Мал өсірсең, түйе өсір

    Мал өсірсең, түйе өсір

    Халқымыз төрт түлік малдың маңызын ертеден білген. Дәулетті адамдарды «төрт түлігі сай екен» деуі содан болса керек. Әсіресе, еліміздің көп жерін алып жатқан шөл және шөлейт жерлерге шыдамды түйе малының пайдасы ерекше болмақ. Түйе- мінсең-көлік, ішсең –сусын, еті-дәмді, жүнінен төсеніш жасап, киім тоқуға болады.

    Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда мал басы саны былтырғымен салыстырғанда сәл де болса артқан, тек түйе малын есептеп көретін болсақ, облысымыз бойынша былтыр 17 821 бас түйе болатын болса, биылғы 9 айда оның саны 18 349 –ға жеткен. Оның 12 мыңнан астамы Шалқар ауданында, 3 мың бас түйе Байғанин ауданында өсіріледі. Көріп отырғанымыздай түйе ұстау өзге аудандарда айтарлықтай қолға алынбаған. Айталық, есептер бойынша Қарғалы ауданында түйе мүлдем өсірілмейді. Түйе малының шөлге төзімділігі және өзіне тән басқа да ерекшеліктері оны шөлді аудандарда бағуға қолайлы етеді. Дегенмен, оны аймақтың басқа аудандарында да өсіруге әбден болады. Оған мысал ретінде Мәртөк ауданы, Саржансай ауылының тұрғыны Айсұлу Әбитованың түйелері туралы айтуға болады. Айсұлу – мамандығы бойынша информатика пәнінің мұғалімі. Кішкентай сәбиі жиі ауыра берген соң, халық еміне жүгінеді. Оған ауыл үлкендері «түйенің шұбатын ішкен бала тез жазылып, ауырмайтын болады» деп кеңес берсе керек. Алғашында Шалқар ауданынан сусынды алдырып отырған ол бара-бара түйені өзі өсіріп көрмек болады. Бірақ оны қалай алып, өсірудің мән-жайын білмедім дейді ол. Себепсіз ештеңе болмайды деген емес пе, Айсұлу аудан орталығында ауыл тұрғындарына арналған «Бастау» кәсіпкерлік сабақтарының өткізілетінін естіп, көп ойланбастан қатысуға бел буады. Бала күтімімен үйде отырған келіншекке қосымша табыс көзі қажет-ақ еді. Сабақ барысында Мәртөк ауданының бизнес тренері Жұмагүл Мақашева Айсұлудың ішкі қалауын бизнес жобаға айналдырып, түйе шаруашылығымен айналысуға деген сенімділігін ұялата білді. Соның арқасында ол бір айлық курсты тәмамдағаннан кейін «Ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 3 млн. теңге несие қаражатын рәсімдеп, үш түйе сатып алады. Қазіргі кезде түйенің шұбатын өздері ғана пайдаланып қоймай, оны «Айсұлу» ЖК сауда маркасімен шығарып, ауылдағы «Нұр» дүкені арқылы сатып отыр.
    - Түйе сатып алып, оны табыс көзіне айналдыруды «Бастау» жобасынан үйрендім. Шұбатты сатуда қиындық жоқ. Ауыл тұрғындары ішуге де, тойға да жиі алады. Жақында қалған қаражатыма тағы да үш түйе сатып алсам деген ойым бар. Осы идеямды жүзеге асыруға көмектескен «Бастау» жобасын ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін,-дейді Айсұлу Әбитова.
    Қазіргі кезде Айсұлу түйелерін өзі бағып, өзі сауады. Айтуынша түйені өсірудің айтарлықтай қиындығы жоқ. Жазда тіпті, өз-өзімен жайыла береді. Мәртөк ауданы - шөбі шүйгін, жайылымға бай өңір. Шөл жерде ғана емес, осындай жайлы жерде де түйені өсіру тіпті қиын емес көрінеді. «Бастау» жобасының Мәртөк ауданы бойынша тренері Жұмагүл Мақашева Айсұлудың шаруашылығын жүргізуге әлі де сүйемелдеу көрсетіп келеді. Кәсіпкерге жоба жаттықтырушысы болашақта мал басын көбейтуге қандай мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану керектігін және шаруашылықты автоматтандырудың тиімділігі жөнінде айтып берді. Кәсіп ашуда мемлекеттің де, Кәсіпкерлер палатасының да көмегін көріп отырған ауыл тұрғыны түйе малының санын әде де көбейтуді алдына мақсат етіп отыр.
    Шұбат ішкеннен кейін кісі аздап қызады. Содан соң ол жағдай басылады да, аздан соң адамды ұйқы басады. Бірақ ол ұйқыдан сергек тұрады. Шұбат дені сау адамдар асқазанының секрециялық көрсеткіштерін, сондай-ақ науқас адамдардың да осындай көрсеткіштерін бастапқыға қарағанда арттыратындығы белгілі болды. Бұл сусынды бір рет ішкенде науқас кісілердің қарын сөлінің қышқылдығы қандай болғандығына қарамастан олардың асқазанының эвакуаторлық қызметі шапшаңдаған болса - баяулайды, ал баяулаған болса шапшаңдайды. Мұндай науқастар тамақ ішуге 5 минут қалғанда 200 миллиметрден, тамақтан кейін 10 минуттан соң 300 миллилитрден күніне үш рет шұбат ішу керек. Қарын сөлінің қышқылдығы қалыпты болса ондай адамдарға тамақ ішуге 5 немесе 3 минут, ал тамақтан соң 30 минут өткенде әлгіндей мөлшерде шұбат беріледі. Егер қарын сөлінің қышқылдығы жоғары болса, тамақ ішуге 1 сағат қалғанда немесе тамаң ішкеннен кейін 30 минут өткен соң жоғарыдағыдай мөлшерде қымыз ішуге тиіс.

    Науқастар күніне барлығы 1,5-2 литр шұбат ішеді.
    Шұбат созылмалы гастрит ауруына шалдыққан кісілердің осы науқастан айығуына жақсы әсер етеді. Қарын сөлінің қышқылдығы төмен кісілер де 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін құлан-таза айығады.Шұбат созылмалы колитке шалдыққан кісілерге де бірден-бір шипа. Осы аурулардың бәрін шұбатпен аурухана жағдайында да, амбулаториялық жағдайда да емдеуге болады. Өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде туберкулезбен улану белгілері кетеді. Дене қызуы да қалпына келеді. Функционалды бұзылу реттеледі. Қандағы патологиялық өзгерістер жойылып, науқас салмақ қоса бастайды. Өкпенің ыдыраған тұсы жабылады. Өкпе туберкулезін шұбатпен емдеумен айналысқан А.А.Ахунд бүкіл емдеушілердің 85,2 процентіне бұл шипалы сусынның қолайлы әсер еткенін айта келіп, шұбатпен өкпе туберкулезінің барлық формасын, әсіресе белогы, витаминдері жетіспейтін жағдайда, қаны азайып, жүдегенде емдеуді ұсынады. Бұл шипалы сусынмен емдеу ерекшелігінің бірі науқастарды дәрімен емдегенде пайда болатын кейбір құбылыстар 2,5 есе азаяды. Авитаминоз сипатындағы құбылыстар жиілігінің бұзылуы да 4 есе азаяды. Мұның бәрі шұбаттың емдік қасиеттері ғана. Шұбатты түрлі аурулардың алдын-алу үшін де қолдануға болады. Үнемі шұбат ішетін кісі әлгіндегідей ауруларға шалдыға қоймайды. Оны ішкен бала организмі қалыпты өседі. Жасы келген кісілердің денсаулығы мықты болып, ұзақ жасайды. Өйткені шұбаттың кейбір маңызды компоненттері, мәселен: белок, май, тағы басқа қоректік заттар сүттен ашытылатын басқа өнімдерге қарағанда мол болады. Шұбатты тек науқас кісілерге ем үшін ғана бермей, көпшіліктің де ішуіне толық мүмкіндік бар. Өйткені оны ашыту процесі оңай, өзіндік құны арзан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Төрт түліктің төресі
  • Ақтөбеде “арзан” қымыз бен шұбат сатылады
  • “Бауырым, бұл - түйе”
  • Жапон зерттеушілері: Шалқар мен Аралдың шұбаты дәмді
  • Шыңғыс Шоқпытов түйе палуан атанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге