Егіннің жайы қалай?

    Егіннің жайы қалай?

    █ Әйтеке биде “Егістік күні” семинары өткізілді. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін облыс шаруашылықтары арасында тәжірибе алмасу мақсатында 100-ге тарта шаруашылық иелері қатысты.

    Бүгінде Елбасы шаруалар алдында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу бойынша міндет қойылды. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. 2017 жылы Ақтөбе облысының өсімдік шаруашылығын дамытуға 3,5 млрд теңге бөлінсе, осы жылы ол сома 5,7% артты.

    Өсімдік шаруашылығына 3,7 млрд қаражат бөлінді
    Өсімдік шаруашылығын дамытуға 3,7 млрд қаражат бөлінді. Бөлінген қаржы субсидия ретінде шаруашылықтардың басым бөлігіне төленеді. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру барысында агротехнологиялық талаптарды сақтау негізгі талап ретінде енген. Алайда, шаруашылықтың басым бөлігі аталған талаптарды орындамайды. Осының нәтижесінде сапасы жұтаң өнім алады. Дегенмен бүгінгі таңда егіс алқаптарын ылғалдандыруда агротехнологиялық талаптарды сақтау мен жаңа әдістерін қолданып келеді. Сондай-ақ, сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы өнімділікті арттыру көзделген.

    Ылғалды сақтауға тың техника қолданады
    Әйтеке би ауданында өткен көшпелі семинарға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен аймақтағы ірі аграрлық құрылымдардың жетекшілері және көрші Қостанай облысының өкілдері қатысты. Олардың негізгі мақсаты шаруалар арасында өзара тәжірибе алмасуды тұрақты жолға қою.
    - Әйтеке би - біздің облысымыздағы негізгі егінші аудан. Өйткені осы жылдың өзінде 217 мың гектарға егіс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар осы ауданда ең ірі-ірі кәсіпорындар орналасқан. «Еңбек агро», «Комсомол», «Бұлақ», «Құмқұдық агро» тәрізді серіктестіктер орналасқан. Осы серіктестіктер егістің 90 пайызына егіс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ең жоғары өнімді осы шаруашылықтар алып тұр. Жыл сайын өсімдік шаруашылығында мол өнім алып келе жатқан жергілікті шаруалардың өзгелерге үлгі етерлік тәжірибесі мол. Бұған жаңа технологияларды септігін тигізіп отыр. "Еңбек агро" серіктестігінің алқабында ылғалды сақтауда тың технология қолданылып келеді. Бұдан өзге, шаруашылық қыс мезгілінде қар ұстатудың жаңа әдістерін тапты,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Диас Ерғалиев.

    Егістікті тазалаудың жаңа әдісі табылды
    - Біз егісті тазалау құрылғысын қолданамыз. Нәтижесінде жерде 30-35см тереңдік пайда болады. Сөйтіп ылғал сақтау жүйесі кеңейеді. Бұл шөлейтті аумақ үшін өте тиімді. Агротехникалық талаптар мен ауыспалы егістерді сақтаймыз. Ерекшелігіміз саңылау технологиясын қолданамыз. Бұл күзгі, қысқы ылғалдықтарды сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қожалықта тарау кестелегішімен жабдықталған жоғары тиімді астық ору комбайндары бар. Бұл технология мол астық алуға үлкен мүмкіндік береді. Қыс мезгілінде қарды тоқтатуға деген тиімділігі жоғары. Егістігіміздің де алдағы қысқа деген дайындығы жақсы деңгейде,-дейді «Еңбек агро» ЖШС директорының орынбасары Роман Жавнерко.

    Ресейлік тыңайтқыштарды пайдаланады
    Аудандағы "Құмқұдық" шаруашылығы да сапалы тұқым алуда жаңа технологияларды қолданып келеді. Әсіресе, егіс алқабын бірнеше қайтара өңдеп, мол өнім алудың жолын тапқан. Ғылыми жұмыстар үшін жаздық бидай егуге арналған алаңы да бар. Семинар қонақтары шаруашылық басшысынан ресейлік тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланудың тәсілдерін көрді.
    - Біз минералды және микро тыңайтқыштарды қолданып келеміз. Себебі бір орында тұрып қалуға болмайды. Шаруашылықта тың әдістерді қолдану қажет. Бұл туралы елбасымызда айтқан еді. Сонда ғана көп жетістікке жетуге болады. Біздің қожалық аудандағы элиталық тұқым шаруашылығымен айналысады. Мұнда бидай, еркешөп және судан шөбінің тұқымдары өндіріледі. Сонымен бірге жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары зерттеледі. Тыңайтқыштарды еңгізе отырып, өсімдікті қорғаумен айналысып келеміз,-дейді «Құмқұдық» ЖШС директоры Александр Чемоданов.

    10-11 центнер бидай алады
    - Өнімдері алдыңғы жылдан қарағанда орташа көрсеткішті көрсетіп тұр.
    Осы жылы 10-11 центнер бидай алады. Сонымен қатар «РостСельмаш» компаниясы Қазақстан бойынша 20 жылдай жұмыс жасап жатыр. Жылдан жылға техникаларымызды көбейтіп жатырмыз. 700-ге дейін техникалар сатылады. Әртүрлі комбайндар бар. Техникаларды тек мемлекеттік бағдарлама арқылы емес, жеке кәсіпкерлерде алады. Комбайндар көп болса орақ орған кезде көп центнер бидай алуға болады. Сонымен қатар мал азығын шабуға 180 аттың күші бар «ЯМЗ-534» комбайндары да бар,-дейді Қазақстан бойынша «РостСельмаш» компаниясы директорының орынбасары Азамат Ахметов.
    Әйтеке би ауданында өсімдік шаруашылығына зор қолдау бар. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа бөлінген субсидия көлемі өткен жылмен салыстырғанда алты пайызға көп. Нәтижесі көзге көрініп тұр дейді мамандар. Көптеген шаруалар ең заманауи агротехникалық әдістерді меңгере бастаған. Егіс алқабында өткен семинар барысында, ірі шаруашылықтардың соңғы үлгідегі заманауи техникалары көрсетілді.▼

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Қарғалыда құмай егіледі
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге