«Арадан мотивация аламын»

    Сәуір айынан бастап, қарашаға дейін еңбек ететіндердің бірі – омарташылар. Олар табиғат сыйлаған бар мүмкіндікті пайдаланып, ара балын жинайды. Бүгінде кәсіптің тілін тауып, бал арасын сатып отырғандар аз емес. «Тәттіні» өндіріп, оны облыс бойынша сатылымға шығарып отырған Дания Рыскулова “отандық балға сұраныс жоғары” дейді.
    «Арадан мотивация аламын»
    Суреттер Дания Рыскулованың жеке мұрағатынан алынды

    Еңбектенуді арадан үйренген дұрыс па дерсіз. Өйткені гүлден-гүлге қонып, нәр жинап жүрген ара еңбекқорлығымен әрбір жанға үлгі. Аралар тазалықты сүйеді. Сондықтан ара ұстасаңыз, омартаның мұнтаздай таза болуына мән беру керек.Үнемі ыждағаттап тазалап, мұқият қадағалағанда ғана сапалы бал жинай алады екенсіз.
    - Біз ара өсірумен 2014 жылдан бастап айналыстық. Оған дейін мен әскери қызметте жұмыс істедім. Негізінде біздің «Рыскулова» ЖК Мұғалжар ауданында тіркелді. Ара өсіріп, бал сату бұл күйеуімнің идеясы болатын. Бастапқыда тек 10 омартадан бастадық. Оны Ақтөбе қаласындағы саяжайда ұстадық. Саяжайдан өндіріп, 10 арадан бастадық. Оларды әрлі-берлі апарып жүрдік. Мұғалжар ауданы бізге қолайсыз болды. Себебі ол жақта құрғақшылық деңгейі жоғары, ауасы қолайсыз болды. Әрірек тау жаққа баруға болатын еді, онымен шығын көп шығатын болды. Ол кезде техникамыз да болған жоқ. Сосын бір жыл Алға ауданында болдық. Одан кейін Мәртөк ауданына қарай жылжыдық. Себебі ол жақта бал арасымен айналысатын адамдар болды. Родниковка ауылынан бір апайдың үйін және айналасындағы жерін де қоса алдық. Сонымен омартаның санын көбейттік, 40-қа апардық. Қазір омартаның басы 115-ке жетті. Келесі жылы одан да көбейтеміз деген жоспарымыз бар,-дейді омарташы Дания Рыс-кулова.
    «Арадан мотивация аламын»
    Қандай кәсіп болмасын, әр салада бәсекелестік болатыны белгілі. Бір жерде баға шарықтап тұрса, бірінде төмен. Аз бағамен сатып аламын деп, «жасанды» затқа алданып қалмаңыз.
    - Нарықта бәсекелестік бар. Біздің басты бәсекелесіміз- Ресей мемлекеті. Оған қоса қазір бал Қырғызстаннан келіп жатыр. Бізде қазір 115 ара-отбасы бар. Ол омартаның ішінде миллиондап ара болады, санай алмайсың. Араларда да кіші, үлкен отбасы болады. Жаңағы бәсекелестерге келсек, олардан ешқандай қорықпаймыз. Біз сапаға жұмыс істейміз. Клиенттеріміз өздері омартаның басына барып көрді. Арасында балды сүзуге көмектескендері де болды. Одан кейін олар бір-біріне айтып, жарнама жасайды. Сондай тұтынушыларымыз уайымсыз келіп, сеніммен бал ала береді. Әрине, базарда басқа жақтан әкелінген бал арзан болады. Бізде келісі 2 500 теңге, бағаның осылай тұрғанына біраз жыл болды. Бізде басты назарда – сапа, - дейді кәсіпкер.
    Араның жалпы 25 мыңға жуық түрі бар. Солардың ішінде омарта шаруашылығын жүргізіп, бал өндіру үшін біздің елде араның үш түрі өсіріледі. Олар орыс арасы, карпаттық және украина арасы. Бұл жәндіктер еліміздің табиғатына бейімделіп, жазы мен қысына үйреніп қалған. Кәсіпті нөлден бастасаңыз, қаржының мол болғаны артық етпейді. Дания Рыскулованың бұл жұмысты бастауы да оңайға соқпапты.
    - Бізге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы көмектесті. Ең бірінші рет «Стартап» бағдарламасына қатысып, 1,5 миллион теңге ұтып алдық. Сол сумманы айналымға жіберіп, дами бастадық. Үкіметтен субсидия әлі алған жоқпын. Оның да өзінің шарттары бар. Қажетті техникаларды аларда “KMF” микроқаржылық ұйымынан көмек болды. Кейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ара шаруашылығының жабдықтарын алдық. Бал шайқайтын, “кремовалка” секілді құрал-жабдықтарды алдық . «ҚазАгроҚаржы» АҚ бізге көп көмек көрсетті. Техникалардың барлығын алуға біздің қомақты ақшамыз жоқ еді. Сондықтан бөліп төлеуге мүмкіндік туды. “Уазик” көлігіміз және үш тіркемеміз бар. Олардың үстінде ара омарталары тұрады. Сол арқылы тасу оңайға түседі. Бұрын тасымалды қолмен жасайтын едік, қазір бәрі тіркеменің үстінде тұрады. Әйтеуір бұрынғыдай денсаулығымызға зақым келмейді. Омартаны көтеріп-түсіру қауіпті. Біріншіден, ара шағады, екіншіден ол үлкен салмақ. Алдағы уақытта омарталарды жаңартып, ара басын көбейтеміз деп отырмыз. Жоспар бойынша, омарта санын 200-300-ге жеткізуіміз керек. Алла бұйырса, екі жылдың ішінде соған жетеміз деп ойлаймын,-дейді ол.
    Омартаның барлық ауыр жұмысын Данияның күйеуі жасайды. Қарамақтарында жұмысшы жоқ, барлық қызметті өздері атқарады. Тіпті, техниканы да кезекпен айдайды.
    - Біздің ұнатып істеп жатырған жұмысымыз осы. Айналадағыларға «әркім өзіне жұмыс жасауы қажет» деп жиі айтамын. Өндіріс өндіру керек, елімізді көтеруіміз керек. Менің ойым осындай. Кішкентай болса да, 5-6 сотық жерге бірнәрсе отырғызып, кәсіппен айналыссақ, бізде азық-түлік бағасы арзандай түсер еді. Біздің жерде өскен өнім – бағалы. Өйткені бізде шетелдегідей техника жоқ. Керім ластану да жоқ. Естуім бойынша, Қытайда біздің қазақстандық балға сұраныс көп. Бір жылы форум болды, поляктармен кездестік. Сонда олар «Біз сіздерден жылына 24 тонна бал сатып ала аламыз» деді. Сұраныс жоғары. Сондықтан да «жұмыс істеңдер қыздар мен жігіттер, алға жылжу керек» деп жиі айтамын. Біздегі басты сорт карника, қолайлысы осы болып тұр. Бал арасын басқа қаладан алып келеміз. Қазір қысқа қалдырамыз, бірақ қыс қалай болатыны белгісіз. Арасында олар өліп қалады. Тамақтары жетпей, таусылады. Қыс ұзаққа созылып кетеді. Бал арасы бұл да мал сияқты. Күтімді талап етеді. Егер көктемде саны жетпесе, ара питомнигінен алып келеміз. Былтыр Шымкенттен алдық. Шамамен 15-20 мың теңге аралығында болады. Арнайы ара салынған пакет болады, оның ішінде аналығымен қоса 2-3 рамка ара болады. Процестің жүруі жәндікті баптауына байланысты. Себебі бал арасы кішкентай бала сияқты, баптауы көп. Қанша еңбектенесің, сонша пайда көресің,-дейді Дания Рыскулова.
    Арадан шабыт алатын ол жылына 4 тоннаға дейін өнім алатын деңгейге жетіпті. Омартаның қасында отырып, араның тіршілігін бақыласаң, сабақ аласың дейді.
    - Ең бірінші қиындық ақшаға тіреледі. Өйткені бір дүниесін сатып алғың келсе, оған ақша керек. Қиындықтан қорыққан жоқпыз. Тек басымызды көтермей жұмыс істей бердік. Омартаның қасында 15 минут отырсаң, кез келген адамға жеткілікті деп ойлаймын. Өз басым сондаймын. Аралар қалай жұмыс істейді, сол сияқты сен де құлшынып кетесің. Олар сияқты еңбек етуге, өмір сүруге талпынысың ашылады. Арадан мотивация аламын, сол сияқты бір басшыға бағынып өмір сүремін. Егер бұл жәндік шағып алса, жағдай қиын. Аллергиялық реакция болса, мүлдем жаман. Ондай жағдай басымнан өтті. Қасымда үнемі дәрі-дәрмек қобдишасы жүреді. Негізінде арнайы киіммен жүреміз. Алайда кей кездері ол да көмектеспейді. Бал - әр гүлдің шырыны. Адамның ағзасына пайдалы. Біз өнімді Ақтөбеден басқа Ембі қаласындағы супермаркетке жіберіп отырмыз. Тұтынушылар шетелге де алып кетеді. Кейін жауап қайтарып, риза болып, рахметін айтып жатады. Одан бөлек ара аналығының сүті болады. Бұны жинау үшін көктемде шамалы ғана жұмыс істейміз. Оны әлде де дамытамыз. Араның сүті иммунинетке өте керек нәрсе,-дейді кәсіпкер.
    Оның айтуынша, кәсіпті бастамас бұрын ең бірінші талпыныс керек. Оған қоса жұмысы өзіне ұнауы тиіс.
    «Арадан мотивация аламын»
    - Кәсіпті бастаған кезде ақша да жетпейді, жан-жақтан көмек те болмайды. Адам тек қана өзіне сенуі керек. Бірінші ретте өзіңнің бастап жатқан кәсібіңді бастан-аяқ зерттеп алу қажет. Тек қана кірісті ойламай, шығынды да ескеруің тиіс. Ара өсіріп, өмір сүруге болады. Жалпы денсаулығың болса, бәрін істеуге болады. Әзірге біздің өнім Ақтөбе облысына жетіп жатыр. Тұтынушылар да көбейді. Соларға жеткізсек деп ойлап тұрамын. Сол себептен омарта санын көбейтіп жатырмыз. Жарнаманы инстаграмм желісі арқылы жасаймын. Негізінде біз жаздай балды жинап аламыз. Сұраныс көп, тіпті кейде сөреміз босап қалады. Біз тек қана өзіміздің өнімді сатамыз, басқа жақтан әкелмейміз. 2016 жылы «Лучшие товары» дәрежесін алдық. Айтқандай, кәсібімізді жүргізуге Мәртөк ауданы қолайлы болып тұр. Шөбі да көп, жаңбырлы, суы да жақсы. Ара сумен де қоректенеді. Кейде тамшылату жүйесі арқылы қолдан суарамыз. Жәндіктің ауруларының алдын алу үшін маусымның басында және соңында профилактикалық жұмыстар өткіземіз. Негізінде сәуір айынан бастап қозғаламыз, сол уақытта арамен жұмыс басталады. Қазан айында омарталарды жауып, қысқа қамданамыз,-дейді Дания Рыскулова.
    Егер сіз күнбағыс ексеңіз, жаныңызға омарташы көшіп келсе, қуана қарсы алыңыз. Себебі ара өсімдікті тозаңдандырып, екі есе өнім алуға септігін тигізеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қос шаруашылықтағы кәсіп
  • Қымыз ішкен қазақпыз
  • Берекелі істің берері мол
  • Ара өсіріп, бал сатып байып кетуге бола ма?
  • Балдың бабын тапқан Темірлан
  • Ақтөбелік омарташы араның уымен емдейтін орталық ашпақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге