Жаңа жыл қарсаңында 90 отбасы баспаналы болады

    Мұғалжар ауданы – Ақтөбе облысындағы ірі аудандардың бірі. Оның аумағында Қандыағаш, Жем және Ембі үш бірдей шағын қала орналасқан. 36 ауыл бар және 67 мыңдай тұрғын тіркелген. Бүгінде аудан орталығында 90 пәтерлі тұрғын үйге реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Ақтөбе облысындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жоғары аудандардың бірі – Мұғалжар ауданы. Ауданды 36 ауыл құрап тұрса, оның ішінде 8 ауылдың потенциалы жоғары деңгейде. Аймақтың орталығы - Қандығаш қаласы.
    - Мектебіміздің жаңа ғимараты пайдалануға 2017 жылы 1 қыркүйекте берілді. Қазіргі уақытта бұл жерде 1-11 сынып аралығында 888 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ даярлық тобында 100 оқушы бар. Мектепте жалпы 84 мұғалім және 22 оқу кластарымыз бар. Спортзал, мәжіліс залы, рухани жаңғыру кабинеті асхана және мультимедиалық кабинеттер жасақталған. Ұл және қыз балаларға арналған шеберханалар да бар. Сонымен қатар арнайы жасақталған физика кабинеті лабораториясымен, биология және химия кабинеті де бар. Мектебіміздегі ұстаздардың еңбектері зор. Бүгінгі таңдағы тест қорытындысы негізіндегі алынған жоғары санатты 12 мұғалім бар. Жалпы негізі жоғары санатты 25 мұғалім бар. Бұл оқытушылар ұжымының 50 пайызын құрайды. Яғни мұғалімдеріміздің барлығы дерлік жоғары білімді. Оқушыларымыз жыл сайын облыстық олимпиадада химия, ағылшын, биология пәнінен орын иеленеді,- дейді Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Бақыт Өтешева.
    Басшының айтуынша қазір оқушылар екі ауысымда оқиды. Негізі бұл мектеп 600 орындыққа есептелген, бірақ қазір 888 оқушы бар. Биыл мектеп бітіретін екі 11 класс бар, оқушылар саны – 33. Оның ішінде үшеуі алтын белгіге үміткер екен.
    Мектеп ішіндегі басқа кабинеттерден бірден көзге түскені – «Рухани жаңғыру» кабинеті. Бақыт Өтешеваның айтуынша, бұл кабинет мектептің түлегі, бүгінде кәсіпкер демеушілігімен жасақталған. Бұл кабинетте іс-шаралармен қатар, информатика сабағы өткізіледі. Ерекшелігі – QR коды бейнеленген кітаптар. Ұялы телефонға арнайы бағдарлама жазып, кітаптарды тегін оқи беруге болады. Ондай кітаптардың 20 шақтысы бар. Қыздарға арналған технология кабинеті толықтай тігін машинасымен жабдықталған. Қолөнерден шыққан туындылар мектепаралық және ауданаралық көрмелерге қойылады. Тіпті оқушылар жаңа жыл мерекесі қарсаңында ақшақардың киімін қолдан тігіп алады.
    Ауданның халық саны - 67 201. Халық саны артқан са-йын, мектеп пен балабақшаға сұраныс артады. Кәсіпкер ретінде туған өлкесінің дамуына үлес қосатындар аз емес. «Бақытты бала» балабақшасының директоры ұзақ жылдар бойы мұғалімдік қызметте болған.
    - Қандығаш қаласында туып өстім. Осында 30 жылдық ұстаздық қызмет істедім. Қартайған шағымда мұғалім ретінде артымда бір із қалдырғым келді. Балабақша ашуды ойлап жүрдім. «Бақытты бала» балабақшасын былтыр сәті түсіп ашып, жұмысты бастап кеттік. Бұл жер 150 балаға есептелген. 5 топ бар, әр топта 25-30 баладан. Балалар тәртіпті, тәрбиешілердің бәрі де жоғары білімді. Қазіргі уақытта 10 тәрбиеші, 5 көмекші бар, яғни, толық ұжым. Бұл ғимаратты салуға 65 млн теңге шамасында қаражат жұмсалды. Барлығы жеке өзімнің жеке қаражатымнан. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін қиын кездер болды. Балаларды оқыту керек болды. Саудаға кірісіп кеттім, мұғалімдікпен сауданы бірге алып жүрдім. Содан жаймен дүкен, кафе, мейрамхана ашуды қолға алдым. Әзірге бала саны 150-ден асқан жоқ,-дейді кәсіпкер Ғалима Еламанова.
    Ардагер ұстаз алдағы уақытта тағы бір балабақша ашуды жос-парлап отыр. Ол балабақша биыл қазан айында «Самал» мөлтек ауданынан бой көтереді. Балабақша 180 орынға есептелген.

    Сонымен қатар аудан орталығында жалдамалы 90 пәтерлік тұрғын үйге реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ескі құрылысты қайта жандандыру жұмыстары қарқынды жүруде.
    - 90 пәтерлік тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Жобаның жалпы сомасы 259 млн теңге. Соның ішінде 20 млн 2017 жылы бөлінді. 2018 жылы уақытша қаражат бөлінбеуіне байланысты жұмыс тоқтатылып тұрды. Биыл 237 млн теңге қаражат бөлініп, қазір толық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Бір бөлмелі 30ш.м., екі бөлмелі үйлер 45 ш.м. және үш бөлмелі 50 ш.м. есептелген. Қазіргі уақытта 187 млн биылғы қаражат игерілді. 5 600 ш.м. соның ішінде 3 700 ш.м. тек пәтерлердің ғана шаршы метрі болып саналады. Сонда бір пәтерге 1 шаршы метр 48 мың теңгеден келеді. Қазан-қараша айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Жаңа жыл қарсаңында үйге кезекте тұрғандар баспаналы болады,-дейді Мұғалжар аудандық сәулет-қала құрылыс бөлімінің басшысы Амангүл Рүстемова.
    Айта кететіні, бұл үйден пәтер сатылмайды, тек қана жалға беріледі. Үй Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі арқылы тұрғындар ала алады. Құрылыс бөлімінің басшының айтуынша, тұрғын үй орталық су және кәріз жүйесіне қосылған.
    Аудан орталығы биылғы жылыту маусымына да сақадай сай. Орталық жылыту қазандықтарына тиісті жөндеу жұмыстары уақытылы атқарылған. Шыққан қаулы бойынша, әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан, ал тұрғын үйлерге 15 қазаннан бастап жылу берілмек.
    - Орталық қазандық Қандығаш қаласының 90%-ын жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жерде 4 жылу қазандығы орналасқан. Жылыту маусымында жылына шамамен 15 млн текше метр газ кетеді. Ал айына 2,5-3 млн текше метр газ қажет болады. Биылғы жылыту маусымына толықтай дайынбыз. Қазіргі таңда бұл жерде 225 адам жұмыс жасайды, - дейді «Мұғалжар аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры Әбілбай Жукашев.

    Мұғалжар ауданы – Ақтөбе облысындағы өндірістік потенциалы жоғары аудан. Аудан әкімінің айтуынша, ауданда 40-қа жуық кәсіпорын жұмыс жасайды.
    - Мұғалжар ауданының өзіндік ерекшелігі бар. Ақтөбе облысындағы өзіндік өндірістік потенциалы жоғары болуымен қатар, ауыл шаруашылық саласы дамыған өңірлердің бірі. Біздің ауданда қазір 3 қала, 36 ауылымыз бар. Өзім ауылдардың барлығын аралап шықтым. Халықты жинап, кездесу өткіздік. Тіпті тұрғындар саны 50-ге жетпейтін статусын жоғалтқан ауылдар бар. Дегенмен ол жерлерде халық тұрады. Әрине, ауылдағы күнделікті тіршілік мал шаруашылығымен байланысты. Осы 36 ауылдың 8-потенциалы жоғары. 2-потенциалы төмен деп отырғанымыз, бірінде 36, бірінде 38 ғана тұрғын тұрады,-дейді Асқар Шериязданов.
    Аймақта кәсіпорын саласы жеткілікті дамығаны туралы да аудан әкімі айта кетті.
    - Біздің ауданда 35 ірі кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұлар мұнай-газ саласы, тау-кен өндірісі, алтын өндіретін өндіріс. Сондай-ақ ауыл шаруашылық саласында да бірнеше жобаларымыз бар. Үш мәселеге баса назар аудардым. Осы Мұғалжар ауданында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың біздің ауданға төлеп отырған салық көлемі қандай? Екіншісі, олардың қатарындағы жұмысшылардың арасында мұғалжарлықтардың үлесі қандай? Олар кейбір жерде 13%, 30% және 70%-ды құрады. 6 600 адам осы кәсіпорындарда жұмыс жасаса, аудан бойынша еңбек биржасында 1 600 адам жұмыссыздар тізімінде тұр. 67 мың халқымыз бар, оның 35-і - экономикалық белсенді халық, яғни, жұмысқа жарамды. Аталған кәсіпорындардың акционерлері мен бас директорымен кездескен кезде, алдағы уақытта қандай перспективті жобалар барын сараптадық. Егер осы жобалар іске асса, болашақта 1210 жұмыс орыны ашылады.
    Ауыл шаруашылығы саласын дамыту - алға қойылған жоспарлардың бірі.
    - Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін мал басын асылдандыру қажет. Онсыз алдымызда тұрған үкіметтің қойған тапсырмасын орындай алмаймыз. Агроөнеркәсіп кешені бойынша аудандағы жер көлемі 2,8 млн га. Оның ішінде 1,4 млн га жер ауыл шаруашылық саласына тиесілі. Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданында барлығы 414 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Ауданда мүйізді ірі қара саны 54 901, қой және ешкі 186 309-ға пара пар. 15 674 бас жылқы және 313 бас түйе бар,-дейді аудан әкімі.

    Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету – бұл барлық аудандағы өзекті мәселе. Асқар Шерияздановтың айтуынша, қай ауылға барса да, халық газ сұрайтын көрінеді.
    - Мұғалжар ауданының үлесі 67 мың халқымыз болса, 59-мыңы, яғни 88%- газ тұтынып отыр. Ауыл санына келетін болсақ, 36 ауылдың 16-на ғана газ қолжетімді. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз,-дейді аудан әкімі.
    Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданында 37 мектеп бар. Мектептердің жағдайына байланысты 8 жобаның жұмысы атқарылып жатыр. Електе 100 орындық мектеп салынып, 1 қыркүйекте іске қосылды. Бұл жобаға 297 млн теңге қаражат жұмсалды. Ал Құмжарған ауылында жаңадан салынып жатырған мектептің құрылысы биыл қараша айында аяқталады. Жоба құны 267 млн теңгені құрайды.

    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    Суретке түсірген
    Зульфия ХАБИУЛИНА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ұқсас жаңалықтар
  • 300 жұмыс орны ашылады
  • “Нұр Ақтөбе” мектебіне оқушы сыймай жатыр
  • Cу үшін 6 млрд теңге бөлінді
  • Ақтөбенің білімі қандай деңгейде?
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Жаңа нысандар іске қосылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге