Байғанинде сиыр қырылып жатыр

    Байғанинде сиыр қырылып жатыр

    Байғанин ауданында ірі қара мал сарыптан көз ашпай отыр. Ал тиісті мамандар болса, дертпен күресуге еш құлықсыз. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі ''Мұңалдың'' директоры Ғазиз Сауытов хабарлады.

    Қожалық басшысының пікірінше, малдан жоспарлы түрде емес, нақты қан алу керек. Себебі, шаруалардың несиеге алған жүздеген малының аяқ асты ауру жұқтырмасына ешкім кепілдік бермеген. – Көктем туысымен малдар бір-бірімен қосылып
    жайылады. Әлі күнге қан алынбаған, тіпті брюцеллездің ошағы болып тұрған жерлер бар. Сол жақтан әкеліп мал қосады. Аша деген жер бар. Жылда брюцеллез шыққан соң ол жерді биыл ошақ қылып қойды. Сол жерге сау малдарды әкетіп қосады. Күзге дейін көрсетпейді. Күзде келіп ауылға жұғады. Бір ауылдың өзінен 7 шаруа қожалығы брюцеллездің кесірінен сиырынан айырылып отыр,- дейді Ғазиз
    Сауытов. Ол ауылдағы шаруалардың жағдайын айтып аудандық ветеринарлық бөлімнен бастап облыстық басқармаға дейін шырылдап барғанын айтады. Алайда ондағылар “біздің құзыр-ымыздағы іс емес” деп жауап қатқан.
    - Кеңес үкіметі кезінде егілген дәрілер бар. Сол дәрілерді әкеліп малымды өзім үшін егіп жатырмын. Оған да рұқсат бергісі жоқ. Брюцеллезбен күресетін антибиотик дәрілер бар. Алғашында осылармен ектім. Алды 110 сиырдан, арты 40-50 сиырдан брюцеллезге шалдығып жатыр. Бір жылда 400 бастан брюцеллез шықты дейді. Малды бұлайша қыра берсек, халық қалай тұрады? Баршақұм ауылында сиырдың 70 пайызы кетті. Алтай батыр ауылында да брюцеллез шығып отыр. Ешкім нақты күреспейді. Брюцеллез шыққанда сойылды дейді, бірақ кейде сойылмай қалады,- деп күйіне сөйледі Сауытов. – Әкем марқұм мал дәрігері болған соң, бір жағынан малмен айналысып отырмыз, бәрін жастайымыздан көріп үйреніп келеміз. Дәріні де өзім әкеліп ізденіп жатырмын. Қазір, өз малына ие боп отырғандар шамалы. Малдарға шекара жоқ. Жайылымға бөтен малдар кіріп кетеді. Дәрілерді алайық, егейік десем, “ауру қозады” деп малдан хабары жоқтарды одан бетер үркітеді. Дәрінің құны 230 мал басына 250 мың теңгеге шықты. Оның алдында брюцеллезбен емдеу үшін егеміз. Үш күннен кейін таза болса да тағы егеміз. Бір сиырға 1600 теңгеден. Содан кейін қан алғыздым. Американдық РБ-51 деген екпе бар. Сонымен ветеринарлық станцияға алдын ала ескерту жасап, дерттің алдын алып жатырмын. Менің жағдайым бар, қу басымда қиындық жоқ. Ал жағдайы жоқ адамдар малын қалай қорғамақ? Алда-жалда мал дәрігері қажет болып, қан алатын мамандарды шақырсақ келмейді. Бірде көліктері сынып, енді бірде жанармайы таусылып қалады.
    Шаруаның жанайқайын тыңдаған “Керек.info” тілшісі аудандық ветеринарлық станцияға бет алды. Өздерін “Біз тек бұйрықты орындайтын қара жұмысшы ғанамыз” деп таныстырған қызметкерлер жағдайларын айтып қоя берді.
    - Үй-үйді аралап қан аламыз. Егеміз. Шыны керек, бара алмай қалатын жағдайлар болады. Көлік жағы өте қиын. Көнеден қалған тырқылдаған көлік не өзі бұзылады, не майы таусылып қалады. Көліктің қосалқы бөлшектері атымен жоқ. Жұмысымызға қажетті нәрселердің бәрін бір жылға үкімет төлеп қойған дегені қайда сонда?! Көктемде балшықтан аяқ алып жүре алмайтын кездер болады. Түскі кезде тамақтанбайтын кездеріміз қаншама. Жұмыс көп. Үлгеру керек. Мал иесі күтіп тұрмайды. Асып кеткен сағаттар төленіп жатқан жоқ. Кейде таңертең 5-те кеткеннен түнгі он жарымда бір қайтамыз. 6-7 сағат тегін істейміз. Алатынымыз 40-50 мың теңге. Жұмысқа киетін арнайы киіміміз жоқ. Еңбектің зияндылығы үшін 25 пайыз төленетін еді. Оны да қиып тастады. Біз малмен тікелей жұмыс жасаймыз. Аурудың дәл ошағында жүрміз деуге болады,- деп шырыл қақты ветеринар қызметшілер.
    Мекеме директоры орнында болмай шықты. Қызметкерлердің сөзіне сенсек, ауырып қалған. Ал директордың орынбасары Гүлбадан Сәдуова болса, “Біздер Байғанин аудандық ветеринарлық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мекеме болып есептелеміз. Сол жақтан келген жоспарды ғана орындаймыз” деп қысқа қайырды.
    Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бекарыс Алмағамбетовтің айтуынша, аудан бойынша биылғы жылдың бес
    айында 192 мал басынан брюцеллез дерті шыққан. Ауру малдардың көзі түгел жойылып, қайта өңдеуге тапсырылған.
    - Былтыр Қарауылкелді ауылдық округіне бір жыл бойына шектеу қойылды. Брюцеллезден толық тазартылды. Биыл Сарытоғай деген жерден шығып отыр. Қазір ол жерге де шектеу қойылды. Брюцеллез көбіне жекелеген тұрғындардың ауласындағы малдан шығып отыр. Сырттан мал әкелген уақытта жергілікті мал дәрігерлеріне тіркетіп қан алғызбастан қосып жібереді. Немесе іш тастаған бір сиыр дер кезінде көзі жойылмаған соң, бір қора жануарға ауру жұқтырады. Мал іш тастағанда тұрғындар хабарлас-пайды. Брюцеллез былтырғыға қарағанда едәуір азайып отыр. Өткен жылы 300-дің үстінде брюцеллезбен ауырған мал анықталды, - деді бөлім басшысы.
    “Керек.info” тілшісі аудан әкімінен де тіл тартпақ болған еді. Әкім орынбасары Жаңабай Жандарбек брюцеллезбен ешқандай күрес жүргізілмейтінін айтты. Себебі брюцеллез ауруы барлық елде бар. Жұмыс жоспарлы жүргізілетін болғандықтан, ветеринарлық станция талабына сәйкес малдың белгілі бір бөлігінен ғана қан алынуы мүмкін. Ондайда кейбір малдар екпеге түспей қалады. Брюцеллездің соңына дейін жойылмайтыны осыдан. Сондықтан, мал иесі өз жануарын мал дәрігеріне жиі қаратып тұруы қажет. Жандарбековтің сөзіне сенсек, Байғанинде брюцеллездің ешбір ошағы тіркелмеген. Ауруды тудырып отырған жеке қожалықтағы жалдамалы малшылар.
    - Қожалық иелері малын қыстай баққызып, көктемде қойшысына “сиыр басына 1000 теңгеден алып, жекенің малдарын қосып бақсаңшы” дейді. Осыдан келіп ошақ пайда болады. Ауру шыққан округке карантин салынады. Бұл мәселе мал дәрігерінің де, қарама-ғына мал алып отырған малшының да жауапкер-шілігінің төмен-дегінен туындап отыр. Бақташы барлық малдың егілгендігі, ауру еместігі жөнінде қағаз алып барып қосуға тиіс,- деді әкім орынбасары. – Брюцеллезге қарсы екпе жоқ. Себебі, біздің мемлекет етті экспортқа шығарады. Шет мемлекеттер брюцеллездің вакцинасын алған малдың етінен үзілді-кесілді бас тартады. Сондықтан екпеге шектеу қойылған.
    Жаңабай Жандарбеков ветеринар мамандардың жалақысы жөнінде ветеринарлық станция мекемесінің есепшісінен сұрап білді. – Бұл жұмыс зиянды еңбекке жатпайды. Тек зертханада қан сараптамасын жүргізетін қызметкерлерге ғана еңбек зияндылығы үшін төленеді. 2016 жылы азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа модулі енгізілді. Ол бойынша, ветеринарлық станция мекемесі шаруа құқығындағы кәсіпорын болғандықтан өзі ақша түсіру керек. Яғни, мемлекет бөлген қаражаттан бөлек ақылы қызмет көрсете алады. Ветеринарлық станция мамандары азаматтық қызметшіге жатпайды. Соған сәйкес, еңбек зияндылығы үшін де, ауылдық квота да төленбейді,- деп түсіндірді есепші телефон тұтқасынан.
    Бекарыс Алмағамбетовтің мәліметінше, ауданда 34 мың ірі қара, 115 мыңдай қой, 10 мың жылқы, 3350 түйе тіркелген. Өңірдің ветеринарлық қауіпсізідігін сақтауға биыл аудандық бюджеттен 70 млн.теңге бөлінді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Құтырма ауруы көбейді
  • Өрістегі мал арам өле бастады
  • Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды
  • Жамбылда бруцеллезге орай карантин жарияланды
  • Хлебодардың мал-жаны бруцеллезбен ауырып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге