Жыл соңына дейін 3 млрд. теңгені игеру қажет

    2017-2021 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында алдағы 10 жылдың ішінде 16 мың шаруашылық құрылуы керек. Мемлекеттік бағдарламамен бөлінетін қаражатты игеруден Хобда ауданы көш бастап тұр. ҚР Жер Кодексіне ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Осы және өзге де мәліметтер облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин бастаған жұмыс тобының Алға ауданына барған сапарындағы жиында айтылды.

    Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, биыл облыста 250 ірі қара шаруашылығы және 60 қой шаруашылығын құруы қажет. Оның ішінде Алға ауданы бойынша 15 ірі қара, 2 қой шаруашылығы құрылады. Негізгі мақсат – мал басын көбейту, өнім көбейту. Екіншіден жайылымдық жерлерді толықтай игеру. Қазіргі таңда облыс бойынша барлық жайылым жерлердің тек 35 пайызы ғана игерілген.
    - Жайылымы көп аудандарға бұдан екі-үш есе көп тапсырма беріледі. ҚазірҮкімет 15 жылға дейін 4 пайызбен жеңілдетілген несие беріп отыр. Бұл бізде ешуақытта болмаған жеңілдік. Бастысы, мал шетелдік болуы керек,- дейді Құсайын Сәрсембай. - Осы бағдарлама аясында ауылшаруашылығына беріліп жатқан мемлекеттің көмек түрлері де өзгеріп отыр. Субсидия көлемі өзгермейді, бірақ кейбір тиімсіз бағыт бойынша субсидия алып тасталынады. Мысалы, биылдан бастап егін шаруашылығы бойынша бірыңғай мал азығы дақылдарына, майлы дақылдарға берілетін 15 мың субсидия алынып тасталынады. Қалған субсидиялар солайымен қалды. Мал шаруашылығы бойынша да бірсыпыра өзгерістер бар. Етті ірі қара мал шаруашылығы бойынша тек шетелден келген малдар ғана субсидияланады. Сонымен қатар бұрын бұзауға субсидия беріп келген болса, қазір ол жоқ. Оның орнына мал бордақылау алаңдарына тапсырылған әрбір бас бұзауға салмағына қарай субсидия беріледі. Жоба бойынша 7 айдан 15 айға дейінгі жасы және 200-350 келі салмағы болуы керек. Әр келісіне 200 теңге. Сүтті шаруашылық бойынша бұрынғыша қала береді. Қазақстаннан немесе ТМД елдерінен алса да, ірі қараға 150 мың теңге субсидия беріледі. Алыс шетелден әкелінсе 200 мың теңгенің үстінде алады. Етті мал шаруашылығы бойынша оның ішінде қой шаруашылығында өзгеріс бар. Егер қозының жасы 15 айға дейін барса, әр басына 3000 теңгеден субсидия беріледі. Осы көмектің бәрін алу үшін тұқымдық түрлермен 100 пайыз қамтамасыз етілуі керек. Көне ережемен 30 басқа 1 бұқа болса, енді 25 басқа 1 бұқадан беріледі. Ауданда бұқалар жетіспейді. Ірі қара шаруашылығында 50 бас, қой шаруашылығында 600 бас болуы керек.
    «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» АҚ АФ директоры Гүлжанат Ерғазиеваның айтуынша, қаржылай қолдау институты арқылы биыл бірнеше бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бағдарламаларға биыл жалпы 5 млрд теңге қаржы беріледі деген жоспар бар. Оның ішінде «Жаппай кәсіпкерлендіру», «Нәтижелі жұмыспен қамту» бойынша 1 млрд 410 млн теңге қарастырылған. 500 миллион теңге «Сыбаға» бойынша шаруаларға несие түрінде үлестіріледі.
    -Жыл басынан бері «Кәсіпкер», «Егінжай» бағдарламасына бөлінген қаржының бәрі толығымен игерілді. Қазіргі таңда бізде тек «Сыбаға» және «Ауылдық ипотека» бағдарламасы бойынша қаражат беріп жатырмыз. Биыл бізге мемлекет тарапынан тек қана «Жаппай кәсіпкерлендіру» және «Ауылдық ипотека» бағдарламасына ғана үкімет қаражат беріп отыр. Қалған бағдарламаларға біз несиені ішкі қаражат арқылы беріп жатырмыз,- дейді Гүлжанат Қойбағарқызы.
    Оның айтуынша, биыл «Сыбаға» бағдарламасына 3 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Қазір оның тек 10 пайызы ғана игерілген. Қаражат өте көп, сұраныс аз. Бір айта кететіні, «Сыбаға» бағдарламасына тек шаруа қожалықтары қатыса алады. 12 млн. теңгеге дейінгі қаражат «Жаппай кәсіпкерлендіру» арқылы беріледі. Жеті жылға 4 пайызбен 12 млн. теңгеге дейін беріледі. 25 пайызына кепіл алынады. Қалған 75 пайызына сатып алынған малды кепілге қоюға болады. Сондай-ақ, шаруалардың мал азығын дайындауға техника мен құрал жабдық алуға мүмкіндігі бар.
    -Қазір малшыларға үй салу міндетті емес. Жылжымалы вагон шаруаның өзіне де тиімді. Алғаннан кейін вагон кепілге қойылады. 12 млн. теңге аз болса, 40 миллионға дейін беруге дайынбыз. 40 млн. теңге 15 жылға дейін беріледі. Оның жылдық мөлшерлемесі 14 пайыз, оның 10 пайызы 15 жыл бойы субсидияланады. Шаруалар тек 4 пайыз төлейді,- дейді қаржы институтының өкілі.
    Ауылшаруашылығымен айналысатын шаруалар үшін мемлекетт ен көрсетілетін жеңілдіктер легі мұнымен шектелмейді. Биылдан бастап кепілге қойылатын малды сақтандыру шарт емес. –Мұны да Үкіметтің көмегі деп түсіну керек. Ешқандай банк мұндай жағдайға бармайды. Алынған малдың құны қанша болса да, әрқайсысы 225 мың теңгеге жеңілдетіледі. Бұл субсидияны несие төлеуге қолдануға болады. Субсидия көлемін шегеріп, мәселен 10 млн теңгенің орнына 7 млн теңгеге банк өзі төлем кестесін рәсімдеп береді,- дейді Гүлжанат Ерғазиева. -Қаражатты мақсатты пайдалануға 90 күн уақыт беріледі. Егер қожалыққа қатысты емес себептермен бұл мүмкін болмаған жағдайда алдын ала өтініш жазу арқылы мал әкелуге шекара жабылып қалса, мерзім ұзартуға болады. Тағы 2 ай уақыт береміз. Ол үшін тек ветеринарлық инспекцияның растау туралы қағазы жеткілікті. Мемлекеттік көмекті пайдалану дан Хобда ауданы көш бастап тұр.
    «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Сыбаға» және «Іскер» бағдарламасы арқылы ірі және ұсақ мал шаруашылығын ашуға қаражат алуға болады. Ірі қара алуға 67 миллион теңгеге дейін несие бар. Сиырды көп дегенде 100 бас алу керек. Мал басының құны 620 мың теңгеден аспауы шарт. Төлем мерзімі 15 жыл. 30 айға дейін жеңілдік кезеңі бар.
    Ұсақ малдарды алуға 10 жылда төленетін 40 миллион теңге несие беріледі. Жылдық мөлшерлемесі 14 пайыз. 10 пайызы субсидияланады. Мал басы 600 –ден аспауы керек.
    Жиында белгілі болғандай, биыл қолданыстағы Жер Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің ашықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында жер учаскесі ендігі жерде тек қана конкурс арқылы берілетін болады.
    -Жер учаскелерін бұрын жергілікті атқарушы органда құрылған комиссия шешетін еді. Комиссия құрамына да біраз өзгеріс еніп отыр. Атап өтсек, комиссияда 9 адамнан кем болмайды. Оның тең жартысы мемлекеттік емес органдардан болуы керек. Комиссия құрамына қоғамдық органдар мен жергілікті елдімекендердегі халық өкілдері, «Атамекен» палатасынан, өзін өзі басқару органдарынан тұратын мүшелері кіреді. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелеріне балдық деңгейде баға беріледі. Бұрын ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін мемлекеттік бақылау және қадағалау функциясы бұрын орталық аппарат және жер инспекциясында болатын. Қазіргі өзгерістерге байланысты бұл құқық жергілікті атқарушы органдарға беріліп жатыр. Өзгерістер мен толықтырулар қазір заңды күшіне енді,-деді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық инспекциясының басшысы Тілеген Жаңабергенов. ▲

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысы биыл Ресейден 1800-ге жуық сиыр сатып алды
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге