7/9/2017

    Мал өсірсең - қой өсір...

    “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” дейді аталы сөзге тоқтай білген атам қазақ. Бүгінгі таңда істің қиюын келтіріп, әр салада өз кәсібін дөңгелетіп отырған жандар аз емес. Статистика шығарған соңғы мәліметтерге сүйенсек, осы кәсіпкер жандардың басым бөлігін орта жастан асқан адамдар құрап отыр екен. “Құттығай” шаруа қожалығының тыныс-тіршілігінен танысудың сәті түскен еді. Төрт-түлік ата-баба кәсібі десек те, қиындығы бір басқа жетіп артылатын мал өсіру ісімен айналысып жүргені көңілімізді қуантты.

    7/9/2017

    Ауылым – алтын бесігім

    Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.

    31/8/2017

    Ажарлы мал - базарлы

    Қазақ “атакәсібім” деп мал шаруашылығын айтамыз. Кейбір жаңашылдарымыз жерініп қалатын бұл кәсіп түрі көшпенділер өркениетінің негізгі табыс көзі, күнкөріс тірегі болды. Үй жануарларын “төрт түлік” деп атап, әрқайсысын қадірлеп, малдың пірі болады деген түсінік қалыптастырды.

    17/8/2017

    Рухани жаңғыру – жаңаша ойлау

    Ақтөбе қаласында Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласын халыққа түсіндіру мақсатында 25 ақпараттық топ құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы және Ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды қала тұрғындары арасында түсіндіру және талқылау бойынша Ақтөбе қаласы әкімі жанында 25 ақпараттық топ құрылды.

    17/8/2017

    Ойылдық бренд - сары тары

    Тары десе, ең алдымен ойға Ойыл түседі. Ойыл мен тары егіз секілді. “Керек.info” газеті ойылдың тарысы туралы бұрын да жазған болатын. Биыл да Ақтөбенің басты брендтерінің бірі, тарихи өнім тары туралы оқырмандарымызға хабар жеткізуді ұйғардық. Сонымен...

    10/8/2017

    Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие

    “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешені биыл сәуір айында іске қосылды. Инвестициялық жоба “ҚазАгро” ұлттық холдингі жүйесі бойынша Ұлттық қордың қаржысы есебінен қаржыландырылды. “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамы арқылы 4,2 миллиард теңге бөлінді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 6 500 тонна қияр және қызанақ. Өнім қазақстан нарығына шығарылады. Осы ретте өсірілген өнімнің 50%-на дейінгісі көрші Ресей елінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.

    3/8/2017

    Картоптың көзін тапқан шаруа

    Картопты ел арасында “екінші нанға” теңейді. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен ерекше маңызға ие картоп барлық елдер дастарханындағы басты тағамның бірі. Біздің бүгінгі әңгімеміз – осы бір көкөністің көзін тауып, еңбегімен несібесін айырып отырған Миржан Әлжанов туралы болмақ.

    6/7/2017

    Сұлтанбектің қарбызын жеп көрдіңіз бе?

    Ырғыз өңірі қашаннан малды мекен. Төскеде малы шұбырған қазақы ауыл қазір де әдетінен жаңыла қойған жоқ. Бүгінгі әңгімеміз Малайдар көлінің арғы жағында орналасқан “Қожакөл” шаруа қожалығы туралы болмақ.

    6/7/2017

    Ырғызда ырыс мол

    Ауылда тұратын ағайын үшін малдың орны ерекше. Ырысы мен несібесін тек төрт түліктен айырып отырған қазақ үшін мал қашанда қымбат. “Мал-жан аман ба?” деп сәлеміне қосатын малдың күйі мен бабын баптау кез келгеннің қолынан келе бермейді. Біздің бүгінгі әңгімеміз Ырғыздағы “Есбол” қожалығы туралы болмақ.

    29/6/2017

    Еңбек етсең ерінбей...

    Өз еңбегімен ешкімге алақан жаймай отырған шаруа “адамның ниетіне қарай несібі” деген принципті ұстанады. “Әр істің артында үлкен еңбек жатыр” дейді бірнеше кәсіпті ұстап отырған Сәбит Бозекеев .



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге