Қымыз ішкен қазақпыз

    Емге шипа болар қымыздың пайдасын қазақ бабам бағзы заманнан-ақ білген. Әйтеке би ауданындағы «Шыңғыс» ШҚ бүгінде осы ұлттық сусынды өндіріп отыр. Ата кәсібін жалғастырып келе жатқан Орынбай Жолмұратов жылқы шаруашылығынан береке тапқан жандардың бірі десек болады.

    Қымыз ішкен қазақпыз

    «Шыңғыс" шаруа қожалығы қызметінің негізгі бағыты ет-сүт бағытындағы жылқы және ірі қара мал өсіру. Бүгінгі күні қожалықта 500 бас жылқы, 200 бас ірі қара мен 100 бас қой- ешкі бар. Ал жалпы жобаның орналасқан жері - Әйтеке би ауданы, Ақтасты елді-мекені.
    2008 жылдан бері басталған кәсіптің арқасында сатылымға жылына 100 тонна қымыз шығарылады. Негізінде инвестициялық жобаның атауы – қымыз өндіретін шағын цех салу болатын. Жоба көлемі барлығы 15 млн теңгені құрайды. "МКҰ Актобе ауыл микрокредит" ЖШС» қаржыландыру көзі арқылы ашылған қожалықта бүгінде барлығы 18 адам жұмыс жасайды.
    - Негізі «Шыңғыс» ШҚ 2002 жылы ашылған болатын. Онымен тек 2008 жылдан бастап кәсіпті нақты қолға алдық. Қазір 500 бастан астам жылқы, оның ішінде 200 сауын бие. Арнайы қымыз цехымыз да бар. Сатылымға жылына 100 тоннадан астам қымыз шығарамыз. Қымызды бірден Ақтөбеге әкеліп бір жерге тапсырамыз. Қалғанын базарлар өздері таратып алады ғой. 200 ден астам ірі қара мал бар. Қой-ешкіні тамаққа ұстап отырмыз.Негізі қазір базарда қымыздың литрі 900 теңге, ал бізде 500 теңге шамасында болады. Көтерме бағамен бір жерге тапсырған тиімдірек. Ақтөбеге жеткенше жолшыбай кейбір жерлерге де сатамыз,-дейді «Шыңғыс» ШҚ басшысы Орынбай Жолмұратов.

    Шаруаның айтуынша, жылқы бағу - шаруашылықпен айналысу үшін өте тиімді екен.
    - Бірақ бұл саланың өзіндік ауыртпашылығы да бар. Өте ауыр, арасында ауру-сырқаты болады. Тиімді болмаса, мал ұстамаймыз ғой. Жұмыс істеген адамға ауылда тұрғанымен тиімді. Егер де бір үйде сиыр-жылқысы болса, үйрек-қазы, тауығы болса, оның қалаға көшіп кететін не құны бар? Жұмыс істейтін адамға қай жерде де жақсы. Өзім зейнеткермін, жасым 64-те. Зейнет жасында болсам да, менің әлі алда жоспарларым көп. Келесі жылы алыстан келетін жолаушыларға арнап шайхана ашқым келеді,-дейді ол.
    Кәсіпкердің алыс жолдан келген жолаушыларға осындай жағдай жасамақ ойы бар. Таза өнімді ұсынатын шайхананың келушілері де көп болатын сияқты.
    - Қымыз, сүт-қаймақ, қуырдақ та өзімнен болады. Ауылдың таза өнімі, неге ашпасқа? Бұл биылғы жоспар, жарын іске асырамыз. Егер сол жолдың бойына ашсам, өзімнің қуырдағым бар, шайым бар. Тамақты дәмді етіп істейтін аспаздар ауылда да бар ғой. Осы жоспарымды ауданымызға жаңадан келген әкім де қолдады. Менің ойымша, денсаулық болса, жас кедергі емес. Әкіміміз көмектесемін деді, - деп шаруа алдағы жоспарымен де бөлісті.
    Кәсіп бастаған адамға үкіметтен берілетін мүмкіндік зор. Қажетті несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалардың саны күн сайын көбеюде. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылығының дамып келе жатырғанының белгісі.
    - Мемлекеттен қымыз цехін ашуға, жылқы сатып алуға қаржылай несие алдым. Одан кейін трактор алуға ақша қажет болды. Шаруа қожалығын ашқалы 10 және 15 млн теңге көлемінде несие алдым. Олардың пайыздық мөлшері 9 %, кейінірек 6 % құрады. ЖҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша 10,0 млн.теңге сомасына қымыз өндіру жабдығын, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы пресс, трактор алдым. Олар техниканы несиеге берді. 7 жылға деп береді, бөліп-бөліп ақшасын төлейсің. Ол да 9%-ды құрайды. Қазір 6-ға түсіпті. Біле білсеңіз, бұл жұмыс істеген адамға үлкен көмек.
    Бүгінде шаруа қожалықта 4 белорус трактор, пресс, және 2 косилка бар екен. Кәсіпкер оларға керек жағармайды ақшалай өзіміз сатып аламыз дейді.
    - Жағармайдың литрі 193 теңге тұрады. Ақтөбеден ауданымыз қашық болған соң тасу қиын. Бір жағынан уақыт тапшылығы әсер етеді. Қожалықтың бір жылдық жұмысына шамамен 15-20 тонна солярка кетеді. Өйткені тек шөп шауып қана қоймайсың. Біздің малымыз бар, ол мотормен құдықтан су ішеді. Биыл құрғақшылық болып отыр. Сондықтан әр жерден құдық қазуға тура келеді. Солярка дегенде, техниканың қозғалысы көп. Қора саламыз, шаруа істейміз. Бір орында отырмаймыз. Жағармай сол себепті де көп кетеді, 20 тоннадан аспаса, кем болмайды,-дейді ол.
    Шаруа қожалығында қазір жұмыс істеп тұрған 2 баз бар. Одан басқа да үлкен-кішілі қоралар бар екен. Олардың көлемі 11х20 ш.м. яғни стандарт бойынша салынған.
    - Техникам жеткілікті, малға керекті шөпті өзім шауып аламын. Қожалықтағы малдың күйін жақсы сақтау үшін жылына 1000 тоннаға дейін тюк шөп және 60 тонна арпа қажет болады. Азық ретінде оны диірменге тарттырып береміз. Арпаны Қостанайдан сатып аламыз. Жалпы мал шаруашылығы үшін осылардан басқа азықтың қажеті жоқ. Ірі қараға арнайы тұз береміз. Ал жылқы малын сиырға қарағанда бағу оңайырақ. Бірақ оларды қыста бағатын мықты адам керек. Ауыл жақта ұрлық өте көп. Әйтеке би ауданы Ресейге жақын орналасқан. Қостанай облысы да алыс емес. Жоғалып кетсе, табылуы қиынға соғады. Қожалықтағы қой-ешкі, сиыр, жылқы бәріне қазақша ен саламыз. Оған қоса үкіметтің беріп жатқан номерация жүйесі бар. Барлығы 500 жылқы мал бар, оның ішінде жаңа айтып кеткендей 200-і сауын бие, құлын-тайы бар. «Шыңғыс» шаруа қожалығының негізі жұмысы – бие сауып, қымыз өндіру,-дейді шаруа иесі.
    Ауыл шаруашылығымен айналысқан адам біріншіден өзіне пайда тапса, екіншіден тұрғындарға жұмыс орнын тауып береді.
    - Қазір шаруа қожалығында 18 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде тұрақты 4 сауыншы, 4 тракторшы, 4 бақташы және одан басқа да жұмысшылар бар. Бие саууға арнайы аппарат бар. Негізінде жұмысышыларыма басшы ретінде жақсы қараймын, көмектесіп отырамын. Олар қысқа арнап көмір, отын алады. Айлықтың есебіне ақшасын біз төлеп береміз. Қалған ақшасын қолма-қол беремін. Былай есептеп келгенде, қожалықтағы әр жұмысшы 90-120 мың теңге аралығында жалақы алады. Қолдан келгенше жұмысшылардың жағдайын жасаймыз. Жұмыс іздеп ауылдан қалаға кеткен адамдардымен мүлдем түсінбеймін. Шаруашылықтағы сиырдың сүті өзімізден артылмайды. Бізде көбісі етті тұқым сиыры. Бұзауларды күзде тапсырып жібереміз, ангус тұқымы болғандықтан ірі келеді. Былтыр 98 бұзау тапсырдық. Ал биыл 100-150 бас бұзау тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Тұқым жаңартып отыру үшін «Актеп»-тен бұқаны жалға аламыз. Сосын бұзауларды қайтадан сол жаққа тапсырамыз. Актептің көмегі күшті. Ангус тұқымды бұқалар ірі салмақты келеді, сондықтан да, бұзаулары ірі болады, қымбат бағамен сатуға болады. Қыстан қорықпайды. Бір бұқаның салмағы 300 кг дейін тартады,-дейді ол.
    Шаруаның айтуынша, жұмыс істеген адамға мемлекеттен көмек көп көрсетіліп жатыр.
    - Сиыр тұратын қораларды өзің тазартқың келсе, тазартасың. Мүмкін болмаса, әкімдіктен арнайы мамандар келіп тазартып береді. Дезинфекциялау шараларының бағасы тіпті қолжетімді. Ветеринар дәрігер үнемі тексеріп тұрады. Әрбір мал басынан қан алып, анализ жасалады. Бұл да міндетті жұмыстардың бірі. Негізі 6 ай сайын алып тұрады. Ал егер ауру шықса, ай сайын тексереді. Қой-ешкіні өзіміз үшін бағамыз. Мал басын құдықтан насос арқылы су тартып суарамыз. Сиыр, жылқы, қой-ешкінің өрісі де әр жерде. Құдықтың суына суарылған мал ешқайда ұзап кетпейді. Насоспен су тартқанда қайта тиімді. Қиындығы жоқ, шамалы ақша жейді. Бізде жалпы осындай 7-8 құдық бар. Мал басы қай жерде шоғырланса, құдық қаздыра береміз,-дейді қожалық иесі.
    Әйтеке бе ауданы мал шаруашылғымен айналысуға өте қолайлы. Ақтасты елді-мекені аудан орталығынан 150 км дей қашықтықта орналасқан.
    - Біз өндірген қымызды ауылдастарымыз жиі сатып алалды. Жалпы сұраныс жаман емес, сусын тез өтеді. Шаруа қожалығымды «Шыңғыс» деп немеремнің құрметі атадым. Кәсіпкер ретінде жұмыс істеу керек, аянбау керек деген ережені ұстанамын. Бізде бұл бұрынғы тәрбие ғой. Қазіргі уақытта шаруа қожалығын жалғыз өзім басқарамын, ешқандай серіктесім жоқ,-дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Берекелі істің берері мол
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Қазақтың кәсібі - мал
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге