Бұлақтыкөлдің халқы май аралас су ішіп отырғандарын хабарлады
Байғанин ауданындағы Бұлақтыкөлдің тұрғындары ауыз судан тапшылық көріп отыр. Халық оны 22 шақырым жердегі Абай ауылынан тасып ішуге мәжбүр. “Керек. info” тілшісіне шағымданған ауыл тұрғыны Аманжол Есенғұлов осылай дейді.
Шалғайдағы жұрттың жанына жалау мекеме
Ырғыз аудандық орталық ауруханасы жанындағы емхана тәулігіне 300 адамға қызмет көрсете алады. Аурухана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ғимараттың ауласына кіші қызметкерлердің өз қолымен жасаған мүсіндер қойылған.
Қарғалыда құны 3,5 млрд теңге болатын құс фермасы ашылады. Жаңа ферма Ақтөбе облысында өндірілген етті Ресейге шығаруға мүмкіндік береді. Тағы бір жаңалық- биыл Қосестек ауылы мен Кемпірсай бекеті газдандырылады. Бұл жөнінде Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовтың журналистермен кездесуі кезінде белгілі болды.
Жас балықшы: Өз ортамның ыңғайына қарай кәсіп қылып жүрмін
Ақтөбе облысындағы балық қорының 80 пайызы Ырғыз ауданында. Соған қарамастан Ырғыздағы балық бағасы облыс орталығымен қарайлас. Мұны жергілікті балықшылар қыста балық аулаудың қиындығымен байланыстырып отыр.
Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады
Ырғыз ауданында балықтың сегіз түрі кездеседі. Ақтөбе облысындағы балық қорының 60-80 пайызы осы ауданда. Биыл аудан орталығынан балық өңдейтін зауыт ашылмақшы. Бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Байғанин ауданында кісі өлімі көп
Былтыр Байғанин ауданында 128 адам дүние салған. Бұл аталмыш ауданда өлім көрсеткіші 3-тен 4 промиллеге көбейгендігін көрсетеді. Тұрғындар мұны экологиялық ахуалдың нашарлығымен байланыстырып отыр. Ал аудан әкімі Мамырғали Аққағазов медициналық қызмет сапасының нашарлығынан көреді. Аққағазов 16 ақпан күні Ақтөбеге келіп, жергілікті журналистердің сауалдарына жауап берді.
Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
Ақтөбеде “Ауыл кәсіпкерлігі” бағдарламасына қатысуға 26 кәсіпкер өтініш білдірді. Бүгінгі күні 14 адамның өтініші қанағаттандырылды. Бұл жөнінде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина хабарлады.
“Болашағы жоқ” ауылдардың бүгінгі жағдайы
Байғанин ауданындағы Қазақстан ауылының тұрғындары биыл қоныс тойын тойлайды. “Болашағы жоқ” ауыл болғандықтан аудан орталығынан тұрғын үй салынады. Ол үшін республикалық бюджеттен 61 миллион 700 мың теңге қаржы бөлінген.
2005 жылы кезекке тұрғандарға жер учаскелері беріледі
Ақтөбеде 2005 жылы жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға “Ақшат-2”, “Красносельское-2”, “Шилісай-2” тұрғын массивтерінен жер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бекбол Сағынның халық алдындағы қорытынды есеп беруінде белгілі болды.