Ет кластері мал басын жаңа тәсілмен көбейте бастады

    Ақтөбе ет кластері асыл тұқымды мал басын көбейтудің жаңа әдісін қолға алды. Біржынысты ұрықпен ұрықтандыру тәсіліне шаруалар туыстас малдардың шағылысуын болдырмау үшін көшкен. Жаңа әдіс экономикалық жағынан кәсіпкерлер үшін де тиімді көрінеді.

    “Ақтөбе ет кластері” – мал шаруашылығымен айналысатын еліміздегі ең ірі серіктестік. Мұндағы мал қатары жақында ғана “Агронесиекорпорациясының” несиелендіруімен 2500 ірі қараға толықты. “Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы” арқылы алыс шетелден сатып алынған әр малға үкімет 225 мың теңге субсидия береді. Жаңадан келген жас қашарларды қосқанда серіктестікте қазір барлығы 12185 бас ірі қара бар. Барлығы да асылтұқымды абердин-ангус сиыры. Жануарлар жазда өрісте жайылып, қыста жабық алаңда күтіп-бапталады. Қопа, Құдықсай, Бөгетсай елдімекендері маңындағы жаздық жайылымының алқабы 180 мың гектар. Өте үлкен болғанымен, бұл жерге сырттан ешқандай мал кіре алмайды. Себебі өріс аумағы қатаң бақылауға алынып, қоршалып қойған. Кәсіпкерлер мал басын көбейтуді ғана ойламай, жануарлардың жағдайын да алдын-ала ескерген. Шаруалардың тәжірибесіне қарағанда, далалықтың шөбі шүйгін, жайылуға қолайлы болғанымен көбіне сусыз келеді. Сондықтан қазір өріс алқаптарында қосымша күн сәулелік, желдік су жабдықтары қондырылып жатыр.
    -Далалықтағы бұрыннан тоқтап тұрған бөгеттерді қайта қалпына келтіріп, жиырма шақты күн сәулелік, желдік су жабдықтарын қондырып жатырмыз. Бұрын он шақты су жабдықтары мен жайылым айналасындағы өзендерден суаратын едік. Қазір мал басы көбейгесін, ол жерлерге сыймай жатыр,- дейді “Ақтөбе ет кластері” ЖШС директоры Оразақ Самұратов.
    Оның айтуынша, сиырлар көбіне қолдан ұрықтандырылып келеді. Биыл 450 қашарға канадалық жоғары өнімді бұқалардың ұрығы салынбақ. Бұл қашарлар біржынысты ұрықпен ұрықтандырудың арқасында тек еркек бұзау туатын болады.
    -Ұрғашы малдар өзімізде жетеді. Бұл тәжірибені тек бұқа алу үшін, әрі туыстас малдардың бір-бірімен шағылыспасы үшін қолға алып отырмыз. Канадалықтарға еркек малға тапсырыс бердік. Эмбрион арқылы алынған асыл тұқымды бұқаның құны арзанға шығады. Шетелде асылтұқымды бұқаның бағасы 7-10 мың доллар. Ал ұрықтай алсақ бір бұқаның құны 300 мың теңгеге бағаланады. Құны бір миллион доллар болатын бұқалар да бар. Мұндай тәжірибені биыл бірінші рет қолданғалы отырмыз. Жақсы нәтиже берсе, кейінгі жылдары қайталайтын боламыз,- деді серіктестік директоры.
    Абердин-ангус сиыры етпен айналысатын шаруашылықтарға өте тиімді. Біріншіден, бұзаулары туылғанда кішкентай болғанымен, әрі қарай өте тез өседі. Себебі, енесінің сүті майлы. Төлінің салмағы бір жасқа толғанда 300 келі болады. Жақсы күтіп-бапталғандарының арасында 400 келі беретіндері де бар. Абердин-ангус сиырының аналық сезімі де мол. Жетім қалған бұзауды еш тепсінбей емізе береді.
    -Бұл сиырлар майды еттің әр қабықшасына жинайтындықтан, кесілген еттің көрінісі мәрмәрге ұқсайды. Сондықтан ангус сиырының етін мәрмәр ет деп атап кеткен. Қуырған кезде май еріп, еттің ішіне әбден сіңіп кетеді. Май сіңген еттің дәмі айрықша, піскенде құрғап қатып кетпейді,- дейді Оразақ Самұратов.
    Серіктестікке тиесілі он екі мыңнан астам сиырды бақташылар жаз мезгілінде табын-табынға бөліп бағады. Бір табынға үш малшы жауапты. Табында 250 сиыр төлімен бар. Егер табын ішінде малдар ылғи жас болса, 400 басқа дейін кеңейеді. Малшылар жаздыкүні орташа есеппен 250-300 мың теңге айлық алады. Олардың жалақысы жұмыс орындауына байланысты мал басына қарай есептелінеді.
    -Былтыр қысқа 8000 баспен кірдік. Оған 18 мың тонна шөп дайындадық. Биыл 11500 бас-ты қыстауға алып қаламыз деп
    отырмыз. Шөп былтырғыдан екі есе көп қажет. Шамамен 35 мың тоннадай дайындауымыз керек,- дейді директор. - Биылдан бастап шаруа қожалықтарына 7 жылға жалға береміз. Бұрын қашарларды өзіміз қашырып күзден бастап тарататын едік. Биыл сиырларды бұқалармен қосып беріп жатырмыз. Мәселен, жүз бас қашарға алты бұқа береміз. Бұқаларды екі жылда бір ауыстырып оты-рамыз. Бізден алған 100 бас сиырды шаруа қожалықтары жеті жылдың ішінде 300 бас қылып қайтарады. Оның 200-і еркек, 100-і ұрғашы төл болуы шарт. Төлдің жасы 12 айдан кем болмауы қажет. Бұл малдарды жыл сайын шамасы келгенінше бөліп-бөліп қайтаруы мүмкін. Бастапқыда жалға алынған 100 басты өздерінде қалдырады. Жергілікті сиырларға қарағанда ангустар өте тез өсіп жетілетін көрінеді. Етті, әрі салмақты. Сондықтан болар облыстағы шаруалар осы тұқымға көбірек қызығушылық танытқан. Малдың бұл түрі біздің өңірде 2012 жылдан бастап өсіріліп келеді. Бұдан өзге Ақтөбе облысы аумағында ақбас сиыр, әулиекөл, герефорд тұқымды ірі қаралар қолданыста жүр. Өзінің биологиялық ерекшеліктерін көрсету үшін жақсы азықтандырып, бағып-күтуді қажет етеді. Сондықтан да Абердин-ангус сиырын жем-шөп қоры мол, ауа-райы қоңыр-салқын келетін аудандарда өсіру тиімді. Абердин-ангус сиыры Батыс Қазақстанда өндірістік будаңдастыру және жергілікті мүйізді ірі қара малдың жаңа тұқымдық топтары мен Қостанай облысында кең тараған Әулиекөл сиырын шығаруда пайдаланылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеге 2500 америкалық сиыр әкелінді
  • Күй талғамайтын мал шаруаға тиімді
  • Әулиекөл сиыры - отандық бренд
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Шаруаның қамын күйттеген кооператив
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге