезгіл тамағы ақысыз. Олар тұрып жатқан типтік ғимаратқа ыстық және салқын су жүргізіліп, автоматты кір жуғыш машина қойылған. Ал алқаптан үлесі бар 178 пайшыға 2 тоннадан шөп, 1 тоннадан жем беріледі.
    -Пайшылардың дені жасы үлкейген кісілер. Қолдарында санаулы малы бар. Жастардың бәрі қалады өмір сүріп жатыр. Мен ойлаймын, қарт кісілер үшін бұл үлкен көмек,- деп аяқтады әңгімесін қожалық директоры Қайрат Исламұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ойыл ауданында тары алқабы ұлғайды
  • Ақтөбелік диқандар жаппай мақсары өсіруге көшуі мүмкін
  • Хромтауда күнбағыс майы өндірілмек
  • Қарғалыда құмай егіледі
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге