Қобдадағы той

    Қобдадағы той

    Батыр қыз Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтті. 15 маусымда облыс орталығында басталған мерейтой батыр қыздың туған жері Қобдада жалғасын тапты.

    18 маусым. Мерейтойдың қонақтары алдымен Әлия ауылында болды. Батырдың ескерткішіне гүл қойды. Мерейтойға келген қонақтар арасында ҚР премьер министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев та болды.

    Аптап ыстыққа қарамастан батырдың тойы қызықты өтті. Киіз үйлер құрметті қонақтарына дастарханнан дәм татырса, өнерпаздар алаң ортасындағы сахнада өз өнерлерін көрсетті.“Әлия гүл” достарын щақырады” атты халықаралық фестиваль қонақтары, “Мергендер” фильмінде батырдың рөлін ойнаған қазір Чехияда тұратын қырғыз актрисасы Айтұрған Темірова да тоқсан жылдыққа арнайы келген. Сондай-ақ, бұл тойға Қазақстан эстрадасының бір топ жұлдызы шақырылған. Солардың
    бірі - Өмірқұл Айниязов.

    -Әлия апамыздың тойына атсалысып жатқанымызға қуаныштымыз. Ақтөбе халқына тыныштық тілеймін. Оразаларыңыз қабыл болсын,- деп тілек білдірді әнші.

    Мерейтойға Әлия Молдағұлованың туыстары да келді. Әлияның нағашысының қызы Баян Молдағұлова апасының зеректігін ерекше атап өтті.

    -Ол сабағын жақсы оқыған. Үнемі үздік баға алатын болған. Қатарының алды болып, мектептегі барлық іс шараларға белсене қатысқан. Мінезі менің әкем Әбубәкірден айнымайтын болған деседі. Екеуі де бірбеткей. Көп жерлерде Әлияның туған күнін қате айтып жатады. Ол шын мәнінде 21 қазанда дүниеге келген,-дейді Баян Молдағұлова.

    Қобдадағы той

    Әлияның нағашы ағасы Әбубәкір әскери адам болған. Анасы қайтыс болғаннан кейін кішкентай Әлия нағашысының тәрбиесіне беріледі. Соғыс басталардан бір ай бұрын қызмет бабымен Ленинградтан қоныс аударған Әбубәкір жүкті әйелі мен балаларын жазғы демалыс кезінде көшіріп алмақшы болған.
    Араға бір ай салып екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Осы кезде Әбубәкірдің отбасы Ташкент қаласына көшеді. Нағашы жеңгесі мен бауырларын пойызға отырғызып жіберген Әлия өз қалауымен Ленинградта қалады.

    -Жеңгесі қанша жерден көндірмек болғанымен бірбеткей Әлия ешқайда бармайтынын, Ленинград қаласын және оның тұрғындарын қорғайтынын айтқан. Соғыс басталғаннан кейін 15 күн өткесін Әлия Әбубәкірдің отбасы тұрған үйдің күл-талқаны шыққанын көреді. Отбасының көшіп үлгергеніне қуанып, бір жағынан балалық шағы өткен үйді қимай жылап та алған,-дейді Баян Молдағұлова. Молдағұловтарға бұл әңгімені Әлиямен интернатта бірге оқыған құрбысы баяндап беріпті.

    Қобдадағы той

    Әбубәкірдің әскери адам болғанын айтып өттік. Бұйрықсыз қарыс қадам аттай алмайтындығын біле тұра ол ұрыс даласына екі мәрте барып, жиен қарындасын іздейді. Алғашында Әлия оқыған мектеп тарап кеткен соң, одан хабар ала алмай қиналған. Нағашысы Әлияның хабарын 1942 жылдың ақпан айында ғана біледі. Әбубәкір Молдағұловтың естеліктеріне қарағанда, Әлия алғашында ұшқыштар училищесінде оқыған. Ол жердегі оқудың тым ұзақтығынан мергендер мектебіне түседі. Ондағы ойы – тезірек майданға аттану болған,-дейді Баян Молдағұлова.

    Әбубәкір жиен қарындасымен 1943 жылғы мамыр айында жолыққан. Елге алып кетпекке әрекет жасайды. Алайда, бірбеткей батыр елге қайтудан бас тартқан. Отанын қорғағысы келетінін айтқан. Осылайша Әлия өзі өскен әулеттің ғана емес, ұлтының атын да аспандатып жіберді.

    Әлия Молдағұлованың әрбір мерейтойы Ақтөбе жері үшін ерлікке тағзым ететін күні. Даңқ пен өрліктің мерекесі. Күллі қазақтың мерейі. Қобдадағы тойдан әлеуметтік желілерге тақырыптық хэштегтермен 300-ге жуық сурет салынғандығы соның бір ғана айғағы болса керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қырғыз актрисасы ”Қобданың құрметті азаматы” атануы мүмкін
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Қобдадағы той
  • Әлия және Сәңкібай даңғылдарының қиылысы тағы жабылады
  • Әлия музейіндегі ең құнды экспонат Ақтөбеге қалай жетті?
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге