Ақтөбеде тапа-тал түсте адам жоғалып кетті
Куәгерлер ер адамды көшенің ортасынан ақ түсті Ландкрузер 200 маркалы көлік мінгізіп алып кеткенін көрген. Ақтөбелік жігіттен содан бері хабар жоқ. Ерхан Тлеуімбетовтің із-түзсіз жоғалып кеткеніне бес күн болған. Туыстары, ағайындары алаңдап отыр. - Ерхан 3 тамыз күні сағат төрттер шамасында 41 разьезден Алғаға баратын жолда белгісіз ақ түсті Ландкрузер 200 маркалы көлікке отырып кеткен. Сол кеткеннен хабарсыз. Қайда барғаны белгісіз. Көліктің нөмері де бақылау камераларынан көрінбейді. Көрген, білген адамдар болса хабар беріңіздер,- құда баласы Қайрат. Оның айтуынша, Ерхан 31 шілде күні Түркістаннан келген. Сатуға жеміс-жидектер алып келген екен. - Ерхан құда бала болғанымен, өзіме ағамдай болып кетіп еді. Екеуміз жақында ғана қауын-қарбыз сатуға шығып едік. Жайлап сауда жасап
“Бізге қашан жер бересіңдер?!”
Ақтөбелік Самалхан Селбаева мен Ербол Әбдіхалықов өздеріне тиесілі жер телімдерін ала алмай жүр. Тіпті, жер кезегінен белгісіз себептермен шығып қалғанын айтады. Бұл мәселеге редакция араласқан соң, ақтөбелік тұрғын өзінің аты-жөнін тізімнен қайта тапты. Тағы бір кезекте тұрған адам өзінің тізімнен алынып тасталғанын, ал жерін бөтен адамға бергенін айтты.
“Керек.info” газетінің хат қоржынына 84 жастағы тыл ардагері, зейнеткерден хат келді. Ақтөбелік Қорқытбай Шадин зейнетақысының көлеміне күмәнданады екен. Біз ақсақалдың өтінішін жерге тастай алмадық.
Ақтөбеде жаңадан 40 автобус іске қосылды
Қаладағы қоғамдық көліктердің қатары толықты. 40 автобус алуға бюджет қаражатынан 1,2 млрд. теңге бөлінген.
Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие
“Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешені биыл сәуір айында іске қосылды. Инвестициялық жоба “ҚазАгро” ұлттық холдингі жүйесі бойынша Ұлттық қордың қаржысы есебінен қаржыландырылды. “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамы арқылы 4,2 миллиард теңге бөлінді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 6 500 тонна қияр және қызанақ. Өнім қазақстан нарығына шығарылады. Осы ретте өсірілген өнімнің 50%-на дейінгісі көрші Ресей елінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.
Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды
Себебі белгісіз өрттен ақтөбелік отбасы бес баласымен далада қалды. Отанасының алтыншы сәбиге аяғы ауыр. Қазір ақтөбеліктер қала болып зардап шеккен отбасыға көмектесіп жатыр.
Ақтөбелік молдалар теріс ағымдағы адамдармен боулинг ойнады
Ақтөбе қаласының бас имамы жамағат арасында боулингтен жарыс өткізіп, шетелдік әндердің орнына қазақтың күйін қосты. Ол ән тыңдауды “харам” деп жүретін өзге ағымдағы адамдардың іс-әрекетін бақылаған.
Балабақшада кішкентай қызды балалар талап тастаған
Ақтөбелік балабақшада бір жарым жастағы қызды жеті жерінен тістеп тастаған. “Келешек” балабақшасында болған оқиға кезінде кішкентай қыз зардап шекті. Оқиға кезінде бала күтуші іште болған. Бала күтушісі тістеп жатқанын көріп, барып ажыратып алғанша, жеті жерден тістеп тастаған.
Ақтөбеде көп балалы аналар марапатталды
Ақтөбе қаласында көп балалы аналар күміс алқа, алтын алқа наградаларымен марапатталды. Олардың ішінде 4 “Алтын алқа”, 9 “Күміс алқа”. Ең жас ана 30 жаста. Ол күміс алқа иегері.