10/8/2017

    Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие

    “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешені биыл сәуір айында іске қосылды. Инвестициялық жоба “ҚазАгро” ұлттық холдингі жүйесі бойынша Ұлттық қордың қаржысы есебінен қаржыландырылды. “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамы арқылы 4,2 миллиард теңге бөлінді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 6 500 тонна қияр және қызанақ. Өнім қазақстан нарығына шығарылады. Осы ретте өсірілген өнімнің 50%-на дейінгісі көрші Ресей елінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.

    3/8/2017

    Картоптың көзін тапқан шаруа

    Картопты ел арасында “екінші нанға” теңейді. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен ерекше маңызға ие картоп барлық елдер дастарханындағы басты тағамның бірі. Біздің бүгінгі әңгімеміз – осы бір көкөністің көзін тауып, еңбегімен несібесін айырып отырған Миржан Әлжанов туралы болмақ.

    6/7/2017

    Сұлтанбектің қарбызын жеп көрдіңіз бе?

    Ырғыз өңірі қашаннан малды мекен. Төскеде малы шұбырған қазақы ауыл қазір де әдетінен жаңыла қойған жоқ. Бүгінгі әңгімеміз Малайдар көлінің арғы жағында орналасқан “Қожакөл” шаруа қожалығы туралы болмақ.

    6/7/2017

    Ырғызда ырыс мол

    Ауылда тұратын ағайын үшін малдың орны ерекше. Ырысы мен несібесін тек төрт түліктен айырып отырған қазақ үшін мал қашанда қымбат. “Мал-жан аман ба?” деп сәлеміне қосатын малдың күйі мен бабын баптау кез келгеннің қолынан келе бермейді. Біздің бүгінгі әңгімеміз Ырғыздағы “Есбол” қожалығы туралы болмақ.

    29/6/2017

    Еңбек етсең ерінбей...

    Өз еңбегімен ешкімге алақан жаймай отырған шаруа “адамның ниетіне қарай несібі” деген принципті ұстанады. “Әр істің артында үлкен еңбек жатыр” дейді бірнеше кәсіпті ұстап отырған Сәбит Бозекеев .

    23/6/2017

    Мемлекеттің көмегі мол

    Шалқар ауданы, Мөңке би ауылының тұрғыны Боранбай Бисенәлі өз ісін дөңгелетіп отырған жан. Ол мал басын көбейту үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысып келеді. Ол мал бағу – қазақтың негізгі кәсібі деген пікірді ұстанады.

    23/6/2017

    Қобданың күйі жақсы

    Қобда өңірінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында біршама ілгерілеулер байқалады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 13 миллиард 937 миллион теңгеге жетті, бұл алдындағы жылдан 6,4% жоғары. Шаруашылық құрылымдар есепті жылы салаға барлығы 484,6 миллион теңге инвестиция тартты, бұл да алдындағы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе артық. Жыл ішінде барлығы 43 ауылшаруашылық техникасы жаңартылды. Бұл туралы Қобда ауданының әкімдігі хабарлады.

    23/6/2017

    Ебін тауып, ешкі өсір....

    Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Петропавл ауылында тұратын Абат Өтегенов сүтті ешкі мен қара шұбар сиыр бағып, дөңгелетіп отыр. Шағын сүт цехын ашқан жеке кәсіпкер бүгінде бірнеше өнім түрлерін шығарады.

    15/6/2017

    Мәртөктік кәсіпкер Ақтөбеде кездеспейтін таза қанды қояндар өсіруде

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жеке кәсіпкер Олег Мельченко қоян өсіріп, табыс тауып отыр. Кәсіптің көзін тапқан ол биыл шағын ферма ашып, салпаңқұлақтардың санын үш мыңға жеткізбек.

    15/6/2017

    Қанаты кеңге жайылған "Идеят"

    Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында "Идеят" қожалығы мыңнан астам мал бағып, он шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге