Қызылбұлақ ауылы көркейіп келеді

    Қызылбұлақ ауылы көркейіп келеді

    Байғанин ауданына қарасты Қызылбұлақ ауылдық округінің халқы биыл ерекше қуанышты. Себебі бұл өңірге жуырда ауыз су жүргізіліп, газ тартылмақ. Сөйтіп осы жылдың өзінде 40-қа жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Кәсіпкерлер де ауылдың шет-шетінен азық-түлік дүкендері мен шаштараз, сондай-ақ киім дүкендерін ашып қойған. Жуырда тойхана ашылып қалуы да ғажап емес. Шалғайда жатса да қалаға тән ырғақпен дамып келе жатқан ауылдың өзге де жаңалықтарын “Керек.info” тілшісіне округ әкімі Жалғас Талдықов баяндап берді.

    Үш ауылға тегін газ беріледі

    Округ орталығы болып саналатын Кемерши ауылы аудан басынан 110 шақырымда орналасқан. Ақтөбеден 300 шақырым шалғайда жатыр. Ауылдың көркі жыл өткен сайын жаңғырып келеді. Үйлердің ауласы қоршалып, төбесі заманауи құрылыс материалдарымен жабдықталған. Көшенің бойы жинақы. Бұған қарап халықтың жағдайы жақсы екенін аңғару қиын емес. Көп ұзамай әр үйге газ тартылып, ауыз су кіргелі отыр. Округке қарасты Жаңатаң ауылының маңынан салынып жатқан “Газ процессинг компани” газ өңдеу зауытының құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бұлай Жаңажол аумағында ауаны ластап, текке жанып тұрған бүкіл шырақ сөндіріліп, ілеспе газ жаңа зауытқа айдалатын болады. Зауыттан айырылған газ «Бұқара-Орал» халықаралық газ құбыры магистраліне апарып қосылады. Зауыт құрылысына Жаңатаң, Бұлақтыкөл және Кемершидің жұмысшы
    жастарынан отыз шақты адам қабылданған.
    -2019 жылға дейін екі жылға жұмысқа кіріп жатыр. Он бес күн жасап орташа 120-150 мың теңге айлық алады,- дейді ауылдық округтің әкімі Жалғас Талдықов.
    Оның айтуынша, үш ауылдың халқы қи-тезектің орнына келер жылдан бастап газ жағатын болады. Қазір Бұлақтыкөл мен Жаңатаңға ауылішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталып кеткен. “Аман мұнай” ЖШС-не тиесілі мұнай кен орнынан келетін ілеспе газды тұрғындар өмір бойы тегін тұтынады. Газ жүргізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 700 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
    Жалғас Талдықовтың мәлімдеуінше, Кемершиге су тарту жұмыстары да аяқталуға әбден жақын. Бұл шаруамен “ЭлитСтройСервисАқтөбе” ЖШС айналысып жатыр.
    Ауылдан бір шақырым маңнан 60 метр тереңдікте екі су ұңғымасы қазылған. Оның біреуі қосымша қор ретінде жұмыс істейтін болады. Ұңғымадан бір шақырымда су сорғыш станция орналасқан. Сорғы станциясының айналасы қоршаумен бекітіліп, ішіне сыйымдылығы 300 куб метр болатын су қоймасы қойылған.
    -Үш адамды операторлыққа арнайы оқытып, өндірістік тәжірибеден өткізіп дайындап жатырмыз. Су тарту мәселесі бойынша негізгі жұмыстар бітті,- деді ауыл әкімі. Оның айтуынша, мердігерлер ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 10 отбасыға су ағатын пластик құбыр мен шүмекті тегін орнатып беруге ниет танытқан.

    Дәрігерлік
    амбулатория
    ашылады

    Кемерши халқын биыл күзде фельдшерлік пункттің ашылуы күтіп тұр. Дәрігерлік амбулатория мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің негізінде салынбақ. Ақтөбелік “Кәусар” жеке кәсіпкерлігіне қазіргі таңда ғимарат құрылысын бастауға жер берілген. Орталық көшеден орын тебетін фельдшерлік пункттің аумағы 570 шаршы метр. Ескі
    пунктте тек күндізгі стационар жұмыс істеп келсе, науқастарға ендігі жерде жаңа амбулаторияда жатып емделуге мүмкіндік туады.

    Кәсіпкерлердің көмегімен көп іс тынып жатыр

    Ауылды дамытуға өңірдегі кәсіпкерлер де көп қолдау танытып келеді. Мәселен, Кемершиде 2013 жылдан бері пайдаланылмай тұрған Мәдениет үйі өткен жылы “Сағыз петролеум” компаниясының демеушілігімен күрделі жөндеуден өткізілген. Клубқа су жаңа 300 орындық қойылды. Компания өнер ошағын жөндеу жұмыстарына 5 миллион теңге қаржылай көмек берген. Ал “Ұлы Қабырға” компаниясының қолдауымен Жаңатаң елдімекенінде футбол алаңы бой көтерді. Жасанды жабындымен көмкерілген жап-жасыл ойын аумағының көлемі 288 шаршы метр. Спорт алаңын салуға компания 7 миллион теңге қаражат құйған. Ал ауылдан шыққан ақтөбелік кәсіпкер Темірхан Құлбасов биылғы жылдың мамыр айында еркін күрестен ауданаралық жарыс өткізуге демеушілік жасаған.
    -Ауылдың сыртындағы “Таза табиғат” ЖШС-і қыс бойы екі ауылдың жолын қардан тазалап, жазда қоқыс тасуға қолғабыс тигізіп жүр. Өрттің алдын алу үшін жаз туа салысымен Қызылбұлақ аумағына тиесілі 200 шақырым жерді жыртып берді. Бұл дегеніміз ауыл мен қаланың аралығы секілді. Жақында ғана аз қамтылған отбасының балаларына спорттық тауарлар мен киімдер алып беруге өздері бастап ниет танытып еді. Біз әзірге Кемерши ауылы бойынша 15 отбасының тізімін бердік. Жаңа оқу жылына дейін қалған екі ауылдың балаларына да тауар әпереміз деп отыр,- дейді Жалғас Нұртазаұлы.
    Жақында ғана "Бақытты бала" жобасы аясында Кемершиде балалар ойын алаңы ашылды.
    -Ойын алаңының ашылуына жерлесіміз Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Байғанин ауданының "Құрметті азаматы" Қажығали Мұхамбетқалиев келіп лентасын қиды. Сонымен қатар, "Туған жерге тағзым" акциясы негізінде оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды,- дейді әкім.
    Бұл ауылда балабақша 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда қазірдің өзінде 50-ден астам бүлдіршін тәлім алып жатыр.

    Азық-түлік бағасы қымбат емес

    Қызылбұлақ ауылдық округінде жеке кәсіпкерлік те жыл санап даму үстінде. 32 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкер және бір ауылшаруашылық кооперативі мен екі ЖШС бар. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына Жаңатаң ауылында бір дүкен, Кемершиде үш сауда дүкені қызмет көрсетеді.
    -Азық-түлікті жан-жақтан тасып отырған жоқпыз. Дүкендердегі баға қала дүкендерінікінен қымбат емес. Екі киім дүкеніміз де бар. Шаштараз жұмыс жасап тұр. Тойхана салам деушілер де жоқ емес. Олар енді газдың кіргенін күтіп отыр,- дейді ауыл әкімі.
    Оның айтуынша, жақында мал және құс өсірумен айналысатын “Бекжан” шаруа қожалығы ашылмақ. Қожалыққа 1000 гектар беріледі. Бизнес жоспар бо-йынша, шаруалар жаз мезгілінде көкөніс отырғызып, өзен бойында шабындық оруды кәсіп етеді. Ал “Ерасыл” шаруа қожалығы “Егіндібұлақтан” үш гектар жерге биылдан бастап барлық көкөніс түрін егіп жатыр. Әкімнің айтуынша, көкөніс егумен жуық арада ешкім айналыспаған.

    Жаңадан екі
    мектеп салынады

    Ауыл әкімі Жалғас Талдықов мектеп оқушыларының да жетістігімен мақтанды. Шәкірттердің білімі мен тәрбие деңгейі биік екенін атап өтті. Айтуынша, Кемерши ауылының ұстазы Досымжан Мұңаловтың баулыған балалары еркін күрестен халықаралық жарыстарға қатысып, жеңіспен оралып жүр. Балалар қазір Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебінде тәлімін жалғастырып келеді. Ал жаңатаңдық жаттықтырушы Ебесов Медеттің шәкірті Заманбек Қанатұлы Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында әлемдік деңгейде өткен белбеу күресінен жеңіспен оралды. 23 жасар спорт шебері өзінің бұл жеңісін Байғанин ауданының 90 жылдығына арнайтынын айтқан. Ауылда тағы екі спортшы бала спорт шеберіне үміткер. Өткен оқу жылы Бұлақтыкөл және Кемерши ауылдарынан бес түлек алтын белгіге ие болды. Көркем сөз оқу шебері Қазина Нұртазина биыл “Әлем таланттары” байқауының екінші орын жеңімпазы атанса, былтыр Ақтөбеде өткен “Ақбөбек-V” халықаралық балалар шығармашылық байқауына қатысып көркем сөз оқу номинация-сы бойынша Гран При иеленді.
    Жетістіктерімен ауыл ұстаздарын қуантып жүрген жаңатаңдық оқушыларға арналып биыл 100 орындық мектептің құрылысы бас-–талады. Оған облыстық бюджеттен 440 миллион теңге бөлінген. Жаңа мектеп екіқабатты болады деп күтіліп отыр. Онда барлық пәндік кабинеттермен бірге спорттық зал ашылады. Дәл осындай 100 орындық білім ордасы Бұлақтыкөл ауылында да салынбақ.
    Ауыл жастары Жаңатаңда “Туған жерге тағзым” шарасы аясында “Келінтөбенің” құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл мақсатқа жастар бір миллион теңгенің жобасында қаражат жинаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Төрт түлігі түгел өрген ауыл
  • Ақтөбе маңынан 600 орындық заманауи мектеп ашылды
  • БОЗОЙДА БӘРІ ЖАҚСЫ
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Ауыл әкімдерінің есебі: Кереғар пікірлер алаңы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге