Ойылда шұжық шығаратын цех салынады

    Ойылда шұжық шығаратын цех салынады

    Аудан тұрғындарын он жыл қатарынан нанмен қамтып, “фирмалық стильмен” бапталып дайындалған қымыз сататын ойылдық кәсіпкер енді шұжық шығаруды қолға алды. Жаңашылдыққа жаны құштар шаруа шұжықты қой етінен де жасап көрмек. Жобаның құны 20 млн теңге. Цех бастапқы уақытта тәулігіне 300 келі ет өнімдерін шығарады деп күтілуде.

    Ойылда осыдан екі жыл бұрын кәсіпкер Қуаныш Қыстаубайдың басқаруымен “Жаңа қадам 2016” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы құрылған болатын. Бірлестік құрамында 22 мүше бар. Оның үшеуі шаруа қожалығы, біреуі – ЖШС болса, қалғаны жеке адамдар. Расы керек, шаруалардың құлықсыздығынан бірлестік жұмысы қазір біраз тоқырап қалған.
    - Корпорация мүшелерінің көп малы жоқ. Басым бөлігі ұсақ мал ұстайтындар. Бірлестікке біреу қоймен, біреу ешкімен кірді. Жоспар корпорация арқылы оларды несиелендіріп, жағдайын көтеріп, жұмыстарын жандандыру болып еді. Бірақ бұл оңай болмады. Шаруалар жұмыстарын жандандыруға өздігінен ұмтыла қоймады. Көбісінің банктердегі несие тарихы бүлінген. Кәсіпкерлікке оқуға құлқы болмады. Ешкім тыраштанып жүгіргісі келмейді. Негізінде ниет соларға жәрдем беру еді,- дейді Қуаныш Қыстаубай. - Өзімде азды-көпті сиыр мен жылқы бар. Енді қой өсірсем деп жоспар құрып жатырмын. Асылтұқымдысын алуға әзірге қолымыз қысқа. Әзірге өз еліміздегі қойлардан алып, асылдандыру мақсатында қошқар аламын деген ойым бар. Үш-төрт жыл болды, жаздыкүні қымыз өндіріп сатып келеміз. Шаруашылық Құрман ауылында. База Ойылдың басында. Бұрын астық қабылдау пункті болған. Ол жерде қазір мал сою цехымыз бар. Аудандық коммуналды жекеменшігінде тұрған соң, әзірге жалға алып отырмыз. Мал сою цехы 2011 жылы ашылды. Халыққа көрсетіп отырған қазіргі қызметіміз – санитарлық малдарды ғана сою.
    Қуаныш Тұрғанбайұлы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация жанынан аудан көлемінде ет өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Қазір жер беріліп, құжаттар дайындалып жатыр. Кәсіпкер Алматыдағы “Казтехпром сервис” компаниясымен ет цехына қажет құрал-жабдықтарды алуға келісіп қойған. Жобаның құны 20 млн. теңгені құрайды. Бұл қаражатты ол “Елім-ай 2017” қоғамдық қорының несиесі арқылы алмақ.
    - 20 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарының құны кірмейді. Бұл қаржыға тек жабдықтар алынады. Құны 6 млн. теңге болатын мұздатқыш камерасы бар. Бұдан басқа етті өлшеп орайтын, ұсақталған етті араластыратын аппарат болады. Сондай-ақ етті ыстайтын шұжық камерасын да аламыз. Цех іске қосылса, халықтан ет қабылдаймыз. Туралған еттен бастап шұжықтың барлық түрін шығаруды көздеп отырмыз,- дейді Қуаныш Тұрғанбайұлы. - Тәулігіне 250-300 келі өнім шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында ашылады.
    Тәуекелге жиі бас тігетін Қуаныш Қыстаубай ауданда кеңес заманынан жұмыссыз тұрып қалған наубайхананы осыдан 11 жыл бұрын қалпына келтіреді. Отбасымен біріге қолға алған қызмет қазір халықтың нағыз сұранысына ие кәсіпке айналды. Бүгінде “Ойыл нан” наубайханасы тәулігіне 600 бөлке нан пісіріп, аудан тұрғындарымен қоса барлық білім бөлімі ұйымдарын тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Наубайханада жиырмаға жуық қызметкер жұмыс жасайды.
    - Алғаш ашылған кезде күніне 1000 нан пісіруші едік. Ол кезде тұрғындар от жағатын. Қазір ауылға газ кіріп, халық нанды көбіне үйде пісіреді. Бізде әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді. “Гүлдер” дүкенінде тізімде белгіленген азаматтарға азық-түліктің 35 түрін төмендетілген бағамен береміз,- дейді кәсіпкер. – Жазда қымыз өндірумен айналысамыз. Қымыз біздің ауданда жақсы өтеді. Сұраныс қашан да жоғары. Біздің қымыз дайындауда өз тәсіліміз бар. Қымызды басқалар сияқты мейізбен емес, грек жаңғағымен баптаймыз. Бұл әдіспен дайындалған қымыз сақтауға қолайлы. Қатты ашып кетпейді. Грек жаңғағының адамға пайдасы да көп. Қазақтың керемет сусыны қымызбен қосылғанда оның пайдасы одан да күшейе түседі. Бұл әдісті өзіміз ойлап таптық.
    Нан пісіріп, қымыз баптап, мал бағып жүрген ауыл шаруасының тағы бір жоспары бар. Жуырда көрші Орал облысынан қой әкелмек. Ол үшін “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 32 млн. теңге несие алуға өтінім берген. Мал басын көбейтіп қана қоймай, ет өңдеу цехы ашылса, қой етін ыстап, шұжықтың жаңа түрін шығарғысы келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сары май мен тары-талқанға да субсидия беріледі
  • Төрт түлігі түгел өрген ауыл
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге