Тұрмысы тәуір-Темір

    Халық саны жыл сайын артып жатқан Темір ауданында бүгінде 37 мыңнан астам адам тұрады. Кезінде діни мәселе бойынша алғашқы орында тұрған ауданның бүгінгі жағдайы тұрақты. Халықтың негізгі кәсібі-өндіріс саласы. Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауылшаруашылығы саласында тым белсенді. Өзге аудандарға қарағанда ілгері келеді. Ауданда бұрын соңды болмаған спорт кешені мен 320 орындық мектеп құрылысы басталып кетті.
    Тұрмысы тәуір-Темір
    Темір ауданының орталығына айналған Шұбарқұдықта баспасөз конференциясы өтті. Жиында журналистерге өткен 8 айдың есебін түсіндірген Жолдас Қалмағамбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталғанын жеткізді. Бұрынғы жылдарға қарағанда ауданның демографиясы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес жақсы дамығанын айтып өтті.
    - Ауданымызда 1 қала мен 10 ауылдық округке қарасты 25 елді мекен бар. Тұрғындар саны 37 мың 836 адамды құрайды. 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады. Яғни 209 адамға көбейді. Ауданымыздың бір ерекшелігі – өндіріс саласы жақсы дамыған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да қатар дамыған өңір. Тұрғындардың 87%, елді мекендердің 44% таза ауыз сумен қамтылса, 14 елді мекенде 13% тұрғын шахталық құдық суын пайдаланып отыр. Тұрғындардың 83%, елді мекендердің 72% көгілдір отынмен қамтылған. Осыған байланысты да көршілес аудандардан бізге келетін тұрғындардың саны артып отыр. Ауданымыздың демографиясына да тоқталып өткім келеді. Осы 8 айдың қорытындысымен 599 бала дүние есігін ашты,-деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.
    Аудандағы өндіріс өнімінің көлемі 150 млрд 346 млн теңгені құрап, 105,9% орындалған. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемін 215 млрд 125 млн теңгеге жеткізіп, 100,5% орындауды жоспарлап отыр. Өткен 8 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 27 млрд 43 млн теңгені құраған. Аудан әкімі жыл соңына дейін инвестиция көлемін 50 млрд теңгеге жеткізу міндеті тұрғанын жеткізді. Сонымен бірге бюджеттің жалпы кіріс бөлігі 5 млрд 100 млн теңге құрап, 128,4% орындалды. Оның ішінде, аудандық бюджет 2 млрд 276 млн теңге немесе 121,7% құрады. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалды.
    - Ауылшаруашылық саласы бойынша жыл соңына дейін 16 млрд
    теңгенің өнімдерін өндіру міндеті тұр. 8 айдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1970 бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,7% артты.
    Бөлшектік сауданың көлемі 1 млрд 626 млн теңгені құрап, 105,6% орындалды. Жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарына сәйкес 2121 адам жұмысқа орналасып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 76,6% құрады. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа орналасқан 790 адам. 490 жаңа жұмыс орны ашылып, өткен жылмен салыстырғанда 101,0% орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 115 азамат жолданды. Жастар тәжірибесіне 112 азамат жолданды. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында 409 азамат қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілді,-деді аудан әкімі.

    «Жаңа мектептің құрылысы басталды»
    Ауданда 25 жалпы білім беретін мектеп 4 қосымша білім беру ұйымдары, 13 балабақша жұмыс жасайды. Аудан бойынша 1035 педагог бар.
    Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі мекемелерде 1 мың 420 бала, шағын орталықтарда 700 бала, мектеп алды даярлық сыныптарда 850 тәрбиеленеді.
    Аудан орталығында 320 орындық орта мектептің құрылысы басталды. Алдағы жылы Шұбарши ауылында да 320 орындық орта мектептің құрылысын жоспарға алғандарын жеткізді.
    Тұрмысы тәуір-Темір
    -Мектептің құрылысы алдыңғы жылы басталды. 2020 жылы мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарға алдық. Мектеп құрылысында 22 адам жұмыс жасап жатыр,-деді Темір аудандық архитектура және құрылыс бөлімінің басшысы Амантай Биалиев.
    Ауданда барлық спорт залдар, алаңдар, кордтарды қосып есептегенде 103 спорт нысандары қызмет көрсетеді. Бүгінде 14 спорт түрінен 84 үйірме жұмыс жасайды. Әр округте спорттық нысандарды пайдалану кестелері енгізіліп, халыққа қолжетімділігі қамтамасыз етіліп отыр. Тұрғындардың 30,3%-ы жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Аудан орталығында мектеп құрылысымен бірге спорт кешені салынып жатыр.
    -Салынып жатқан спорт кешені тұрғындар үшін тегін болады. Ішінде спорттың бірнеше түрінен жаттыға алады. Бұл спорт кешеніне жауапты «Көктем Строй» ЖШС деген мердігер компания. 2006 жылға дейін бұл жақта ештеңе болған жоқ еді. 13 жылдың ішінде қалай дамығанымызды қалай көріп отырсыздар. Спорт кешенінің құрылысында 16 адам жұмыс жасап жатыр,-деді Амантай Биалиев.

    «Көрсеткіш төмендеді»
    Денсаулық сақтау саласында 25 мекеме қызмет көрсетеді. Есепті кезеңде жалпы өлім көрсеткіші азайған. 10 медициналық мекеме, яғни 40 % интернет желісімен қамтылған. Қалған 2 фельдшерлік акушерлік пункт пен 13 медициналық пункттерді интернет желісіне қосу міндеті тұр. Темір қаласында 50 орындық амбулаторияның құрылысы аяқталды.
    -Өткен жылдың жалпы қылмыстарының санынан төмендеуі байқалады. Дегенмен бізді алаңдатып отырған басты мәселелерінің бірі жол көлік оқиғаларының көбеюі болып тұр. Темір ауданы республикалық маңызы бар жолдарды тоғыстырады. Соның ішіндегі жолдың сапасы жылма жыл жақсарған сайын көлік оқиғасы жиілеп барады. Осы мәселелер бойынша адамдардың қайтыс болуы бізді алаңдатып отыр. Сонымен бірге мал ұрлығы мәселелері де бар. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың қай саласында болса да төмендеп отыр,-деді аудан әкімі.

    «Аудандағы жолдар реттелді»
    Аудан орталығындағы 4 көшенің тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Н.Байғанин, Ж.Кереев және Брусковая көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарға енген. «Қызылжар» шағын ауданында автомобиль жолы құрылысы және «Астана» көшесінің автомобиль жолының құрылысы жобалары дайындалды. «Задепо» шағын ауданынан 2 көшені асфальттау үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленуде.
    -Кеңқияқ ауылында ұзындығы 4 930 метр болатын 6 көшеге орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеу үшін 2,0 млн тг бөлінді. Осы секілді, Шұбарши ауылында да ұзындығы 1 900 метр 2 көшеге орташа жөндеуге 1,0 млн тг бөлінді. Құмқұдық ауылына, Қопа ауылына және Алтықарасу ауылына кірер тұстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге құжаттама жасалып, 2020 жылдың жоспарына енгізілді,-деп мәлімдеді аудан әкімі.
    Шұбарқұдықта салынған жаңа жолдың құрылысымен Темір аудандық тұрғын үй коммунальдық шаруашылық жолаушылар көлік және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасұлан Мыңжасаров таныстырды.
    -Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, Гагарин мен Байғанин көшелерінің төменгі жағына асфальт төселді. 2019 жылы рес публикадан «Ауыл –ел бесігі» жобасы бойынша толықтай қаржы бөлініп, қыркүйек айында толық пайдалануға берілді. Атап айтатын болсақ, Шұбарқұдықтың өзінде 4 көшеде күрделі жол жөндеу жұмыстары жүрді. Құрылыстың жалпы ұзындығы 2886 метр. Қазіргі таңда Қызылдар мөлтек ауданы мен Астана көшесіндегі жолды жөндеу бойынша құжаттар дайындалды. Астана көшесінің ұзындығы 840 метр. Ал, Қызылжар көшесі 3,962 км. Қазіргі таңда осы бойынша бюджетке өтінім берілді. 2020 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді деген жоспар бар,-дейді Жасұлан Мыңжасаров.
    Ауданда байланыс саласы бой- ынша 21 елді-мекен интернет желісімен қамтылған. Өз баяндамасында аудан әкімі алдағы жылы Ақсай, Саркөл елдімекендері кең жолақты интернет желісіне қосылатынын жеткізді.
    -Мәдениет саласында 28 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында 160-қа жуық мәдени, көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауданда 8 886 жас бар. Бұл тұрғындардың 24% құрайды. Есепті кезеңде 49 іс-шара ұйымдастырылып, 3795 жас қамтылды. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан «Шапағат» еріктілер тобы құрылды,-деді аудан әкімі.

    «Діни ахуал тұрақты»
    -Темір ауданы болғандықтан дін мәселесі қозғалатыны анық. Бірақ бізде дін мәселесі ушығып тұрған жоқ. Ауданда 8 мешіт қызмет көрсетіп отыр. 8 мешітке де лайықты мамандар мен білікті имамдар жұмыс жасайды. Кезіндегі жат ағымдардың болғанын жасырмаймыз. Әлі де бар. Дегенмен біз осы мәселені өсіріп алған
    басты себебіміз – жұртта дұрыс түсіндіре алатын, білімі бар мамандарымыз болған жоқ. Қазіргі таңда біз осындай мамандарды дайындадық. Қазір діни ахуал тұрақты,-деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 300 жұмыс орны ашылады
  • Ақтөбеде жол жөндеу үшін 9,7 млрд теңге бөлінген
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Алғада бір күнде 3 мың тауық сойылады
  • Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді
  • Мәртөкке биыл 31,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге