Күй талғамайтын мал шаруаға тиімді

    Күй талғамайтын мал шаруаға тиімді

    Баршаға аян, төрт түлік мал – қазақ халқының ажырамас байлығы. Атадан қалған осы асыл мұраны көштен кері қалмай бүгінгі күнге жеткізіп отырған хромтаулық “Жантізер” шаруа қожалығы – облыстағы ең ірі кәсіпорын. Қожалық басшысы Бақытжан Ержанов “Керек.info”тілшісін төрт түліктің, оның ішінде асылтұқымды мал шаруашылығының қыр-сырымен таныстырды.

    “Мейлі аз болсын, сапалы мал ұстаған дұрыс”
    “Жантізер” шаруа қожалығының жұмысы 2002 жылдың желтоқсан айынан қызмет етіп келеді. Қожалық жұмысы алғашында небәрі 17 бас жылқы, 120 бас қой, 43 сиырмен басталған. 8 жылдан бері мал басын асылдандырумен тұрақты айналысып келеді. 2011 жылы Ресейден асылтұқымды 167 бас ақбас сиыры әкелінген.
    -Ол уақытта асылтұқымды ірі қараны облысқа ешкім әкелмеген еді. Содан бері талай қашар, өгіз, бұқаларды саттық. Қазір 3000-ның үстінде ірі қарамыз бар. Оның 1400-і асылтұқымды,- дейді қожалық басшысы Бақытжан Ержанов.
    Шаруа қожалығы тек сиыр бағумен шектеліп қоймай, төрт түліктің басын құрап келеді. Жан-жақтан жылқылардың да асылтұқымдысын әкеліп отыр. 1000-ның үстінде Ресейден алынған асылтұқымды жабы жылқысы бар. Кәсіпкердің айтуынша, жылқыларды кезінде Мұғалжар ауданынан алып кетіп, ресейлік көршілер өз жерінде асылдандырған. Асылтұқымды айғырлар мен байталдардың арасында тек қана Ресейден емес, көрші Оралдан әкелінгендер де бар. Жылқылардың дені – құла мен торы. Асылтұқымды малдар – суыққа төзімді, күй талғамайтын, әдемі жануар.
    -Башқұрттық жылқылар біздікінен әлдеқайда артық. Олардан туған жабағы салмақты. Етінің сыртына да, ішіне де май жинайды. Біздің жылқылар сыртқа май көп жинамайды. Жылқы етінің сәнін келтіретін май емес пе?! Башқұрттық айғырдан шыққан құлындар өте төзімді. Өзіміздің жабымыз сәл күйі болмаса, әлсіреп қалады. Ал башқұрттық жабы күйін бермей солай тұра береді. Алдына не берсе де жей береді,- дейді Бақытжан Ержанов.
    Оның пікірінше, мал көбейту үшін күй талғамайтын мал ұстаған жақсы. Биыл башқұрттық тұқымнан 14 айғыр, 34 байтал сатып алынған. Негізгі пайда көзін құрап отырған да солар. Жергілікті жануарлар көңілге қонымсыз, күй талғайтын болғандықтан, көбіне бордақылауға жіберіледі екен. Асылтұқымды малдың бағасы 500 мың теңгеден кем емес. Ал қарапайым жануар оның жарты құнына әрең бағаланады.
    -Мейлі аз бола берсін, сапалы мал ұстаған дұрыс. Себебі, қарапайым малдан бағасы екі есе қымбат. Сәйкесінше, пайда да екі есеге көп. Келешегі бар. Шетелге ет сатсақ та, солардың еті өтімді,- дейді кәсіпкер.

    “Жабағыны биеден бөлек ұстап бағамыз”
    Шаруа қожалығының Хромтау ауданындағы Абай селосында 46 мың гектар жері бар. Бұл жерлерде ақбас сиырлар қыс әбден қатайғанша жайылады. Қыс кірген соң үш түрлі жеммен, үш түрлі шөппен ерекше бапталады. Шаруа қожалығы жаз бойына төрт түлікке арнап 3500 гектар жерге судан шөбін, 4000 гектар алқапқа еркекшөп егумен шұғылданады. Одан бөлек арпа, бидай өсіреді.
    -Судан шөбінің құрамында крахмал бар. Малға қажетті құнарлы заттарға өте бай. Бір табында 150-200 ірі қара бар десек, оған қыстайлыққа қажет 700 орама судан шөбі, 300 орама бидайық, 300 орама еркекшөп, 800 қап бидай ұнтағы, 500 қап ұнталған арпа, 300 қап ұнталған қара бидай да-йындаймыз. Мұндай күтім көрген жануарлар қыс көрмегендей болып тұрады. Мұның бәрі әрине, үлкен шығын. Мысалы, судан шөбінің бір орамасы 5000-6000 теңге тұрады. Жекелерге мұндай жағдай жасау қиын. Сондықтан, жылқыны өріске жібергенде жабағысын қасына қыстай ертіп жібереді. Біз желтоқсанның 1-10 аралығында бүкіл жабағыны енесінен айырамыз. Жылы қораға әкеліп қоямыз. Табиғаты сондай, бие өзінің буаз екеніне қарамастан, қарды теуіп жерден тапқан азығын әуелі қасындағы жабағысына береді. Теуіп беріп тұрады. Өзімен бірдей болып тұрған таймен қоса ішіндегі құлынды асыраған биенің көктемде діңкесі құриды. Не құлын әлсіз болып туылады, не бие іш тастайды. Біз осыны болдырмас үшін құлынды айырып аламыз. Есесіне келесі жылы туған жаңа құлын бір сағаттан кейін жүгіріп кетеді. Шығынның орны құлынмен екі есе толысады,- дейді басшы.
    Бақытжан Ержанов бие сауып, оның сүтін сатуға түбегейлі қарсы. Себебі, қазақ халқы ақты ешқашан сатпаған. Оны тек біреуге береді.
    -Ақты сатып ешкім байымаған. Сүт сатып отбасын асырап, жан бағу - менің тәрбиеме жатпайды. Бір жағынан құлын аш қалады. Құлын өз несібесін еме алмайды. Құлынды көлеңкенің астында, жем-шөбінің қасында ұстап, уақытылы суару керек. Желіге байланып, күнұзағына нәр татпаған, енесін кешке бір еметін жағдайы жоқ құлын өз мәнінде өсе алмайды,- дейді кәсіпкер.

    Қолдан ұрықтандыру - ең тиімді әдіс
    Шаруа қожалығы ірі қарамен шектеліп қалмай, қой шаруашылығына да бет бұрғалы отыр. Қожалық фермерлері жыл сайын қолдан ұрықтандырумен мал басын көбейтіп келеді. Себебі, бұл әдіс өте тиімді көрінеді. Қолдан ұрықтандырылған төл 15 күннің ішінде туылады.
    -Мәселен, сәуір айының ортасында ұрықтандырсақ, мамырдың бесінде туады. Бұл уақыт көктің нағыз көтеріліп жатқан кезі. Қой мен сиыр, бұзау мен қозы оттап кетуге ыңғайлы уақыт. Көптеген шаруашылықта мал ақпан-наурыз айларында төлдейді. Қыстың ортасында төл салқынды көтере алмай, көп жағдайда өліп қалады. Қолдан ұрықтандырылған малдардың барлығы біркелкі болады,- дейді Ержанов.

    Бордақылау бекеті жылына 2000 бас мал қабылдайды
    Шаруа қожалығы асылтұқымды бұқаларды жалға беріліп, әр басқа үкіметтен 100 мың теңге субсидия алып отыр. Бұқаларды екі жылдан артық пайдалануға болмайды. Екі жыл сиыр қашырған жануар бордақылау орнына жіберіледі. Ал сиырлар көп дегенде 7 рет бұзаулайды.
    -Асылтұқымды бұқадан туылған бұзау қарапайым бұзаудан салмақтырақ болады. Күзде тапсырғанда 200 мың теңгеге дейін ақша табады. Салмағы 250 -300 келіге жуықтайды. Қарапайым бұқадан шыққан бұзау 100 мың теңгені әрең шығарады. Айналып келгенде халыққа да ыңғайлы. Асылтұқымды бұқадан тараған бұзау төзімді, салмақты, күй талғамайды. Аздап берсең де, тез семіреді. Екі ай болғанда өзінің күйіне келіп болады. Ал қарапайым бұзаулар 5-6 ай бақсаң да келіп болмайды. Сол үшін асылтұқымды мал ұстау керек,- дейді қожалық басшысы.
    Шаруа қожалығына тиесілі төрт түлікті 40-тан астам малшы қарайды. Барлығы жеті нүкте бар. Бір нүктеде 3 табын сиыр, 1 табын жылқы бар.Әрбір малшыға жеке көлік бөлінген.
    Кәсіпорынның техникалық паркі заманауи құралдармен жабдықталған. Екі кейс кешен, екі дженнер комбайнның әрқайсысы 100 млн.теңгеге сатып алынған. 11 трактор бар, 3 тиегіш машина бар, бір бульдозер, жанармай тасымалдаушы бар. Жем-шөп таситын 4 камАЗ жұмыс істейді. Техниканың бәрін кәсіпкер өз қаражатына сатып алған.
    Кәсіпорын басындағы бордақылау бекетіне жеке адамдардан жылына 1500-2000 бас мал қабылданып тұрады. Мұнда көбіне базарда өз бағасына өтпей тұрған арық малдар кіргізіледі. Келісіне 650 теңгеден қабылданып, 10 айға дейін жем шөппен семіртіліп болған соң сойылады.
    Кәсіпкер алдағы уақытта үкіметтен жылына 5 пайыздық үстеме ақымен 1 миллиард теңге несие алып, сырттан 1600 ірі қара сатып алмақ ниетте. Қазір бұл мақсатқа орай Абай селосынан арнайы орын қосымша дайындалып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әулиекөл сиыры - отандық бренд
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге