Бау-бақша егіп, береке тапқан

    Еңбек ете білген адамға – бәрі кәсіп. Ақтөбені бау-бақша өнімдерімен қамту бағытындағы шаруашылық жұмыстарының нәтижесі жаман емес. Шаруаның қыр-сырын меңгерген Ғабидолла Бекбусинов бүгінде бақша егіп, мал бағып отырған жайы бар. Ол ауылдың таза өнімдеріне аудан ішінде сұраныс жоғары екенін айтты.
    Бау-бақша егіп, береке тапқан

    Қобда ауданындағы «Ажар» шаруа қожалығының жұмысын бастағанына биыл бес жылдай болыпты. Бау-бақша егумен қатар мал шаруашылығын ыңғайластырып жүрген Ғабидолла Бекбусинов негізі қалалық тұрғын екен. Ақтөбедегі өзінің транспорттық бизнесін балаларына тапсырып, ауылға кеткен. Шар-уа қожалықтың атауын «Ажар» есімді қызына сай атапты.

    «20 гектар бау-бақша»
    - «Ажар» шаруа қожалығы 2014 жылы ашылды. Басты бағытымыз - мал шаруашылығы. Оған қосымша бау-бақша егумен айналысамыз. Сонымен қатар, малға азық ретінде судан шөбін егеміз. Көкөніс егілген бау-бақшаның көлемі 20 гектар. Оның әрқайсын тарқатып айтатын болсақ, 5 га картоп, 2 га қарбыз, 3 га қауын және 1 га асқабақ. Одан қалған жерге қияр, қызанақ және сәбіз ектік. Биыл өнім ойдағыдай жақсы шықты. Бүкіл ауданды қамтамасыз еттік. Жалпы 500 т өнім алдық. Оның ішінде 100 т картоп, 100 т қарбыз, 200 т қауын, сосын қияр-қызанақ 20 тоннадан шықты. Ал сәбіз 30 тоннаны құрады. Өнім көңілімнен толық шықты. Биыл қуаңшылық болды. Бірақ бізде су жетіп артылады. Көкөністерді тамшылату жүйесі арқылы суғарып жатырмыз. Бақша болған соң зиянкестер де болады. Оларға да тиісті дәрі-дәрмек қолдандық.

    Бау-бақша егіп, береке тапқан
    «200 төл алдық»
    Мал шаруашылығын ауылға 2014 жылы келіп, жер алып, бастадық. Ресейден 70 бас мал алып келдік. Содан осы уақытқа дейін 500 басқа дейін алып бардым. Дәл сол жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 6 пайызбен 7 жылға есептеп, несие алдық. Ресей Федерациясының Орынбор қаласынан қызыл дала сиырдың тұқымын алып келдік. 5 жыл ішінде малдың тұқымы өзгерді. Қазір ақ бас бұқаларды қосып, тұқым түрлендіру жасап жатырмыз. Соның өнімдерін жыл сайын Алға қаласындағы «Актеп»-ке тапсырамыз. Биыл 200 сиыр төлдеді. Бұзаулар 300 келіден бастап, 340 келіге дейін тартады. Басым көпшілігін желтоқсан, қаңтар қыс айларында тапсырамыз. Биыл бұзауды 100 пайыз толық алдық десе болады. Қазіргі уақытта шаруа қожалықта тапсырғаннан кейін содан қалғаны 300 бас ірі қара бар. Сыбағадан басқа ешқандай несие алмадым. Әзірге тек ет бағытында жұмыс жасаймын. Сүт бағытымен айналысу жос-парда жоқ. Бастысы - несиені жабу. Сосын жоспарға сай әрі қарай көрерміз. Мал бағамын деп 2 елді-мекенде жаңадан 3 баз салдым, әрқайсының көлемі 70х12 метр. Олар Қобда ауданы, Қызылжар ауылдық мекенінде орналасқан. Барлығы 3600 га жерім бар. Жайылым да осының ішіне кіреді.

    «Судан шөбін егемін»
    Ірі қараны тек «Актеп»-ке сатамын. Ал көкөністі биыл «Анвар»-ға тапсырдық. Бүгінде бәрі – алыпсатар. Қазіргі заман сондай. Жасыратыны жоқ, етті базарға апарғанда сата алмаймыз. Орын бермей жатады. Ал жалпы өнім еңбекті ақтады, тек іске асыру жағы қиын болды. Айналамдағыларға «бәріміз жұмылып жұмыс жасайық» деп үнемі айтамын. Қанша өнім шыққанын көрсетемін. Бәріміз бірге жұмыла жұмыс істесек, нәтиже болары анық. 100-200 шақты фуралар келіп, біздің көкөніс өнімдерін сатып алса, несі артық?! Ал былай, бізге қалаға жеткізуге жол алыс. Сосын арзан бағаларға ауылдарға таратып жібереміз. 2014 жылы құрылыспен айналысып, егін егетін уақыт болған жоқ. Сосын 2015-тен бастадым. Сорды ектім, одан ештеңе шықпай қалды. Сосын келісі жылы 200 га жерге судан шөбін ектім. Өнім одан жақсы шықты. 2015 жылдан бері суданка егіп келе жатырмын. Бұларды өзіміздің малға беремін. Мал шаруашылығымен айналысқасын, жем-шөбін өзім дайындаймын. Техника қорына келсек, 3 белорус тракторым бар. Сонымен судан егеміз, шөп те жинаймыз. Тырнасымен бірге екі шөп шабатын құрылғы бар. Одан қалды 2 пресс бар. Егін еккесін бәрі қажет дүние.

    «Жұмысшы керек»
    Шаруа қожалықта қоластымда жұмыс істеп жүрген кілең өзімнің бауырларым. Оларға тиісті ақшасын төлеймін. Ақшасын төлемесем, ешкім жұмыс жасамайды. Ал былай жұмысшылар жоқ. Қазір жұмыс жасағысы келетіндер аз. Былайша айтқанда, бұл отбасылық бизнес, бәрі ортақ. Ағам, інілері бәріміз бірге қараймыз. Жұмысшылар тұрақтамайды. Келеді, кетіп қалады. Ірі қараны да өзімнің бауырларым бағады. Негізгі өзімнің мамандығым механизатор. Совхоз кезінде шопыр болып қызмет атқардым. Комбайнға отырдым, Ка-700 айдадым. Егін ектік. Жолдасым ауыл шаруашылығы саласының маманы. Шаруа қожалықтың қағаздарын бәрін реттеп, жүргізіп отырған сол кісі. Есепші де, мал дәрігері де, зоотехник те сол кісі. Қай кәсіппен айналыссаң да, тәжірбие керек. Мал шаруашылығымен айналысқасын форумдарға қатысып, «опыт» жинап жүрмін. Бау-бақша егу бойынша Сарыағаш қаласына дейін барып қайттым. Бізге жұмысшы болса, дұрыс болар еді. Қазір жұмысшылар жетіспейді. Жан-жаққа жарнама беріп жатырмын. Тіпті қалаға да бердім. Ең болмағанда вахта жұмысы секілді болса екен. Оған да келіспейді. Ақтөбеде транспорттық бизнесім бар. Қазір балаларым ер жеткен соң, солар қарап отыр.

    «Алма бағын өсіремін»
    Мал шаруашылығымен айналысқаннан үлкен пайда бар. Өзіміз осы малдың арқасында оқу оқып, өстік. Бүгінде ірі қараға субсидия алып отырмын. 210 аналық бастың әрқайсына 10 мың теңгеден келеді. Ресейде агроном жақын достарым бар. Бау-бақша саласында қандай да бір сұрақ болса, бірден соларға хабарласамын. Қазір «Whats App» деген бәрімізге жақсы болды. Суретке түсіріп, жібересің. «Мынау осылай болып жатыр, не істейміз» деп, кеңес сұрайсың. Агроном достарым білгенімен бөліседі. Еңбек адамы ретінде мен де адамдарға білгенімді үйрете аламын. Бастысы қорықпау керек. Малды жақсы баптау үшін үнемі қасында жүру керек. Ол ауырмай тұрмайды. Уақытылы азығын беріп, қадағалау керек. Ал егер малшыларға тапсырып, алыстан бақылап отырып басқарсаң, малың ешқашан өспейді. Тіпті алып келгеніңді де ала алмайсың. Алдағы уақытта 5 га жерге алма бақшасын егуге дайындалу үстіндемін. Үкіметтің көмегімен алма бағын өсіремін, алдағы уақытқа жоспар осы. Бұл манағы 20 гектар бау-бақшаның көлемінен бөлек. Ал мал шаруашылығына келетін болсақ, оны дамыту керек. Ең бірінші аман-есен несиеден құтылып алайық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіптің бәрі – «Айшуақта»
  • Мәртөкте тұшпара цехі ашылады
  • Берекелі істің берері мол
  • Несібесін малдан тапқан шаруа
  • Әулиекөл сиыры - отандық бренд
  • Темірліктер алда келеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге