12/4/2018

    Ақтөбе облысында жұмыссыз әйел кәсіпкер атанды

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында тұратын Айжамал Алмаева мүйізді ірі қара өсіріп, табыс тауып отыр. Бір кездері жұмыссыздар қатарында болған ол бүгінде кәсіпкер атанған.

    5/4/2018

    Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды

    Облыс бойынша шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарына кірісіп кетті. Көктемгі-далалық жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы облыстық ауыл-шаруашылық басқармасының егіншілік бөлімі басшысы Диас Ерғалиев хабарлады.

    29/3/2018

    Қалың қалай, ойылдық шаруа?

    Өз алдына аудан боп құрылғанына ғасыр толмақшы Ойыл мекенін туристер әлі күнге толық зерттелмеген мекен деп санайды. Айтқандай, бұл өлкенің тарихын әріде Асан Қайғы жырлап, беріде алашордашылар өздерінің орталығы етуі тегіннен емес. «Көкжар» жәрмеңкесінің даңқы да әлі күнге аңыз боп айтылып келеді. Құмы да, суы да мыңнан бір ем болатын Ойыл өлкесінің негізгі күнкөріс көзі – мал мен егін шаруашылығы. Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Сүйіндік Төлешұлы сол күнкөріс көзіне айналған шаруашылықтар туралы баяндап берді.

    1/2/2018

    Ақтөбеден ең таза сүт шығады

    Ақтөбеге келген ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "Айс" сүт өнімдерінің негізгі көзі – сиыр фермасына жол тартты. Мәртөк өңірінде орналасқан ферманың тұрмыс-тіршілігімен таныспақ болған министрге шаруашылықтың жұмыс барысы мен алдағы уақытқа жасалған жоспарлары көрсетілді. Ал тілшілер орайын тауып, "Айс" компаниясының құрылтайшысынан сұхбат алды.

    1/2/2018

    "Осындай деп ойламадым..."

    Аязды қыста халықты көкөніс түрімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтың еңбегі зор. Алайда, ол өнімнің 70 пайызы Ресейге жіберіледі.

    9/11/2017

    Төрт түлігі түгел өрген ауыл

    Жері шұрайлы Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округі негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде елдімекенде 281,7 мың гектар жер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылып отыр.

    2/11/2017

    Қыстың қамын жазда ойла

    Жылдың төрт мезгілінде мал бағып, оның басын көбейту және өнімдерін молайту жолында жанкешті еңбек етіп жүрген ауыл еңбеккерлерінің төзімділігі мен сабырлылығына таң қалмасқа болмайды. Бұл бәлкім, ата кәсібіне адалдықтың, отбасы, ел алдындағы жауапкершіліктің басты белгісі болса керек. Қазір алыстағы малды ауыл тұрғындарының ой-санасына жергілікті немесе отандық өнімдерді молырақ өндіру керектігі жөніндегі Елбасы тапсырмаларын орындауға деген құлшыныстың артып отырғандығын байқауға болады.

    2/11/2017

    Хромтауда күнбағыс майы өндірілмек

    “Ақтөбе нан өнімдері” комбинатына инвестор табылмай жатыр. Хромтау ауданында биылдан бастап күнбағыс майын өндіріледі. Жергілікті диқандар биыл әр гектардан 13,1 центнер өнім алды. Бұл жөнінде аудан әкімі Аманғали Бердалин “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.

    26/10/2017

    Мемлекеттен көмек мол

    Мемлекеттің көмегін алып, өз шаруасын жүргізіп отырған шаруалар қазір көбейіп келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Сондай шаруаның бірі Кенжеш Байжуанов өз қожалығы туралы ой бөлісті.

    26/10/2017

    Жылқыны қойға айырбастаған шаруа

    Қобда ауданы Ақтөбе облысының батысында орналасқан. Ауданда кіші және шағын бизнесті қолдауға көп көңіл бөлінуде. Қобда ауданының тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі күні аудан бойынша 277 шаруа қожалығы, 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге