Ақтөбеде марал шипажайы ашылды

    Ақтөбеде марал шипажайы ашылды

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында “Зәру” пантоемдеу шипажайы ашылды. Батыс өңірінде алғаш рет ашылған марал мүйізімен емдеу шипажайы көптің қызығушылығын тудырды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты.

    Бір жарым жыл ішінде салынған марал шипа-жайына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ризашы-лығын білдірді. Отбасылық бизнесті болашақта әрі қарай жандандырамын деп отырған Бану Тілегенова бизнестің негізгі идея салушысы жолдасы Ертарғын болғанын айтып өтті.
    -Отбасылық бизнеспен шұғыл-данып келе жатырғанымызға
    25 жылдан астам уақыт болды. Осы жылдар ішінде кәсібімізді дамытып, ісімізді өркендету үшін Үкімет тарапынан бірнеше рет мемлекеттік қолдауға ие болдық. Оның ішінде, жиырма жылдан бері қарай “Банк центр кредит” акционерлік қоғамымен тығыз байланыс орнатып үлгердік. Ол үшін де әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып жүрміз. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы аталған банктен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау негізінде қомақты қаражатқа қол жеткізіп, қаражатты марал шаруашылығын дамыту ісіне жұмсадық. Біздерге облыстағы кәсіпкерлер палатасы бізге сервистік жағынан көмектесті. Көп жылдар жасаған еңбегіміздің нәтижесінде жасап жатырған марал шаруашылығының аяғынан тік тұрып кетуі үшін барын салып жатырмыз. Қазан ауылындағы банкрот деп танылған жер телімін иеленіп, қазір осы маңда марал шаруашылығын дамытуды қолға алдық. Осы орайда жергілікті әкімдіктің қолдауын да көрдік. Бүгінде жер учаскесі түгелімен қоршауға алынды. Себебі маралдар қауіпсіз әрі еркін жайылуы керек. Марал өсіру шаруашылығын ашудағы басты мақсатымыз – тұрғындардың денсаулығын жақсартуға өз үлесімізді қосу, халықтың денсаулығын жақсарту. Былтыр қалаға 150 марал әкелініп, ісімізді енді бастап жатырмыз,- дейді кәсіпкер Бану Тілегенова.
    Мемлекет қаражаты бұғы мүйізімен емдейтін емхана-шипажайдың екі қабатты ғимара-тының құрылысы мен оның жанында жұмыс жасап жатқан марал өсіру фермасына да қолданылды. Жергілікті органдар Қазан ауылына жақын маңдағы фермаға 700 гектар және шипажайға тағы 1 гектар жер бөлген.
    Шипажай Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген 150-ден аса марал емдеу шикізатымен қамтамасыз етілетін болады. Келешекте марал мүйізінің негізінде биологиялық қоспалар шығару жоспарда бар. Шипажайдың алғашқы келушілері 25 маусымда түсті. Пантотерапия курсының ұзақтығы 5-10 күн.
    -Мен осында тек ақтөбеліктер ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көршілес өңірлерінің тұрғындары да келеді деп ойлаймын. Қазіргі заманғы пантомен емдеу емханасының ашылуы - дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы мен табыс-ты аймақаралық ынтымақтастықты белсенді дамытудың айғағы. Біз аграрлық секторда облыс үшін таңсық өндірістің түрлерін қолдау арқылы экономиканың бұрын игерілмеген әлеуетін пайдаланып, ең бастысы - азаматтарымызды өз өндірісіміздің пайдалы өнімдерімен қамтамасыз етеміз. Үнемі сиыр, қой, жылқы, шошқа өсіріп қана қоймай, оның басқа да түрлерін өсіруіміз қажет. Себебі Ақтөбенің табиғаты жануарлардың өзге де түрлерін өсіруге қолайлы. Кәсіпкер Бану Ғалиқызына осындай ұсыныс жасалған болатын. Осыдан тура бір жарым жыл бұрын Мәртөкке кіреберіс тұста бұл кісі маған марал шаруашылығын ашу турасында таныстырылым жасады.Міне соның жемісін өздеріңізде көріп тұрсыздар. Жақында ғана марал шаруашылығында болдым. Шынын айтсам, маралдардың біразы өліп қалған шығар деп ойладым. Жануарлардың қаншасы қалғанын сұрағанымда: “Бірде-бірі өлген жоқ, бәрі тірі”,- деген кезде қатты таңғалдым. Сөйтсем, менікі дұрыс емес екен. Ақтөбенің табиғатында марал өсіруге болатыны дәлелденіп отыр,-дейді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.
    Ашылу салтанатына сондай-ақ, республикалық марал шаруашылығы палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаров та қатысты. Ол ақтөбеліктерді атаулы оқиғаларымен және Шығыс Қазақстанның, енді Ақтөбе облысының марал өсіру саласын белсенді түрде дамытқандары үшін құттықтап, Бердібек Сапарбаевқа аталмыш саланың үздігі төсбелгісін табыс етті.
    -Ақтөбе облысындағы марал шаруашылығын қолға алудағы алғашқы тәжірибе. Оның үстіне, ақтөбелік кәсіпкерлер мүйізбен емдеу шипажайын ашып отыр. Бұл – бірегей жоба. Бұл орайда кәсіпкер өзіне пайда табумен қатар, бірінші кезекте аймақтағы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға айрықша басымдық беріп отыр. Марал өнімімен емделудің тиімділігін әлем елдері біледі. Енді ақтөбеліктерге Корея мен Қытайға барып, ақша шығарып емделудің қажеті жоқ. Барлық емге қажетті процедураны осы жерден қабылдауға болады. Марал өсіруге Ақтөбе табиғаты аса қолайлы болмағанымен, кәсіпкерлер бұл жануардың барлық жағдайын жасаған. Мал азығына ерекше мән берген. Сондықтан мен мұндағы шаруашылықта бәрі ойдағыдай болатынына сенімдімін,-дейді республикалық марал шаруашылығының төрағасы Нұрлан Тоқтаров.
    Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін марал шаруашылығы көбейді. Бүгінгі күні республикада марал шаруашылығының саны 23-ке жетті. Оның көпшілігі Шығыс Қазақстанда орналасқан. Міне сол себепті де Шығыс Қазақстан “маралдардың мекені” деп аталады.
    Болашақта ақтөбедегі марал мүйізбен емдеу шипажайында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Дәл қазіргі күні шипажайда 20 адам жұмысқа қабылданған. Бұдан бөлек шаруашылықтың басында он шақты адам жұмыс істейді. Ол жерде жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар маралдың мүйізі жылына бір рет көктем және жаз айларында кесіледі. Ол үшін тек ересек маралдар ғана пайдаланылады. Алынған қанды жылдам консервілейді. Кейін одан дәрі жасалынады. Мүйізінде де емдік компоненттер өте көп. Оны кептіріп, қайнатып та қолдануға болады. Шипажайдың басты өнімі - жануарлардың жас мүйізі. Одан дәрі жасалады. Марал өсірушілер маралдарды шағын топтармен ағаш дәлізге айдайды, топтың ішінен мүйізі кесуге дайындарын таңдайды, қалғандары келесі жолға қалдырылады. Одан әрі таңдалған марал мықты бекітілген арнайы кабинаға кіргізіледі. Бұл марал қозғалып өзін жарақаттамау үшін, яғни, қауіпсіздік үшін жасалады. Бұдан ең басты мүйіз кесу процесі жүреді. Әлі сүйелденбеген жас мүйіз қанға толы болғандықтан, барлық емдік күші сақталады. Сондықтан мүйіздің табиғи түсуін күтпей, кеседі. Пантыны кесу кезінде маралдан шамамен -1 - 1,5 литр қан алынады. Кесудің өзі бірнеше секунд қана, содан кейін кескен орындарға антисептик жағылып маралдар келесі жылға дейін табынға жіберіледі. Антисептикпен өңдеумен қатар маралдарға қажетті екпелер жасалады. Әрбір кесілген мүйіз тіркеліп, өлшенеді және сырғаланады. Пантылардың пайдалы қасиеттерін сақтау және тазарту үшін қайнатады. Үш күн бойы оларды салмағына қарай бір-екі минутқа қайнаған суға салады. Бұл үрдістің барлығы қолмен, ыстық будың астында жасалады. Қайнатқаннан кейін панты ваннасы деп аталатын бағалы сұйықтық - емдік «сорпа» қалады. Кез-келген пантылар кесуге жарай бермейді, олардың тек қажетті мөлшерге жеткендері ғана кесіледі. Марал мүйізінің салмағы ауырлаған сайын бағалы болады. Маралдың мүйіздерін кесу жануарлар үшін зиянсыз және ауырсындырмайды. Себебі маралдың жыл сайын мүйіз тастауға және қайтадан жаңа мүйіз өсіруге табиғи бейімділігі бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хромтауда «Биос» медициналық орталығы ашылды
  • Ақтөбе облысында пантомен емдейтін емхана салынуда
  • “Сот сараптамасы Орталығының” Ақтөбедегі директоры сотталды
  • Пара алған директор айыпталуда
  • Марал Қаржауов туралы естелік
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге