Қос шаруашылықтағы кәсіп

    Екі бірдей ауданнан шаруа қожалықтарын ашқан Сәкен Нұртайұлы еңбекті бағалайтындардың қатарынан. Ол Ырғыз ауданында мал өсірумен айналысса, Алға ауданында жылқы бордақылап, нарыққа шығарады. Тіпті қол астындағы жұмысшыларының еңбегі көңілінен шықса, оларға үй алып беруді әдетке айналдырған.
    Қос шаруашылықтағы кәсіп
    Бестамақ ауылдық округіндегі жылқы бордақылаумен айналысатын «Есбол» ШҚ бұл кәсіпті былтыр қолға алған. Етін Ақтөбе облысынан өзге Ресей Федерациясына экспорттайды. Жақында бордақылау алаңы маңынан жем сақтауға арналған қойма, мал сою алаңдарының құрылысы және жұмысшыларға жатақхана берілмек.
    - Біздер бұл жердегі кәсіпті 2017 жылы бастап, 2018 жылы іске қостық. Әзірге атқарылар жұмыс бітпегенімен, жылқы семіртіп жатырмыз. Шаруа қожалықтағы құрылыс әлі толығымен аяқталған жоқ. Басты бағыт – мал бордақылау, халыққа ет дайындап, халыққа сату. Біздер негізі Ырғыз ауданында мал шаруашылығымен айналысып отырмыз. Сол шаруашылықпен мал басын көтергеннен кейін осындай жоспар ойыма келді. Содан кейін малды семіртіп, сатуды бастап кеттік. Қазір тек қана жылқы малын семіртіп отырмыз. Алдағы уақытта қой, сиыр семіртеміз деген ой да жоқ емес. Халыққа әсіресе той-садақа кезінде және соғым маусымында сатамыз. Сатқанда бағасы келісіне 1 800 теңге. Кей кезде түлікті садақаға арнап, алып кетем десе алатын адаммен келісіп, тірілей немесе аяқтай бөліп береміз. Қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысуды табыс көзі ретінде қолайлы деп айтпас едім. Өйткені соңғы кезде малды семіртетін қорымның өзі тым қымбаттап кетті. Бұрын кебекті 350теңгеден алатын болсақ, қазір бір қабы 1 500 теңгеге дейін шығып кетті. Есептей келсек, тоннасы 50 мың теңге болып тұр ғой. Кебекті Қостанай облысынан алдырып отырмыз, оны Ақтөбеге жеткізу бағасымен 50 мың теңгеге шығады,-дейді «Есбол» ШҚ басшысы Сәкен Нұртайұлы.
    Оның айтуынша, мал шаруашылығымен айналысқан адам төзімді бола білуі қажет. Себебі бұл кәсіп қиыншылықсыз болмайды.

    Он жылдан асты
    - Ырғыз ауданында жылқы, сиыр, қой өсіріп отырған «Есбол» шаруа қожалығымыз бар. Биыл Алға ауданында жылқы бордақылаумен айналысып отырған шаруа қожалықтың да атауы «Есбол». Қазір осы жерде 61 бас жылқы тұр. Ырғыз ауданында мал басын көбейтіп отырмыз, бұл аудан мал шаруашылығына өте қолайлы жер. Өзімнің туған жерім - Кеңқияқ. Малдың шаруасына, малға жайлы жер керек болған соң Ырғыз ауданына көшіп бардым. 2009 жылдан бастап мал ұстап отырмын, биыл міне он жыл болды. Он жыл ішінде сиыр, қой, жылқының басын көтердік. Құрбан айт кезінде 100 бас әкеліп саттық. Ірі қараның еркегін қолдан жемдеп, қыстай семіртеміз де, көктемде сатып жібереміз. Қазір жылқыны ғана бордақылаумен айналысудамын. Семіртіп, нарыққа шығарамын. Ал егер жылқыны тірілей сатсақ, бағасы түліктің көлемі, салмағына байланысты болады. Мысалы, 1,5-2 жастағылар бар, биелер бар, көлеміне қараймыз. Бәріне бірдей баға деген жоқ. Егер құнан арзандауға шықса, бие қымбаттау. Ырғыз ауданы, Қызылжал селолық округінің Төретүскен дейтін жерде кәсіпті шыңдап жатырмыз. Бұл жақта 1000 бастай жылқы, 200 бас сиыр және 1 отар қой және 300 бас ешкі бар. Қазір ешкінің етіне сұраныс көбейді. Ал марқаларды көбісі алмайды, себебі олар семіз, майы көп, көбісі жей алмайды. Бағалары да әртүрлі, 20-25 мың теңгеден болады. Қатып қалған баға жоқ, кейде 35 мыңға дейін барады. Марқаны құрбан айт кезінде 25 мың теңгеден саттық. Ал сиырды тайөгіз кезінде көкке шыққаннан кейін 180-200 мың теңге аралағында сатамыз. Енді оны көбінесе мал бордақылаумен айналысатындар алып кетеді. Бағаны қоятын біз емес, базарда баға қойылады, сонымен бірдей сатамыз.

    Жұмысшы күші жетіспейді
    Мал басына арналған 4 баз бар. Олардың әрқайсының көлемі 12х50 шаршы метрді құрайды. Қысқы мезгілге мал басына азық дайындаймыз, ақша болса жем аламыз. Шөп шабатын кезеңнің қиын бір мәселесі – механизатор, тракторшы жоқ. Жалғыз шығу өнімсіз. Қысқы дайындыққа өзі аз уақыт. Сол уақытқа тракторшы жоқ, таба алмаймыз, жұмысшы күші жетіспейді. Шөп шабуға арналған барлық техника бар. Бәрі жеткілікті, сол техниканы жүргізетін адам жоқ. Барлығы 4 трактор бар, шөп шабатын орақ және рулон бар. Оның артынан жүретін арбалар да бар. Біздер жылқының артынан еріп жүріп бағамыз. Баяғыда атам қазақтар қалай баққан, солар секілді бағамыз. Олар ағаш үймен еріп жүрсе, біз будкамен жүреміз. Жаздың күні судың бойында тұрамыз. Ырғыз жақта су жағы тапшы. Қой мен сиырға жерден қазып алуға болады. Ол су бірақ 1000 бас жылқыға аз. Қазір құдық қаздырып жатырмын. Үкімет бүгінде жақсы көмектесіп жатыр ғой 80% субсидия ретінде төлеп береді. Ал 20 % өзіміз төлеп, ұңғыма жасап жатырмыз. Су 180-250 метр тереңдіктен шығып тұр. Оған да үкіметтің бағдарламасын пайдаланып қол жеткіздік. Субсидия ретінде сиыр басына 10 мың, бұзау басына 8 мың теңге бөлінеді. Ол жылына бір рет беріледі. Егер басқа жақтан тұқымы бөлек бұқа әкеліп қосатын болсақ, әр бұқаның басына 150 мың теңге қайтарып береді. Басқа ешқандай несие алмадым, жеке қаражатым жеткілікті.
    Қос шаруашылықтағы кәсіп
    Қасапшылар қажет
    Кішкентай кезімізден мал бағуды көріп өстік. Ауыл шаруашылық саласынан жақсы хабарым бар. Шаруашылық саласында проблема көп. Ең бірінші – команда жинау. Ешкім жұмыс істегісі келмейді, ауылдық жерде тұрғысы келмейді. Біздер жылқышыларымызға 100-120 мың теңгеден еңбекақы төлейміз, жұмысшыларға да 100 мыңнан төлейміз, тамағы мен киімі – біздің мойынымызда. Жастардан «мал шаруашылығымен айналасайық» дегендері тіпті жоқ. Қазір төрт жылқышы, бір қойшы, бір сиыршы, бір меңгеруші және екі адам баздың басында жұмысты қадағалап жүреді. Сонда барлығы он шақты адам жұмыс жасайды. Бұны бәрі Ырғызда. Тағы екі тракторшым бар еді, жақында кетіп қалды. Ал Бестамақтағы мал бордақылайтын шаруа қожалықта екі адам жұмыс жасайды. Осы қожалыққа тағы адамдар алғым келіп еді. Қазір қасапшы ауадай қажет, бірақ табылмай жатыр. Хабарландыруды жұмыспен қамту орталығына да беріп қойдық. Адам табылмайды, тек зейнетке шығуына бір-екі жыл қалған үлкен кісілер келеді. Ал олар ауыр жұмыс істей алмайды. Күніне бір мал сояды да, шаршап қалады. Қасапшы қызметіне орта жастағы жігіттер керек. Бірақ енді мына малшыға, тракторшыға зейнет жасына дейінгілерді де ала береміз. Соның өзінде таба алмай отырмыз. Бүгінгі қойшыма айына 80 мың теңге еңбекақы төлеп отырмын, айтқандай тамағы және киімі менің мойынымда. Қойшымның менің қоластымда жұмыс жасап жатқанына тура сегіз жыл болды, ал сиыршыма он жыл болды. Бақташым биыл зейнетке шығайын деп жатыр, қойшым да зейнет жасына жақындады. Бақташымның жұмыс жасап жатқанына он жылдан асып кеткендіктен «үй алып беремін»деп айтқан болатынмын. Үйді Хромтау ауданы, Новоресейден алып бердім, биыл амандық болса, оны зейнетке шығарып саламыз. Ал қойшыма Кеңқияқтан алып бердім. Өзі сол жақтың тумасы. «Зейнетке шыққаннан кейін, ауылыма барамын» деп айтып еді. Жақсы адамдар отбасымен келіп істейтін адам болса, үй алып беруге болады. Егер он жылдай менде шаруа істейтін болса, неге келіспеске?! Оларға тиесілі айлығын төлеп отырамын. Біздер қойшыны еңбек демалысына, курортқа жібере алмаймыз. Өйткені орнына адам жоқ. Жұмысшым 4-5 жыл жұмыс істегеннен кейін, араққа салынбайтын дұрыс адам болса, мен бірден үйді алып беремін. Ол жерде оның отбасы тұра береді, үйді рәсімдеп қоямын. Келісім-шарттағыдай он жыл жұмыс жасайды, содан кейін үйді бірден оның атына рәсімдеп беремін. Былай қарасаңыз, оған он жылда үйді кім береді?!

    «Тоқал алатын шығармын»
    Маған қазір әйел жұмысшылар өте қажет. Малдың басында шаруаны тиянақты етіп отырса, жақсы болар еді. Мысалы жазда сиыр сауады, оған тіпті аппарат та бар. Қаймағы мен майын, құртын қысқа дайындау керек. Шаруашылықтағы осы жағынан тап-тұйнақтай қылатын әйел керек. 10-15 шақты сүтті сиыр бар. Малдың басында кілең еркек. Ал өзімнің жұбайым үйде үлкен кісіні бағып отыр. Екінші әйел алу керек, басқа шешім жоқ. Шариғатта төртеуге дейін рұқсат берілген ғой. Серіктесім жоқ, тек меңгерушім бар. Онымен бұрыннан таныспыз, арамыздан қара мысық өтпеген дос-пыз. Шаруашылықтағы жұмысты басқаруға сол көмектеседі. Қазіргі уақытта біз тек қана ет бағытында жұмыс жасау үстіндеміз. Сүт сатпақ түгілі, қаймақ жейтін жағдайымыз жоқ. Өйткені оны сауатын әйел адам жоқ. 200 сиырдың ішінде бұзауы да, сиыры да бар. Биыл 85 бұзау алдық. Баздың ішіне тазалау жұмыстарын жыл сайын міндетті түрде өткізіп тұрамыз. Қызылжар селолық округінен арнайы ветеринарлар келеді. Қораның ішін баяғыдан келе жатқан әдіс - ізбеспен ақтаймыз. Қазір бәрін тазалап, қысқа дайындап қойдық.
    Бір қысқа малды алып шығу үшін шамамен 4 іскірт шөп керек. Бір іскіртте 700 рулон болады. Сонда 3 мыңға жуық рулон да-йындаймыз. Жылда шөп артылып қалады. Көбірек жинаймыз, өйткені қыстың қанша уақытқа созыларын білмейміз. Ал жемді 20 тонна аламыз. Оны көбінесе жас малға береміз. Биылғы туылған 85 бұзауға беріп шығамыз. Сосын шамалап төлдеген сиырларға береміз. Қазір сиырлардың күйі жақсы, семіз. Өрістен солай келеді, қыстай сол өзінің жинаған майымен шығады. Тек қана шөп береміз. Оның өзінде шөпті кештетіп шабамыз, көк кезінде шаба алмаймыз. Себебі тағы да жұмысшы жоқ. Әбден шөп қурағаннан кейін барып шабылып жатады. Қазірдің өзінде әлі шауып жатырмыз. Негізі маусым айында бастаған едік.
    Қос шаруашылықтағы кәсіп
    Тәжірибе керек
    Алдағы уақытқа жоспар жеткілікті. Алдымен Бестамақтағы шаруа қожалықта мал соятын алаң салып бастадық, соны бітіру керек. Одан кейін қой және сиыр бордақылайтын алаң салғым келеді. Қазір бұл жерде алаң көлемі 1 гектарға тең. Ал Ырғыздағы шаруа қожалықта 65 мың гектар жер бар. Жұмысшылардың осы жерде үйі бар, қаладағыдай газ болмаса да, жағдайлары жаман емес. Оған қоса монша да бар.
    Кәсіпкер ретінде жаңадан бастаушыларға айтарым: алдымен тәжірибе жинақтап алу керек. Мал шаруашылығы таза еңбек қой, бұл жерде ешқандай өтірік жоқ. Қазір көбісі қой шаруашылығын бірден тоқтатып тастады. Неге десеңіз, қойдың артынан таңертеңнен кешке дейін, жылына 365 күн еріп жүретін қойшы керек. Ондай адам таба алмайды да, одан кейін бәрі қойды сатып жібереді. Ал сиыр мен жылқыны таңертең жібереді, кешке бір жинайды. Осыған қарамастан қазір қойдың бағасы өте жақсы деңгейде тұр. Көбісі сиыр мен жылқы ұстайды, қой баққысы келмейді. Оны қырқу керек, тоғыту керек. Мен айтар едім: қойшың, сиыршың жақсы болса, жұмыстың ешқандай қиындығы жоқ. Бастысы жұмысшылармен келісім-шарт орната білу қажет. Өйткені жұмысты істейтіндер де, мал санын көтеретіндер де солар. Жұмысшы күші болмаса өте қиын. Бірінші мал шаруашылығының қыр-сырын біліп алып, қожалықты содан кейін ашқан тиімді деп ойлаймын.

    Сұқбаттасқан Салтанат Ерланқызы

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкте тұшпара цехі ашылады
  • Қымыз ішкен қазақпыз
  • Берекелі істің берері мол
  • Сары май мен тары-талқанға да субсидия беріледі
  • Мал өсірсең - қой өсір
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге