Табиғат аясындағы “ең үздік” лагерь

    Табиғат аясындағы “ең үздік” лагерь

    Ақтөбедегі “Мұнайшы”лагерінің құрылғанына 30 жылдан астам уақыт болды. Биыл жаз маусымын салтанатты түрде ашқан демалыс орнында өзгерістер жетерлік. Осыған дейін лагерь балаларды тек 5 маусым ғана қабылдайтын еді. Енді бұл уақыт 7 маусымға дейін ұзарды. Табиғат аясындағы демалыстарын асыға күткен балалар лагердегі күндерін жақсы көңіл-күймен бастап кетті.

    Ақтілек Орынбасарова
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Қала шетінде орналасқан балаларға арналған “ Мұнайшы” жазғы лагерінің демалыс маусымы басталды. 7 маусымда ашылған лагерьге барлығы 2000-нан астам бала жолдама арқылы келеді. Бұл жерден мұнайшылардың балаларынан басқа көп балалы, жалғызбасты отбасының балалары да бар. Ашылу салтанатына тыңғылықты дайындалған балалар өздерінің ата-аналарын таң қалдырды. Бір-екі күн ішіндегі үйренген би, әсем ән, есте қаларлық көріністер бірнеше жылдың жемісіндей.
    -“СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ жыл сайын балаларға арналған жазғы демалыс маусымын ұйымдастырады. Облысымызға белгілі 30 жылдан астам тарихы бар, “Мұнайшы” лагері іргелі демалыс орындарының бірі. Балаларға арналған лагерь 1980 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жыл сайын облыс бойынша өтетін лагерьлер байқауында біздің лагерь ең үздік атаққа ие болады. Еліміздегі экономикалық дағдарысқа қарамастан балалар лагері жұмысын тоқтатқан жоқ. Жылдан жылға балаларға жағдай жақсарып келеді. Мекеме тарапынан оған арнайы қаржы қарастырылып отыр. Балаларға жақсы демалыс тілеймін. Балалар демалыстарын қызықты, тартымды етіп өткізу үшін, өзге лагерлерге үлгі болу үшін ең бастысы балалардың қызығушылықтары болуы керек. Алдағы уақытты мұнайшыларымыздың 900-дей баласы осында демалыстарын өткізетін болады. Біз балаларға көңілді балалық шақ сыйлай білуіміз керек. Орталықта балаларға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Ең бас-тысы тілерім балалар өз демалыс-тарын өте қызықты өткізсе екен,-дейді “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Жанжарық Күзембаев.
    Осы жаздың алғашқы демалыс маусымын салтанатты түрде ашқан ұйымдастырушылар балаларға құттықтау жолдап, көңілді демалыс тіледі. Қазақстан мен Қытай елдерінің мұнай-газ саласындағы әріптестігіне 20 жылдан асты. Лагерьде балалар жаз бойы 10 күн сайын келіп, демалатын болады. Балалар уақытын бос өткізбес үшін тәрбиешілер арнайы жоспармен жұмыс жасайды. Бұл лагерьдің басқадан ерекшелігі балалар күніне 6 рет тамақтанады. Қаладағы ең таңдаулы тәрбиешілер, арнайы көмекшілер, әдіскер, хореограф, диджей, спортшы мамандар да балалармен жұмыс жасайды.
    “Мұнайшы” лагерінің бірінші кезеңіне 300-ге жуық бала келді. Оның ішінде тек қала балалары ғана емес, Темір, Шұбарқұдық, Қандыағаш, Шалқар аудандарындағы өнеркәсіптік компания қызметкерлерінің балалары да бар. Оның басқа лагерьлерден артықшылығы - Қарғалы өзеніне жақын орналасуы. Лагерь табиғаты керемет, сұлу жерде орналасқан. Жатын орындары мен асхана санитарлық талаптарға сай жабдықталған. Дәрігерлер тазалықты күнделікті қадағалап отырады. Балаларға арналған спорт зал, асхана, шағын кинотеатр, жазғы сахна да салынған. Сонымен бірге футбол, волейбол, теннис ойнауға арналған алаңдар бар. Лагерь аумағы өте кең болғандықтан, балалардың еркін ойнап, жақсы демалуына барлық жағдай қарастырылған.Тәлімгерлер балалардың демалыс-тарын көңілді өткізуіне барын салады. “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” компаниясы биыл да демеушілік жасады. Мұнда ойын-сауық шараларынан тыс, сауықтыру бағдарламасы да бар. Оттегі коктейлі мен физио-терапия бөлмелері екінші жыл қатарынан жұмыстарын жалғастырады. “Мұнайшы” лагері осыдан 30 жыл бұрын мұнайшылардың балалары үшін салынған. Сол уақыттан бері 20 мыңнан астам бала демалған.
    -Биыл екінші жыл қатарынан осында келіп жатырмын. Өте қатты ұнайды. Тәрбиеші ағайлар мен апайлар туған бауырларымыздай. Көп достар табамыз. Осында алты мезгіл тамақтанамыз. Қызықты жерлерге жиі барамыз. Лагерьдегі уақытымыз бос өтіп жатқан жоқ. Өнерімізді ортаға салып, тәжірибе жинаймыз. Биыл лагерьді қатты сағынып келдім. Алда мені қызыққа толы күндер күтіп тұр,-дейді лагерь қатысушысы.
    Мұндағы барлық тағамды аспаздар мемлекеттік стандарттарға сәйкес, нормаларды толығымен сақтап отырып дайындайды. Ата-аналары да лагерь жұмысына ризашылықпен қарайды. Осындай сауықтыру орталығында жазғы демалыстарын өткізіп жатқандығына қуанады.
    -Айналаңды жасыл табиғатпен қоршаған лагерь маған қатты ұнайды. Осында ұлым жеңілдікпен жолдама алып келіп тұр. Жыл сайын осы легерьге асығамыз. Әкесі бұрғылаушы болып қызмет жасайды. Мұнай саласында қызметкерлердің балаларына керемет жеңілдіктер жасалған,-дейді лагерь қатысушысының анасы Назерке Сәндібаева.
    Сонымен қатар “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” компаниясының бас директоры Ван Цзюньжэнь балаларға жазғы демалыстарына сәттілік тілеп, болашақта Қытай еліне оқуға шақырды.
    Айта кетейік, жыл сайын жаз маусымында балаларды қабылдап жүрген “Мұнайшы” лагерінде бірнеше жеңілдіктер бар. Әр жылы 5 маусым қатарынан балаларды қабылдайтын лагерь, жеті маусымға ұзартылды. Енді лагерь 14 күн емес, 10 күнге қысқарды. Балаларды көп қабылдау мақсатында осындай өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар бір жолдаманың құны осы уақытқа дейін 60 000 теңгені құраған еді. Ендігі кезекте бір жолдама құны 47 000 теңге болды. Өткен жылдан қарағанда әр маусым сайын 300-ден артық балдырғанды қабылдай алады. 14 жасқа дейінгі әр бала “Мұнайшы” лагерінде көңілді демалыс өткізді. Лагерь директоры Лариса Ақажанованың айтуынша жыл сайын лагерьге келетін балалар саны артқан.
    -Барлық балаға ыңғайлы жағдай жасалады. Олар тек табиғат аясындағы лагерьде демалмайды, әр түрлі экскурсияға барады. Міне, енді ғана алғашқы маусым басталып жатыр. Жаздың үш айында да лагерьге қабылдау жүретін болады. Маусым, тамыз, шілде айларының барлығында да балалар лагерьге келе алады. Соңғы жабылу салтанаты сабақ басталар уақытқа 10 күн жетпей аяқталады. Әр жылы лагерь қатысушыларына керемет естен кетпес күндер сыйлауға тырысамыз,-дейді “Мұнайшы” лагерінің директоры Лариса Ақажанова.
    “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ балаларға сапалы әрі қауіпсіз демалыс ұйымдастыра отырып, атаулы әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын мысалын көрсетіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лагерь ашылады
  • “Әкім” басқаратын лагерь
  • Қарғалыдағы қызықты күндер
  • “Достық” лагері үшінші маусымына кірісті
  • “Жаз жайнатып, күн күлдіріп...”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге