Биыл 514 мың тонна астық жиналды

    Ақтөбе облысында астық жинау науқаны аяқталды. Облыс диқандары дәнді дақылдың әр гектарынан орташа есеппен 11,7 центнерден өнім алды. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік бөлімінің басшысы Диас Ерғалиев айтты.

    Өңірде қазір жиын-терін науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күні қамбаға 514 мың тонна астық құйылды.

    - Биыл 440 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілген еді. Әр центнерінен орта есеппен 11,7 центнерден өнім алынды. Аудандар бойынша да дәнді дақыл егісінің орташа көрсеткіштері облыстық деңгейге жақын. Әсіресе, Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау секілді астықты аудандар әр гектарынан орта есеппен 12 центнерден өнім алды. Жалпы облыс бойынша орташа өнімділік өткен жылғыға қарағанда 1,5 центнерге төмендеу. Бұған ауа райының ықпалы бар. Биыл көктемде күн салқын болып, өсімдіктер баяу көтерілді, -дейді бөлім басшысы Диас Ерғалиев.
    Оның айтуынша, биылғы егін орағы ойдағыдай аяқталды. Жиналған өнім ысырапсыз,уақытылы сақтау қоймаларына тасымалданды. Дихандарға егінгі жинау, күзгі далалық жұмыстарына 8,5 мың тонна дизельді отын бөлінген. Ауыл шаруашылық құрылымдары оның әр литрін 162,6 тоннаға сатып алды. Бұл нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен. Егін орағы науқанына 1100 комбайн мен 1200-ден астам жүк көлігі қатысты.

    Дихандарға субсидия төленеді
    Облыс бойынша дәнді дақыл егісінен ең жоғары өнім алған шаруашылықтардың қатарында Қарғалы ауданынан “Интер-агро”, “Жосалы-агро”, Әйтеке би ауданынан “Алтынсарин”, “Құмқұдық”,Хромтау ауданынан “Ақжар-агро”, “Алтын дән”, Мәртөк ауданынан “Ақбар”, “Родники” сынды ауылшаруашылық құрылымдарын ерекше атап өтуге болады. Олар агротехникалық шараларды сақтай отырып, жоғары өнім алды. Замануи техникалары да бар, -дейді бөлім басшысы.
    Дихандардың ауа райының қолайсыздығына қарамастан жоғары өнім алуының өзіндік сыры бар. Өйткені олар минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданып, өнімділікті арттырады. Бұл үшін дихандарға жыл сайын мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау кқрсетіліп, субсидиялар төленіп келеді.
    -Ауылшаруашылық құрылымдарына минералдық тыңайтқыштары мен гербицидтер сатып алған қаражатының 50 пайызына субсидия төленеді. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджет есебінен барлығы 429 млн теңге бөлініп, барлық шаруашылықтарға берілді. Бұған қоса ауылшаруашылық құрылымдарына бау-бақша өнімдеріне пайдаланған суы үшін де субсидия беріледі.Жаңа техника сатып алған шаруашылықтарға да қаржылай қолдау көрсетіледі,-дейді Диас Ерғалиев.
    Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамып келе жатқан Ақтөбе облысының экспорттық әлеуеті де жоғары. Бүгінгі күні өңірде шығарылған астық Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Ресей мемлекеттеріне экспортқа шығарылып, сатылып жатыр.

    Жылына 12 тонна өнім шығаратын жылыжай салынуда
    Қазір облыста дәнді дақылдарды жинау толықтай аяқталғанмен, майлы дақылдар, көкөніс пен картоп жинау әлі жалғасып жатыр. Өнімділігі де жаман емес. Биыл “АкТеп” ЖШС 202 гектар алқапқа картоп екті. Қазір әр гектарынан 34 тонна өнім алып отыр. Ірі шаруа қожалығы алған өнімінің бір бөлігін облыстың тұрақтандыру қорына тапсырады. Ол кейін жергілікті базарларға өткізіледі. Ал негізгі өнім серіктестіктің қоймасында сақталмақ. Бұл қыс мезгілінде тұтынушылар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді.
    -Суармалы жерлерден көп өнім алуға болады. Сол себепті биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары өз есебінен 8300 гектар суармалы жерді айналысқа енгізеді. Жалпы жоспар бойынша жыл соңына дейін өңірде суармалы жерлердің көлемі 30 мың гектарға жетуі тиіс,-дейді Диас Ерғалиев.
    Соңғы жылдары Ақтөбе облысында дәстүрлі емес ауылшаруашылығы өнімдері де өсіріле бастады. Бүгінгі күні Ақтөбеде орналасқан “Экофирма 2015”ЖШС 0,6 гектар жерге құлпынай өсіріп отыр. Алдағы жылы NGS жоғары өнімді технологиясын қолданатын серіктестік жылыжай аумағын 1,1 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Соңғы кезде қытайлықтар жиһаз жасауға алатын мақсары да Ақтөбеде өсіріле бастады.
    -Осыған дейін өңірде 3,5 гектар жерге мақсары өсірілген еді. Биыл ол 8,5 мың гектарға ұлғайды. Бұл майлы дақыл- құрғақшылыққа өте төзімді. Жыл соңына дейін Хромтау ауданында “АКМЭЗ” май зауыты іске қосылмақ. Онда күнбағыспен қатар мақсары, зығыр, рапс секілді майлы дақылдар өңделеді. Жаңа зауыттың ашылуы экспортқа жол ашады. Осыған дейін өңірде күнбағыс майын өндіріп, шетелге шығарумен "Ақтөбе Фудс" серіктестігі айналысып келген еді,-дейді бөлім басшысы.
    Өңірде жылыжай кешендерінің саны да артып келеді. Қазір Ақтөбеде "Green Capital Kazakhstan" ЖШС 20,7 гектар жерге бау-бақша өнімдерін өсіретін жылыжай салып жатыр. Жоба үш кезеңнен тұрады. Бүгінгі күні жылыжай кешенінің 6,7 гектарды қамтитын егіс алқабының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Бұл жерде негізінен қияр мен қызанақ өсіріледі. Келер жылы толықтай қолданысқа берілетін нысанда жылына 12 тонна өнім өндірілмек. Диас Мирасұлының сөзінше, бүгінгі күні облыс халқы жылыжайлар есебінен өзін-өзі толықтай көкөніс пен бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ биыл Ақтөбенің іргесіндегі Пригородный елдімекенінде 45 гектар суармалы жерге “Болат LTD” ЖШС таңқурай өсірді. Серіктестік алдағы жылдары егіс алаңын 150 гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.Айта кетелік, қазір астық науқанын аяқтаған дихандар күзгі жиын-терінге қызу кірісіп кетті. Қазір өңірде күздік дақылдар себу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ барлық ауылшаруашылығы құрылымдары қысқа дайындығын пысықтауда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында жарамсыз суармалы жерлер қалпына келтіріледі
  • Тұрақтандыру қорына 1500 тонна картоп түседі
  • Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге