Ақтөбеде жасымық дақылы өсіріледі

    Ақтөбеде жасымық дақылы өсіріледі

    Мартөк ауданында «Егістік күні» атап өтілді. Ауқымы кең шарада ауылшаруашылық техникалары таныстырылды. Осы салаға қатысты мәселелерді талқылауға арналған жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

    Өткен сенбіде Мәртөк ауданының Родниковка ауылында “Егістік күні” ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті. Бұған қоса ауылшаруашылығына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар ұйымдастырылды. Агрономдардың ауқымды басқосуына облыс әкімі арнайы қатысып, ауылшаруашылық саласындағы жаңартылған техникалармен танысты.
    «Егістік күнінің» мақсаты Ақтөбе облысының ауылшаруашылық саласындағы цифрландыру жүйесін көрсету және өзге өңірдің мамандарымен тәжірибе алмасу болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған семинарда құрғақшылық болған жағдайда ауылшаруашылық өндірісін табысты жүргізудің амал-тәсілдері мен жаңа технологияларды енгізудің жай-жапсары талқыланды.
    Биыл облыста 786 мың гектар жерге әртүрлі майлы дақыл, дәнді дақыл, көкөніс, жеміс-жидек егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 % -ға артып отыр. Ақтөбе облысында биыл егін шаруашылығына 4,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде 800 млн-ға жуық қаражат субсидияға арналған. Бұл шаруалардың кәсібін дамытуға жасалған үлкен мүмкіндік болып отыр.
    - Облыста биыл көктемде 789 мың гектар жерге далалық жұмыстары жасалды. Соның 459 мың гектар жерге дәнді дақыл, 288 мың гектар жері мал азығы, 30 мыңнан астам гектар жерге майлы дақыл және 11 600 гектар жерге көкөніс пен картоп егілді. Биыл былтырға қарағанда ылғал 16% аз түсті. Жыл сайын дәстүрлі түрде егістік күні өткізіледі. Биыл бұл шара Мәртөк ауданында ұйымдастырылып отыр. Шаруашылықтар өзінің агротехникалық тиісті шараларын атқарса, егінді мол алуға мүмкіндік бар екенін көрсетеді. Мысалы, «Родники Агро» ЖШС биылдың өзінде техника және тұқым алуға 1,6 млрд теңге жұмсап отыр. Бүгінде дүниежүзінде азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Ауылшаруашылығын дамыту бұл инвестицияға салынатын экономикамыздың бір бөлігі болып табылады. «Родники Агро» ЖШС-нің жұмысының барысында жасымық дақылының егілгенін көрдіңіздер. Бұл дәнді дақыл негізінен экспортқа шығарылады. Өзінің құнарлығымен жердің топырағын байытады. Бұған қоса біз биыл бұрынғы қолданылып жүрген әдіспен тары ектік. Тарысыз құс фермаларын дамыту мүмкін емес, сондықтан осы саланы қолға алып жатырмыз, - дейді облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.
    «Родники Агро» ЖШС - заманауи ауылшаруашылық техникасын қолдану арқылы жаңа өндіріс технологияларын енгізіп жатқан шаруашылықтардың бірі. Бұл шаруашылықтың дихандары биыл 1млрд 300 млн теңгеге трактор, комбайн мен соңғы үлгідегі озық техникаларды сатып алған.
    - Мұнда бізде тәжірибе учаскесінде негізінен дәнді дақылдар ұсынылған. Жерде өсірілетін дақылдарды бір алаңға жинадық. Әрбір дәнді дақыл алқаптарының көлемі белгілі, тақтайшалар ілінген,-дейді «Родники Агро» ЖШС директоры Василий Бондырев.
    Оның айтуынша, әрбір дәнді дақылдың қуаңшылыққа төзімділігі әр түрлі болады. Семинарға қатысушылар арнайы ұйымдастырылған көрмеден «Родники Агро» ЖШС-нің егіс алқаптарындағы майлы, бұршақты- дәнді, мал азығы дақылдарын тамашалады.
    - Елбасының тапсырмасында айтылғандай ауылшаруашылығында жаңа цифрлық технологияны енгізу керек. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты- қазіргі күні соңғы үлгіде шығып жатқан технологияны шаруашылықтарға таныс-тыру, оларға технологияның тиімділігін түсіндіру. Бүгін осы жерге 40 түрлі бірнеше техниканы жинадық. Олардың барлығы,негізінен, өзіміздің шаруашылықтардың сатып алып жатқан техникалары. Бүгінгі көрмеде әлемге танымал 7 ірі компанияның ең соңғы шыққан ірі техникалары таныстырылды. Оған біздің шаруашылық басшылары да қызығушылық танытып жатыр. «Егіс күні» семинарына көршілес Орал, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінен шаруалар қатысуда, - дейді Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Іскендірұлы.
    Оның айтуынша, осы сынды семинарлар жыл сайын өткізіледі. Бұрын тек облыс аумағында өткізілсе, қазір семинарға көрші облыстардан қатысушылар көптеп келуде. Бүгінде Мәртөк ауданында егін шаруашылығымен айналысатын 100-ден аса шаруа қожалықтары бар.
    - Қазір біз ауылшаруашылығы мамандарына техниканы жаңарту жөнінде талап қойып отырмыз. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастырылған. Мысалы, шаруашылық жаңадан техника алатын болса, оған жұмсалған қаржының 25%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады. Бұл ауылшаруашылығы мамандары үшін өте тиімді. Осы іс-шара арқылы жаңарту жұмыстарын жасаймыз. Аудан бойынша былтыр 110 мың гектар жерге егін егілген. Ал биыл егін алқабын 12%-ға кеңейтіп отырмыз,-дейді Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы.
    Аудан әкімі егін оруға техниканың жарамдылығын және оның санының жеткілікті екенін айтады. Бірақ оның барлығын уақытылы жаңарту керек. Алайда жұмысшы күшінен тапшылық байқалады. Қазір ауданда механизаторлар, трактор жүргізушілері жетіспейді. Осы ауданда орналасқан «Жайсаң» көп салалы колледжі ауылшаруашылығы саласының мамандарын дайындайды. Оқу бітірген жас мамандар «Родники Агро» ЖШС-де іс-тәжірибеден өтеді.
    - Ауылшаруашылық саласына жас мамандары тарту керек. Жаңадан әкелінген техникаларды басқару қиындық туғызбайды, - дейді Мәртөк ауданының әкімі.
    Дәстүрлі түрде өтетін шараға 160-тан астам егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары қатысты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан , Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген мамандар да болды. Қонақтар «Родники Агро», «Бордо Индастрис», «Туркуаз Машенери», Евразия груп» секілді шаруа қожалықтарының ауылшаруашылығы техникаларын тамашалады.
    - Мәртөк ауданы егіншілік ауданы ғой. Біз егін шаруашылығымен айналысуды былтыр бастадық. Биыл 200 гектар жерді жыртып, өңдеп жатырмыз. Бүгінгі «Егістік күні» шарасында бидай, арпа дақылдарының жаңадан шығарылған сұрыптарымен таныстық. Өзімізге тәжірибе жинап, пайдалы мәлімет алдық. Алдағы уақытта осы «Родники Агро» ЖШС-нан тұқым аламыз деген ойымыз бар,-дейді «Сұлтан» ШҚ басшысы Жайлыхан Бекназаров.
    Елбасының тапсырмасы бойынша, аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндеті қойылған болатын.
    - Елбасымыздың берген тапсырмасы бәрімізді үлкен шараларға міндеттейді. Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттырудың өзі үлкен тәжірибе мен білімді талап етеді. Ақтөбе облысында ауылшаруашылықтың әлеуеті өте зор. Сонымен қатар алдымызда тұрған міндеттер мен мәселелер де бар. Осыларды шешу жөнінде облыс көлемінде бірсыпыра жобаларды жоспарлап отырмыз. Агронөнеркәсіпті жаңа үлгідегі технологиямен қамтамасыз ету - осы саладағы күн тәртібінде тұрған ең өзекті тақырыптың бірі. Өздеріңіз білетіндей, цифрлық Қазақстан бағдарламасының агроөнеркәсіпке қатысты үш негізге бағытталған жобасы бар. Біріншісі, онлайн сауда-саттық пен ветеринарияны дамыту. Сондай-ақ цифрлық фермалар құру. Осы басқосуымыздың басты мақсаты - шаруашылықтың осы бағытын ілгері жылжыту, одан әрі дамыту,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
    Семинар аясында облыс әкімі шаруашылық басшыларына алдағы уақытта егілетін өсімдіктің түрін көбейте отырып ғалым-агрономдармен бірлесе жақсы тұқым алу үшін ғылыми зерттеулер жасау қажеттігін айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл 514 мың тонна астық жиналды
  • Егіннің жайы қалай?
  • Қарғалыда құмай егіледі
  • Ақтөбе облысында алғаш рет нут асбұршағы егіледі
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге