300 жұмыс орны ашылады

    300 жұмыс орны ашылады

    █ Қарғалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 14 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және 178 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. 16 мыңнан астам халқы бар ауданда бүгінде 17-ден астам ұлт өкілдері тұрады.

    Қарғалы ауданында ауыл шаруашылық саласы күн са-йын өркендеп келеді. Егіс ору науқаны қызып, жұмыстың нағыз шыжығы басталды. Одан бөлек бау-бақшадағы өнім де жиналып жатыр. Аудан әкімінің айтуынша, экономикалық жағдай да бірқалыпты. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығының барлық саласын дамыту міндеттелді. Биыл 8 ай ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 10 млрд. 276 млн. теңгені құраған.

    Электр станциясы салынуда
    - Ауданның биыл 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң нәтижелерге жетті. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1 млрд. 709 млн. 700 мың теңгені құрады. Оның ішінде кен өндіру көлемі - 694,2 млн тг, өңдеу өнеркәсібі - 769,8 млн тг, электр және газ - 212,4 млн тг және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратылуын бақылау бойынша 33,4 млн теңге. Биыл ауданымызда жағымды жаңалықтардың бірі желден қуат алатын электр станциясын салу жұмыстарының басталуы. Жобаның басты тапсырыс берушісі әлемге танымал бәсекелес компаниялардың бірі Италиялық «ENI корпорациясы». Ал негізгі мердігер «BI GROUP» корпорациясы. Жобаның жалпы құны 33 млрд теңге, қуаты 48 МВт. Бүгінде бұл жобаны іске асыру мақсатында мердігер мекеме тарапынан жатақхана және асхана құрылысы салынды. Жалпы Қарғалы ауданына түсетін инвестиция көлемі 1 млрд 800 млн теңге, бүгінгі күнге түскені 583 млн теңге. Құрылатын жұмыс орны 300 адамдық. Оның ішінде 130 адам жергілікті тұрғындар қатарынан. Қазіргі уақытта 56 адам жұмысқа қабылданған. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 3 млрд.605 млн. 900 мың теңгені құрайды. Жыл қорытындысы бойынша инвестиция көлемін 5 млрд.900 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр,-деді Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсіпбалиев.

    30%-ын қамтамасыз етуде
    Биыл аудан бойынша егістің алқабы 163,3 мың га жер есептелген. Оның ішінде, дәнді дақылдар -115,4 мың га, майлы дақылдар - 3,8 мың га, картоп – 1 000 га, көкөніс және бақша дақылдары - 570 га және мал азығы дақылдары - 24,4 мың га көлемді құрайды. Суармалы жердің көлемі - 6 мың 694 га бар. Оның 5 мың 653 га шаруашылық субъектілеріне бекітілген. Ал 6 мың 72 га жерге бақша өнімдері және мал азығы егіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатында 346 мың га жер өңделуде. Егістік көлемі -135,6 мың га, тыңайған жерлер - 16,6 мың га және жайылым -184,7 га көлемді құрайды.
    Қарғалы ауданы Ақтөбе облысының шамамен 30%-ын картоппен қамтамасыз етіп отыр. Осы күнге дейін тек қана көкөніс өндірумен айналысатын «Алма» ШҚ 1996 жылдан бері жұмыс жасайды.
    - Шаруа қожалықта картоп, қызылша, қырыққабат және сәбіз өсіреміз. Оның ішінде қырыққабат - 12 га, картоп - 24 га, қызылша - 12 га және сәбіз - 5 га көлемді құрайды. Бұл жерде қазір 12 адам қызмет етеді. Қызылшаны жинауды бастадық, ал картопты жинауға әлі ерте. Көкөністерді қаладағы азық-түлік орындарына сатамыз. Картоптың гала, латона және амароза деген сорттары өсіріледі. Қырыққабаттың көтерме бағасы 65-70 теңге шамасында, ал сәбіз 70 теңгеден басталады. Шыққан өнімді түгел пайдаға асыруға тырысамыз,-дейді «Алма» ШҚ басшысы Сергей Дегтяренко.
    Шаруа жұмысты атқаруға керекті техникалардың барлығын «ҚазАгроҚаржы» қоры арқылы алғандығын алға тартады. Биыл картоптың өсімі жақсы, бірақ әлі жиналған жоқ. Кәсіпкер оны жинауға аса көп уақыт қажет еместігін де айтты. Себебі олар картопты арнайы комбайн техникасымен жерден қазып алады екен.

    300 жұмыс орны ашылады

    Күніне 200 литр сүт алады
    Көкөніс өндіруден басқа бағыттар бойынша да даму байқалады. Сүт өндіруді қолға алған «Қос-Естек» АШӨК аудандағы ірі сүт өңдеуші кәсіпорын ретінде тіркелген.
    "Қос-Естек" ауыл шаруашылық өндірістік корпоративі 2016 жылдың сәуір айында құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – өндіріс, дайындау және қайта сүт өңдеу. Бұл жердегі ірі қара саны 128 басты құрайды. Кооператив негізінен тұрғындардан және жақын орналасқан ауыл шаруашылықтарынан сүт сатып алады.
    - Ең алғашқы кездері тек сүт қабылдайтынбыз. Бұл өндірістік коорпоратив 2016 жылы ашылды. Бастапқыда ауданның барлық ауылының сүтін қабылдап, қалаға таситынбыз. Ол кезде сүтті арнайы салқындатып тұратын құрылғы және сүт тасуға арналған көлік те болды. Ешкімге тәуелді болмас үшін мини зауыт ашу ойыма келді, -дейді «Қос-Естек» АШӨК басшысы Еркін Өтегенов.
    Оның айтуынша, кей кездері сүттің ешкімге керегі болмай қалады. Оны сақтау үшін арнайы құрылғылар болу міндетті.
    - 2016 жылы сүт зауытын өзімнің қаражатыма салған болатынмын. Кейін «Ауыл» және «Даму» бағдарламары бойынша микрокредит алдым. Арасында сүт тапшылығы байқалатындықтан, тағы несие алып, ірі қара сатып алдым. Қазір бұл жерде 6 адам жұмыс жасайды. Тапсырыспен жұмыс жасаймыз. Күніне 100-200 литр сүт өңдейміз. Қазір ешкімнен сүт қабылдамаймыз, таза өзіміздің өнім. Бүгінде бізбен бірге «Велиховка» ЖШС бірге жұмыс жасайды. Мемлекеттің тарапынан қолдау бар. 70%-ға салық төлеуден босатылдым. Күніне 200 литр сүт сауып аламыз. Оның 100 литрін өңдейміз, ал қалғанын алдын ала келісім бойынша «Айс» ЖШС-ға тапсырамыз. Біздің өнімге сұраныс жоғары, қалаға өзім тасимын,-дейді ол.
    Ақтөбе облысында Қарғалы ауданының мал және егін шаруашылығына қолайлы екенін мамандар да растайды. Өйткені ауданның климаты құрғақ емес және су қоры жеткілікті. Шөбі шүйгін, жері құнарлы аудан облыс бойынша шаруашылық саласынан алдыңғы қатарда.
    - Қарғалы ауданы - ауыл шаруашылық саласына өте қолайлы аудандардың бірі болып табылады. Әсіресе бұл ауданда егін шаруашылығы жақсы дамыған. Биыл 164 мың га жерге егін егілді. Аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау білдіріп отырамыз,- дейді Қарғалы ауданының әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов.

    Жаңа құрылыс басталды
    Бұдан өзге Қарғалы ауданының орталығы Бадамша ауылында жаңадан 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар 70 балаға арналған интернат та дәл мектеп жанынан бой түзейді.
    - Жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылды. Қазір 20 адам жұмыс жасап жатыр. Ал жұмыс жасайтын техника саны – 10. Бұл жобаны биыл маусым айында бастаған болатынбыз. Құрылысты келесі жылы тамыз айында бітіруіміз қажет. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Стандартты үлгідегі мектеп болмақ. Мектеп 300 орындық, ал интернат 70 орынға есептелген. Мектеп те, интернат та бір алаңда орналасады. Мектеп панельдік, ал интернат кірпішті болмақ. Қазіргі уақытта құрылыс мате-риалдары әкелінді. Олар жергілікті өндірушіден алынды. Сапасына кепілдік береміз,- дейді прораб Евгений Вороновский.
    Бадамша ауылындағы жаңа құрылыстың тағы бірі – дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бұл жобаның құрылысына бюджеттен 265,0 млн.теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүруде. Нысанның құрылысы биыл жыл соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

    Жолдар жөнделеді
    Қазіргі уақытта Бадамша ауылының ішкі жолдарының 8 көшесіне жөндеу жүргізілуде. Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы Петропавловка және Қосестек ауылының ішкі жолдары алдағы уақытта жөнделмек.
    - Алдағы уақытта кезең-кезеңімен Петропаловка, Қосестек ауылының ішкі жолдарын жөндеуден өткіземіз. Ақтөбе – Бадамша бағытындағы автокөлік жолының бұрылыстан кейінгі 30 шақырымын жөндеуден өткізу жоспарымызда тұр. Сондай-ақ «Рождество – Велиховка» аудандық маңызы бар автомобиль жолының биыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. «Ақтөбе-Орск» бағытындағы республикалық маңыздағы тас жолының қалған 45 шақырымын орташа жөндеу бойынша 1 млрд 880 млн теңге қаражат бөлініп, бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын,-деді Асқар Жүсібалиев.

    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    Суретке түсірген Зульфия НАБИУЛИНА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ұқсас жаңалықтар
  • 8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Темірліктер алда келеді
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге