Кәсіптің бәрі – «Айшуақта»

    Кәсіптің бәрі – «Айшуақта»

    Қарғалы ауданындағы жұмысы жайқалып отырған шаруашылықтардың бірі – «Айшуақ» шаруа қожалығы. Осыдан отыз жылдай бұрын құрылған шаруашылық бүгінде республика деңгейіне танымал. Қожалық мал шаруашылығымен шектеліп қана қоймай, бау-бақшаның да қамын үйлестіріп үлгерген.

    Қарғалы ауданына жол тартсаңыз, Желтау ауылына соғып кетіңіз. Еңбектің қазаны осы жерде қайнап жатыр. 1990 жылы ашылған «Айшуақ» шар-уа қожалығы дерлік бір ауданды таза өніммен қамтамасыз етіп отыр. Қожалық негізінен ауылдың ішінде емес, «Ақтөбе-Орск» тасжолынан 57 шақырым қашықтықта орналасқан. 2014 жылы жаңа қожайынның қолына ауысқан.

    Бастапқы жарна өзімізден болды
    - «Айшуақ» шаруа қожалығының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Сонымен қатар қожалық құс және өсімдік шаруашылығымен де айналысады. Біз кәсіпті өзіміздің қаражатпен бастадық. Негізгі жоспар қала ішіне ет және сүт жеткізу, - дейді қожалық басшысы Александр Клатт.
    Шаруашылық 1997 жылы құрылған. Содан бері отыз жылға жуық уақыт өтсе де, өнімге сұраныс төмендемепті.
    - Біз мал және өсімдік шаруашылығымен айналысамыз. Өткен жылдан бастап "Сапар"шаруа қожалығымен бірлескен өндірістік қызмет атқарып келеміз. Жалпы жер көлемі 1040 га құрайды. Оның ішінде 640 га –тыңайған жерлер. Ал қалған 400 га – егістік. Бүгінде шаруа қожалығында 40 бас жылқы бар. Сонымен қатар 800 бас қой, 200 шошқа және 300 шақты үй құстары өсіріледі. Жұмысымыз алға бассын деп, былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Алға» несиелік серіктестігі арқылы 800 бас ірі қара мал сатып алынды. Биыл егістің алаңына 400 га дәнді дақылдар егілді. Таза өнім өзімізден болсын деген талпыныспен 6 га көкөніс өсіру үстіндеміз. Алдағы уақытта шаруа қожалығы көлемі 720 шаршы метр құрайтын жылыжай салмақ. Кейін оны жылдың соңына дейін пайдалануға енгіземіз,-дейді ол.

    6 жұмыс орны құрылды
    Шаруа қожалығының қызметін кеңейту үшін тағы бір жоспар өңделіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, "Ақтөбе-Орск" автожолының бо-йында кафесі бар дүкен салу үшін жер телімі рәсімделді.
    -Осы уақытқа дейін шаруа қожалығы көптеген жетістіктерге жетті. Дегенмен заман талабына сай әлде де дамуды талап етеді. Бүгінде жұмысшылардың үлесімен мал күтіліп, бағылуда. Алдағы уақытта мал өнімін арттырғымыз келіп отыр. Басшы ретінде жұмысшыларға асқан түсіністікпен қараймын. Өйткені мал бағу оңай емес. Оларға жалақыдан бөлек тамақ және тұратын үй-жайы тегін беріледі. Еңбекақы уақыты төленіп тұрады. Жұмысшылардың жағдайы жайлы болса, жұмыс та жақсы жүреді. Ал жұмыс жақсы жүрсе, табыс көп болады. Қазіргі уақытта тұрақты 6 жұмыс орыны бар. Арасында мезгілге сай маусымдық жұмысшылар да болады,-дейді кәсіпкер.

    «Сыбаға» арқылы дамыдық
    Әзірге шаруа қожалығы «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік Қорының көмегіне жүгінбеген. Дегенмен кәсіпкер жалпы шаруа қожалықтарына арнайы жеңілдіктер берілетіндігінен хабардар.
    -Қазір -техниканың заманы болғандықтан, көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналыспайды. Сондықтан да болар, мемлекет шаруа бастаушыларға барынша көмектесіп жатыр. Біз арнайы субсидия алдық. Оның қаражаты пайдалы іске кетті деп ойлаймын. Мысалы, біз шаруа қожалығындағы жаңа бір тракторды және 537 бас ірі қараны «Алға» КТ, «Сыбаға» және «Іскер» бағдарламалары бойынша несиеге алған болатынбыз, - дейді Александр Клатт.
    Қазіргі уақытта «Айшуақ» шар-уа қожалығында 2 трактор мен шөп шабатын және жинайтын техникалар бар. Бұлардың барлығы Ақтөбе облысының аумағынан сатып алынды.
    Бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп, бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер алғашында қиындықты да бастан өткізген.
    - Қай істі де бастар кезде ештеңе оңайға соқпайды. Мол табысқа кенелу үшін көп еңбектену қажет. Онсыз болмайды. Шаруа қожалығы құрылған кезеңде қиындықтар болды. Бірақ бүгінде олардың біреуі де есімде сақталмапты. Әр мәселенің шешімін таппас бұрын, мәселенің неде екенін пысықтап алу керек. Қай кәсіп болмасын, өзіндік қиындықтар болады. Сол сияқты жұмыс барысында туындайтын мәселе көп. Біз жолымызда кездескен бүкіл қиындықпен еңбек және бірлік арқылы күресеміз. Қазіргі уақытта шаруашылықты жеке өзім басқарамын. Жергілікті тұрғындар біз ұсынған бақша өнімдерін жоғары бағалайды. Солардың арқасында сұраныс күн сайын жоғарылап барады. Қазір енді маусым болғандықтан да, көптеп сатып алуда. Оған қоса ауыл шаруашылығымен айналысуға ауданымыздың климаты да қолайлы, - дейді ол.

    “Өңір саудасына үлес қосып жатырмыз”
    Александр Клатттың айтуынша, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көп. “Бастысы-ерінбей, еңбектену керек”дейді ол.
    -Біз көкөніс, мал өнімдерін сатып, жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ұсынудамыз. Осы барлық атқарып жатқан еңбегіміз – Ақтөбе облысының саудасына қосып жатқан үлесіміз деп ойлаймын. Ауданымыздың атынан осындай жұмыстарды атқару біздің команда үшін үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ал кәсіпкер ретінде ең бірінші заңдылық және әділдік ережесін ұстанамын. Тәртіп бар жерде бәрі дұрыс болады. Қай жұмысты істесең де, өзіңнің абыройыңды түсірмеу қажет деп есептеймін.

    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ұқсас жаңалықтар
  • Төрт түлігі түгел өрген ауыл
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге