Биыл бидай аз шықты

    Биыл бидай аз шықты

    █ Шілдеде болған шіліңгір ыстықтың салдарынан биыл Ақтөбеде бидай аз шықты. Бұл туралы қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Мұрат Тұрарұлы хабарлады.

    Қала сыртындағы егін алқаптарының биыл 2700 гектарына дәнді-дақыл егілген. Диқандардың алды егін жинауды бастап кетті. Қазір 1700 гектардай алқап шабылып, шамамен 1220 тонна дәнді-дақылдар өнімі жиналған.
    - Дәнді-дақылдардың орташа түсімі 7,2 центнер. Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Жағдай бірқалыпты,- дейді Мұрат Тұрарұлы. – Бізде былтырғыға қарағанда тек бидайдың түсімі төмен болып отыр. Гектарына небары 3 центнерден берді. Әзірге шабындық бастағаны “Опытный” станциясы. Шілде айында өте қатты ыстық болып егістік алқаптары сәл күйіп кетті. Қазіргі таңда 160 гектар шабылып, 50 тоннадан астам бидай алынды.
    Бөлім бастығының айтуынша, биыл арпа көбірек шыққан. Әзірге 815 гектар орылып, 600 тоннаға жуық арпа жиналды. Ақтөбе қаласы бойынша биыл қысқа шамамен 13 мың бас мал кірмек. Оған 40 мыңдай тонна шөп қажет. Қазір 63 мың тонна шөп дайындалды.▲

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Темірліктер алда келеді
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге