Берекелі істің берері мол

    Ауылдан шыққан өнім қашан да өзінің дәмімен ерекшеленеді. Сүт-қаймақты өндіріп, адал еңбекпен табыс табу – нағыз шаруаның жұмысы. Өзінің негізгі мамандығы мұнайшы болғанымен, Серік Базаров ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде ол басқарып отырған «Әлім» шаруа қожалығы алдыңғы қатарда еңбек етіп келеді.

    Берекелі істің берері мол

    Қарғалы ауданына қарасты Әлімбет ауылының табиғаты да, климаты да мал-жанға жайлы. Мал шаруашылығымен айналысып отырған Серік Базаров бұл аймақтың жерінің өзі құнарлы екенін айтады. «Әлім» шаруа қожалығының іргетасы 2014 жылы құрылған. Негізгі бағыты- мал шаруашылығы болып табылады.
    Ірі қара мал өсіру Базаровтар әулеті үшін отбасылық бизнес саналады. Үнемі аудандық және облыстық жәрмеңкелерге қатысып отырады. Ірі қара мал өсірумен мемлекеттік бағдарлама арқасында айналысып отыр.
    - «Әлім» ШҚ жұмысын жасап келе жатқанына биыл 5 жыл толып отыр. Кәсіпті бастар алдында мемлекеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алдым. «Сыбаға» бағдарламасын пайдаланып мал басын көбейттім. Санақта төлді есепке алғанда, 110 бас ірі қара мал басы бар. 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен тағы да несие алып, мал басын көбейттім. Негізі шаруа қожалығын ашар алдында өзімнің жеке азды-көпті малым болды. Әкеміз баяғыдан бері мал бағып келеді. Кәсіпті бастағанда бар болғаны 30 ғана мал саны болды. 2014 жылы алған несиемді бар болғаны 4 жыл ішінде жауып үлгердім. «Сыбаға» бағдарламасы бұл 9%, ал «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы – 6%. Биыл тағы да несие алып, қайтадан мал санын көбейттім.

    Жылқы бағу оңайырақ
    «Әлім» шаруа қожалығында қазір қой, сиыр және жылқы бар. 2014 жылы кәсіпті бастаған кезде бастапқы ойым – жылқы шаруашылығын дамыту болды. Қымыз сауып, кәсіпті дөңгелеткім келді. Осы жосапрымды іске асыру үшін Батыс Қазақстан облысынан жылқы алып келдім. Оған да «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қол жеткіздім. Ал 2019 жылы дәл осы бағдарламамен сиыр алдым. Бүгінгі күні жылқы бағуға біздің тұрғылықты мекен-жайымыз сәйкес келмей отыр. Себебі айнала теміржол, шекара аймағы. Жер мәселесінен біршама қиындықтар туындады. Жылқы саны бұрын кәсіп болып басталғанда 22 бас болатын. Ақырында бұл кәсіп келіспеген соң, санын азайттым. Қазір қожалықта жылқы малы бар, бірақ саны бұрынғыдан тым аз. Ауылымыз шекараға жақын болған соң да тиімсіз болып отыр.
    Негізі мал шаруашылығының ішінде жылқы өсіру оңайырақ. Алдағы уақытта шаруа қожалықтың орнын ауыстырсам, жылқыны қайтадан қолға алу ойымда бар. Өйткені ол сиыр бағудан гөрі әлдеқайда жеңілірек. Қысы-жазы дала жүріп жайылады, қорегін өзі табады. Ал біздің мал қыс мезгілінде қорада тұрады. Жасыратыны жоқ, оны жайлаудың өзі қиын. Шаруашылықта ең көбі 22 бас болды. Оның ішінде құлын-тайы да бар. Қазір биені де саумаймыз, тек далада жайылып жүреді. Әлімбет ауылы Орыс-Қазақ шекарасынан 9 км жерде орналасқан. Шекараға жақын дегенім сол. Оған қоса, арасында ұрлық байқалып тұрады. Сол себепті де жылқы малын өсіруді тоқтаттым.

    Негізгі мамандығым - мұнайшы
    Қазір сиыр бағып, сүт өнімдеріне нақты ден қойдым. Қожалықта барлығы 110 ірі қара болса, соны жиырмасы сауын сиыр. Оларды сауу үшін арнайы сауыншы жалдап әлек болмаймын. Өйткені анам, жеңгем және жолдасым қызмет етіп жүр. Солардан ауыспайды. Оған қоса сиыр сауатын арнайы аппарат бар. Оны Ресейден сатып алып келдім, бағасы 24 мың рубльді құрайды. 20 бас сиыр сауылады. Сиыр сауатын аппарат бір сиырды 10 минут, бір сағатта 10 сиыр сауады. Анамның жасы 60-қа таяса да, әлі еңбектеніп жүр. Оған денсаулық берсін деп тілеймін. Сиырды сауып, сүт пен қаймақ, май, ірімшік өндіреміз. Көбінесе сүт өнімдерін Ақтөбеге тасимын. Көтерме бағамен барлығын бір жерге тапсырамын. Ол жақ екеуміздің арамызда келісім-шарт та бар. Мал шаруашылығымен айналысуды әкем мен ағам бастады. Отбасылық кәсіптің бұл тек бастамасы ғой. Негізі мал шарушылығымен айналысу табыс көзі ретінде өте қолайлы. Ал негізгі мамандығым мұнайшы. Шаруа қожалығымен айналысуға осы отбасылық кәсіп әсер етті десем болады. Қазір бұл жерде 100-ден астам ірі қара болса, 60 шақты қой және 7 жылқы бар.
    Жергілікті тұрғындар біздің өнімді жиі тұтынып тұрады, сұраныс та жоғары. Ара-тұра аудандық жәрмеңкеге шығып тұрамын. Жәрмеңкеге ет, қаймақ-май апарамын. Көп күттірмей, бәрі тез сатылып етеді. Осылай өзіміздің өнімді жан-жақа шығарып тұрамыз. Былтыр шекара асып, жәрмеңке ретінде Орск қаласына барып келдік. Ол жаққа Қарғалы ауданы атынан аттанған болатынбыз. Май-қаймақпен бірге бір малдың етін апардым. Арасында «Табыс» сауда орталығында болатын жәрмеңкелерге де қатысып тұрамын. Былайша айтқанда, қай жерге жәрмеңкеге шақырады, сол жақа бара беремін.
    Қазір бізде тек қана бір бақташы жұмыс жсайды. Өзім әкем және інім үшеуміз барлық шаруаны тындыруға тырысамыз. Алдағы уақытта қожалық көлемі үлкейіп, кәсібіміз дамып жатса, жұмысшы санын да көбейтерміз деген ойдамын.

    Таза еңбек
    Нарық заманында мал шаруашылығымен айналысу оңай жұмыс деп айта алмаймын. Бірақ қалай атасаңыз да, бұл таза еңбек. Бақташының еңбегін жемеймін, уақытылы еңбекақысын төлеп тұрамын. Мал бағу қиын, оны өзім де жақсы білемін. Еңбекті бағалау қажет.
    Қожалықтағы ірі қара малдың аналық басын тұқымдық түрлендіру үшін биыл екі асыл тұқымды бұқа жалға алынды. Қожалық жұмысын бастаған жылы бұқаны көрші ауылдан Қарғалы ауданындағы «Степное» ЖШС-нен сатып алдым. Одан кейін Алға қаласынан «Актеп»-тен жалға алып отырмыз. Бізде сиыр тұқымдары ақбас сиыр мен ресейлік сементал сиыры. Жануар болған соң, оның да ауыратын кездері болады. Ондай кезде мал дәрігері келіп жағдайды бақылауда ұстайды. Алты ай сайын қожалықтағы әрбір мал басынан қан алып, тексеріп отырады. Қажетті екпесі де тегін егіліп тұрады. Аурудың алдын алу мақсатында тазалық үшін жыл сайын мал тұратын қораларда дезинфекция шараларын жасайды. Оны мінедетті түрде қалдырмайды. Қазір ШҚ басында 2 қора бар, бірінің көлемі 7х15, екіншісі 10х25.
    Әрбір шаруа қожалығы сияқты малға қысқы азықты тыңғылықты дайындауға тырысамыз. Қазір техникаң болмаса мал бағу да тиімсіз сияқты. Отандық өнімді қолдайтын кәсіпкермін. Бізде жеке 2 тракторымыз бар. Екі техника да Қазақстанда шығарылған. Шаруа қожалықты ашпас бұрын сатып алдық. Қысқы мал азығына шөпті өзіміз орып, дайындаймыз. Ал жемді ақшаға сатып аламыз. Жылына 15-20 тонна жем қажет етеді, енді оны ақшасына қарап аламын. Мүмкін болған жағдайда, еркек бұзауларды тапсырып жіберемін, мысалы «Актеп»-ке.

    Мақсатқа жете білу керек
    Шаруа қожалық ретінде 2014 жылдың қысынан дайындалып, көктем айында жұмысты бастап кеттік. Басқа саладағыдай секілді алғашқыда қиындықтар болды. Әсіресе жер мәселесі біршама қиындық туғызды. Осы ауданда «Саха» ЖШС болды, шөпті содан жерді жалға алып оратынбыз. Оның үстіне уақытылы төлейтін басымызда несие бар. Қазір енді жағдай бұрынғыдай емес, жағдай жақсарды. Жергілікті әкімдік белгілі бір жер аумағын белгілеп береді. Сол жердің шөбін шауып, қысқа жететіндей азық дайындаймыз. Биыл әкімдік тарапынан 240 га жер белгіленген болатын. Ал шөп жетпей қалған жағдайда өзге шаруашылықтардан пайызға келісіп, шөпті сол жерден орамыз. Жер мәселесінен басқа кедергі байқалмады. Ең қиыны - малға азық дайындау ғой. Қыс мезгілінде сиыр қорада тұрады. Есік алдында құдық бар. Өзгелер секілді суатқа айдамаймыз. Қорадан шығарып, құдыққа суарамыз. Жаз айларында күн ұзаққа өріске айдаймыз. Таңертең 6-да айдап жіберіп, кешке сағат 9-да өрістен қайтады.
    Кәсіпкерлерге үкіметтен бірталай көмек көрсетіліп отырғаны қуантады. Мемлекеттен субсидиядан басқа біз үшін кредиттің пайызы аздығы ыңғайлы болып отыр. Кәсіпкер ретінде ең бірінші алдына қойған мақсатқа жету керек деп есептеймін. Айналаңдағыларды ренжітпей, шамаң келгенше келісімге келу керек. Жұмысшылардың ақшасын уақытылы төлеу маңызды. Жылына барлығын қосқанда 150-160 мың теңге салық төлейміз. Оның ішінде бәрі есептелген. Жалпы еңбектенген адамға мал шаруашылығымен айналысу қиын емес. Ө тарапымыздан ауыл шаруашылығын дамытып жатырмыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта мал санын көбейтіп, сүт өнімдерін өндірсем деймін. Менің ойымша, ең тиімдісі де сол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Қазақтың кәсібі - мал
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге