Мал өсірсең - қой өсір

    Мал өсірсең - қой өсір

    Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылындағы “Әділ” шаруа қожалығы 2014 жылы құрылған. Аз уақыт ішінде нарық заманына икемделіп, мал басын түгелімен асылдандырып үлгерген. Қазір қожалықта еділбай тұқымды қойдың 600 бас аналығы, 200 бас тұсағы, 550 қозысы бар. Мұнда қазақтың ақбас сиыры мен асылтұқымды мұғалжар жылқысы ұсталады.

    Қожалық басшысы Берік Аяпов мал басын көбейтуді емес, асылдандыруды жөн санайды. Себебі, қазір асылтұқымды малға қай жерде болсын сұраныс жоғары. Көзге бірден асылтұқымды жануарлардың бағасы да қымбат.
    -Мал тұқымын дұрыстайық деп асылтұқымдыға көштік. Себебі, етін сатсаң да, тиімді. Кәдімгі қойдан гөрі еділбай қойының еті мол. Салмағы 10-15 келіге артық. Былтырғы туған қозының бағасы биыл 35 мың теңгеден кем түспейді. Бұл кәдімгі қойдан екі есе қымбат деген сөз,- дейді қожалық басшысы Берік Аяпов.
    Кәсіпкер мал алудың еш қиындығы жоғын айтады. Малды әкелмес бұрын оған қажетті барлық жағдайды ертерек қамдап қою – шаруаның басы. Шаруалар ең алдымен жем-шөпті ойлауы қажет. Дұрыс тамақ бермесе, қай мал да өспейді. Сан өсіп, сапа кемиді. Мал сапасына ауа-райы да әсер етеді. Жер құрғақ болса, жануарға қиындық соғады. Сондықтан мал шаруашылығын ұстайтын кәсіпкерлер алдымен климатқа мән береді.
    -Біздің климат мал ұстауға қолайсыздау. Қой болмаса, сиыр мен жылқыға обал. Біз ұстап отырған еділбай қойы ыстық-суыққа төзімді. Қыста көбіне тебістікте көп жүреді. Қыстан қорықпайды. Бастысы, қар қалың болмаса жерді теуіп жайыла береді. Биыл наурыздың 6-7-сіне дейін жайылымда болды. Еділбай қойы да, ақбас сиыр мен мұғалжар жылқысы да қыстан қорықпайды. Қыс қатты, аязды болса, іште ұстауға тура келеді,- дейді Берік Аяпов.
    Бүгінгі таңда қожалықтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу жұмыстары басталып, газ бен электр желісі тартылып жатыр. “Агробизнес - 2020” бағдарламасы арқылы биылдың өзінде бес құдық қазу жоспарланған. Бұған дейін шаруалар малды күн сәулесімен, желмен жұмыс істейтін су жабдықтарымен суарып келген. Алайда бұл құралдардың қыс мезгілінде су айдауға шамасы жетпейтін көрінеді.
    -Әкімшілік қолдау жасап, қасымыздағы ауылдан электр желісін тартқалы жатырмыз. Су ұңғымасы жұмыс істейтін болады. 40-50 метрден тұщы су шығады. Ондай тереңдіктен су шығару үшін мықты сорғылар керек. Бұған дейін қолдан ток беретін генераторлар пайдаланып келдік. Далалықтың суы бұзылып кетеді, әрі жылы. Оған малдың шөлі қанбайды. Қолдан салқын су ішкізгіміз келеді. Сондықтан осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Құдықты қаздырып болғаннан кейін кеткен шығынның 80 пайызын үкімет қайтарады,- дейді шаруа.
    Шаруалар малдың қысқы жем-шөбін қамдауға кірісіп кеткен. Өткен жылы шөптің бір орамасы 2500-3000 теңгеден сатылса, биыл 4000 теңгеге дейін баруы ықтимал. Себебі, биыл шөп іздеушілер көп. Қуаңшылық басым.
    -Ауыл маңындағы шөптің бәрі қурап кетті. Бұрынғы шөп шабатын жерден 30 шақырым алыстап кеттік. Қазір 50-60 шақырымнан шөп тасып жатырмыз. Жемді Қостанайдан алдырамыз. Қысқа былтыр 3000 рулон шөп, 5500 қап жеммен кірдік. Биыл мал басы көбейді. Шамамен 4000 рулон шөп жинауымыз керек. 150 тонна жем дайындаймыз,- дейді Берік Аяпов.
    -Асылтұқымды етті қойлардың ішіндегі біздің жерімізге келетіні – осы еділбай қойы. Ыстыққа да, суыққа төзімді жануар. Еділбай қойының қошқарын әр жерден әкеліп жатырмыз. Сиырға Қостанайдан бұқа әкелеміз. Себебі ол жақтың жайылымы жақсы, малының салмағы біздікілерге қарағанда көптеу. Бір бұқаның бағасы 500 мың теңге. Бұл бұқаларға субсидия беріледі,- дейді қожалық басшысы.
    2015 жылы “Құлан” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 15 миллион теңгеге 57 бие сатып алынса, 2016 жылы 30 миллион теңгеге 90 қазақтың ақбас сиыры Қостанайдан әкелінді. Биылдан бастап қожалық фермерлері мал басын қолдан ұрықтандырумен көбейтуге ниеттеніп отыр.
    -Қолдан ұрықтандыру бізге өте тиімді. 100 сиырға бір бұқадан келеді. Бұрын 25 сиырды бір бұқадан қашырып келдік. Қолдан ұрықтандырудың бір жақсысы, дұрыс бұқаны таңдап аламыз да соның ұрығын пайдаланамыз. Айналысу ойымызда бар. Экономикалық жағынан тиімді. Бір бұқамен 100 сиырға келеді. Бір жақсысы жақсы дұрыс бұқаның ұрығын аламыз,- дейді фермер.
    Қожалық басшысы алдағы уақытта шетелден асылтұқымды етті ірі қара әкелуге ниетті. Биылша мал ұстайтын орынның аумағын кеңейтіп, дайындық жұмыстарымен шектелуді көздеп отыр.
    -Малдың жағдайын жасап алып, кейін әкелу керек. Биылғы дайындығымызға қарап, келер жылы шетелден неге әкелмеске?! Мал басын көбейту үнемі жос-парда жүреді. Малдан бірден пайда көрем деп ойлау – қате. Менің ойымша, кем дегенде алғашқы он жыл малдың жағдайын жасаумен өтеді. Сапалы мал ғана өз уақытында пайда әкеледі. Сондықтан малдың санын көбейту жағдайға тікелей байланысты,- дейді Берік Аяпов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ет кластері мал басын жаңа тәсілмен көбейте бастады
  • Күй талғамайтын мал шаруаға тиімді
  • Әулиекөл сиыры - отандық бренд
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге