Шаруа қожалығы 700-ге жуық мұғалжар тұқымды жылқы өсіруде

    Жылқы қазақ үшін қасиетті, сұлу мал болып есептеледі. Халық байлықты да жылқымен бағалаған. “Біреу бай десе, қанша жылқысы бар екен” деп сұрайтыны сондықтан. Қазақтың “Мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын” деген сөз тіркесі де төрт түліктің осы түріне арналады. Ал Ақтөбе облысында жылқы десе ойыңа алдымен мұғалжар тұқымы оралады. “Керек info” газетінің кезекті санында асыл тұқымды жылқыны көбейтумен айналысатын “Құмжарған” ЖШС-гі туралы әңгімелейтін боламыз.

    Мұғалжар ауданындағы “Құмжарған” ЖШС-гі 2006 жылдан бері асыл тұқымды жылқы өсіріп, оны сатумен айналысады. Бүгінде мұнда 700-ге жуық мұғалжар тұқымы бар.
    - Шаруа қожалығы бұрынғы Жұрын совхозының негізінде ашылды. Кеңес үкіметі кезінде Мұғалжарда жылқы зауыты болған. Алайда кейін зауыт тарап, шаруалар мал басынан айрылып қалды. Ал “Құмжарған” шаруа қожалығы таза қанды мұғалжар тұқымын сақтап қалды. Негізінен асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сатумен айналысып отырмыз. Қазір шаруашылықта 700 –ге жуық мұғалжар тұқымды жылқы бар,-дейді ЖШС-нің атқарушы директоры Мейірхан Қазбеков.
    Шаруа қожалығы Жем өзенінің, Ембі мен Жаңажолға баратын тас жолдың бойында орналасқан. Қазір жылқы тұқымын асылдандырып,оны Қазақстанның түкпір-түкпіріне сатып отыр. Мұғалжар тұқымының қыр-сырына қанық шаруа олардың ерекше баптауды қажет ептейтін, төзімді жануар екенін айтады.
    -Мұғалжар тұқымы жыл бойы тебінде жүретіндігімен ерекшеленеді. Қысы-жазы далалық алқапта жүреді. Суыққа төзімді. Қардың қалыңдығына қарамай, шөпті жерден қазып жейді. Күй талғамайды. Әрі
    айғырлары үйірін шашау шығармай ұстайды. Сондықтан болар, көбіне еліміздің қысы қатты өңірлерінде сұраныс өте жоғары. Көбіне 2-2,5 жастағы еркек құнандарды өсіріп, сатылымға шығарамыз. Олардың салмағы 435-455 келі тартады. Жылқылар жабайы күйінде, жайылымда жүрген жерінен ұстап әкелінеді. Әсіресе, қыс, күз айларында жылқыға сұраныс артады. Биылдыққа 27 бас жылқы саттым. Мұғалжар жылқысын тек Ақтөбе облысының аудандары ғана сатып алмайды. Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай мен Қарағанды облыстарынан келіп, сатып алатындар бар,-дейді ол.
    “Құмжарған” ЖШС Ақтөбе облысындағы ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының республикалық палатасына мүшелікке енген. Алайда жылқы өнімдерін өндірмейді. Тек асыл тұқымды мал басын көбейтіп, оны сатумен айналысып отыр. Мұны шаруа қожалығының басшысы жердің шалғайлығымен түсіндіреді.
    -Шаруа қожалығы Ақтөбе қаласынан 250 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан бие сауып, оны сату қиын. Қымызды сақтау қиын, тез бұзылады. Қала маңындағы шаруашылықтарды білемін. Олар қымызды саумал түрінде не дайын күйінде сатады. Жер шалғай болғандықтан, оны қалаға жеткізу мәселе бар. Көлік қатынасы да қиын. Сол себепті жылқыдан ешқандай өнім алып отырған жоқпыз, -дейді Мейірхан Қазбеков.
    Оның айтуынша, асыл тұқымды мал басын сатқаны үшін шаруаларға субсидия төленбейді. Дегенмен сатып алушылар әр жылқы үшін мемлекеттен 100 мың теңгеден алады.
    Бұдан бөлек шаруа қожалығы етті және биязы жүнді цигай қойын өсіреді. Ол сыртқы түрі мен жүнінің сапасы жағынан меринос қойына ұқсас келеді. Өзі далалық өңірдің табиғи жағдайына көнбіс. Ал жүнінен әр түрлі тоқыма бұйымдар, терісінен сең-сең тон, т.б. жасалады және сапиян былғары алынады.
    -Қазір шаруашылықта 300-ден астам қой бар. Елімізде асыл тұқымды цигай қойын өсіретін екі шаруашылық қана бар көрінеді. Оның бірі-“Құмжарған” ЖШС. Ал екіншісі Алға ауданының Тоқмансай ауылында орналасқан. Бұл туралы өткен жылы республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы палатасынан келген ғалымдар айтты. Бұл тұқымның басты ерекшелігі жартылай биязы жүнінің болуында. Осыған дейін жүнді өткізу қиын болған еді. Ал былтырдан бастап оған сұраныс артты. Қазір жүнді өңдеуші өндіріске өткізгеніміз үшін мемлекеттен субсидия алып отырмыз. Әр келісіне 100 теңгеден төленеді. Былтыр 12 тонна жүн тапсырып, 1 млн 200 мың теңге субсидия алдық. Соңғы жылдары қойдың етін сату да қиын болған еді. Биыл қазақстандық компаниялардың бірі қызығушылық танытып отыр. Бұйыртса, бұл жоба күзде жүзеге аспақ. Кәсіпорын қойды бордақылап, оның етін өңдейді. Кейін ірі партиямен Иранға өткізеді. Осыдан 4-5 жыл бұрын еркек қошқарларды Ресейге сатқан еді. Әзірге шетелге шығара алмай отырмыз. Ол үшін ет үлкен көлемде болуы керек,-дейді кәсіпкер.
    Мұғалжарлық шаруа қой өткізгені үшін мемлекеттен субсидия алады.
    -Өткен жылы әр аналық саулық қойдың басына 2,5 мың теңгеден субсидия алдық. Бұл- шаруаларға үлкен қолдау. Асыл тұқымды цигай қойының басты ерекшелігі, ол майды тек құйрығына ғана емес, қабырғасына да жинайды. Әрине, салмағы қазақы қойға қарағанда аздау. Дегенмен етті келеді. Мәселен, қазақы қойдың құйрығын алып тастасаңыз, жартылай қоңды болып шыға келмей ме?!-дейді шаруа.
    Қазір шаруа қожалығының иелігінде 30-ға жуық техника жұмыс істеп тұр. Оның ішінде К-700, МТЗ-80 тракторлары мен шөп шабатын және тиейтін техникалар бар. Жылына 18-20 центнер шөп шауып, мал азығын дайындайды. Тіпті өзінің көлік жөндейтін жеке шеберханасы да бар. Онда Жұрын совхозының кезіндегі құрал-жабдықтардың барлығы сол күйі сақталып тұр. Кәсіпкер жаңа ауылшаруашылығы техникаларының бірқатарын “КазАгроФинанс” АҚ арқылы лизингке алыпты.
    -2014 жылы “КазАгроФинанс” АҚ арқылы 2 МТЗ-80 тракторын және шөп буатын техниканы 7 жылға лизингпен сатып алдық.Оның әрқайсысының құны 3 млн 700 мың теңге тұрады. Мемлекет оның 50 пайызын субсидия ретінде кері қайтарды. Бір жылдан соң Камаз жүк көлігін алдық. Қазір техниканың лизингтік мерзімі аяқталып, жеке меншікке өтті. Мемлекет шөп буатын техникаға төленген 1 млн 800 мың теңгенің де тең жартысын қайтарып берді,-дейді ол.
    Шаруа қожалығы 38 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өзінің жеке кеңсесі, бас зоотехнигі, мал дәрігері мен инженері де бар. Алайда кәсіпкер мал бағатын маманның аздығын айтады. Әсіресе, қойшылар аздық етеді. Көбісі зейнет жасына жақындап қалған.
    -Кадр тапшылығы бар. Бұл тек біздің ғана емес, бүкіл Қазақстандағы мал шаруашылығының мәселесі десек болады. Қазақ “ Малды малдай адам бағады” дейді ғой. Яғни, төрт түліктің жағдайын біліп, соған көне білген адам ғана оның бабын біледі, бар қиындыққа төзеді. Қазір менде 6 жылқышы бар. Олар тұрақты, ауысыммен жұмыс істейді. Уақытылы жалақысын да алады. Бірақ қойшылар жетіспейді. Қазір мал бағып жүргендердің көбісі зейнет жасына жақындап қалды. Басты мәселеміз осы. Осыған дейін ебін тауып, тығырықтан шығып келдік. Ендігісін уақыт көрсетеді,-дейді Мейірхан Қазбеков.
    Шаруа қожалығында қой мен жылқыдан бөлек мүйізді ірі қара да бар. Бас-аяғы 50-60 шақты. Кәсіпкер алдағы уақытта мал басын көбейтіп, 300 бас асыл тұқымды қашар сатып алғысы келеді. Айта кетелік, Ақтөбе облысының ең ірі ауданы саналатын Мұғалжарда мал шаруашылығы етті сиыр, қой және асыл тұқымды жылқы бағытында дамыған. Қазір аймақта мұғалжар тұқымынан бөлек қазақтың жабы, көшім тұқымды жылқылары да өсіріледі. Асыл тұқымды жылқылар “Құмжарған” ЖШС-гі, “Тайбурыл” шаруа қожалығы мен “Көктас” АҚ көп кездеседі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге