6/4/2017

    Ақтөбелік жастар арасында ВИЧ жұқтырғандар көбеюде

    Эпидемиологиялық бақылау кезінде Ақтөбе облысында 386 ВИЧ жұқпасы тіркелген. Анықталғандардың ішінде 84 шетел азаматы бар. Үш айдың ішінде ВИЧ жұқтырған 8 адам анықталды. Бұл туралы облыстық СПИД орталығы мәлімдейді.

    6/4/2017

    Аутизм туралы неге айтылмайды?

    Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі – аутизм. Өйткені, бұл дертке шалдыққандар туралы жиі айтыла бермейді. 2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні. Дәл осы күні “Керек.info” газетінің тілшісі ақтөбелік науқас балалардың аналарымен сөйлескен болатын.

    30/3/2017

    Ақтөбелік кәсіпкердің анасы балконнан секіріп қайтыс болды

    Ақтөбеде зейнет жасындағы жалғызбасты әже балконнан құлап көз жұмды. Оқиға 23 наурызда кешкілік 7-8-дер шамасында болды. Полицейлердің айтуынша, өз-өзіне қол жұмсаған. Көршілер бұл жағдайды басқа біреулердің ісі деп отыр. Қарттың денесі суық қар бетінде бірнеше сағат бойы жатып қалған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылардың сөзінше, марқұмның үйінде 3 млн теңгедей ақша болған.

    30/3/2017

    Т.Ахтанов театры драма емес, құрамаға айналды

    27 наурызда әлем бойынша театр күні тойланады. Бұл күні театрға қатысы бар барлық қызметкерлер өз кәсіби мерекелерін шат-шадыман тойлайды. Ақтөбе облысынан шыққан белгілі драмматург Тахауи Ахтановтың атын иеленген драма театры бұл күнді қалай атап өтті? Ақтөбеліктердің театрға деген махаббаты қандай дәрежеде? Бір шаңырақ астына жиналған үш театрдың әртістері қалай өмір кешіп жатыр? Осы сұрақтарға “Керек.info” тілшісі жауап іздеп көрген болатын.

    16/3/2017

    Ақтөбелік студенттер бір ай бойы ұлттық киім киеді

    Үнемі студенттеріне ұлттық киім киюді үгіттеп жүретін “Қазақ филологиясы” кафедрасының аға оқытушысы Сақыпжамал Тәшімбаева ұлттық киімнің қадірін білуге шақырады.

    16/3/2017

    Қытайдан келген студенттер наурыз тойлады

    Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күніне дайындық басталып кетті. 14 наурыздан бастап жаппай тойлап жатқан ақтөбеліктердің арасында Қытайдан келген студенттер де бар. Қытай Халық Республикасындағы “Іле педагогикалық университетінен” Ақтөбеге білім алмасу үшін келген қыздар Наурызды тарихи отанында қарсы алғандарын үлкен бақыт деп есептейді.

    16/3/2017

    Амал келді - аман көрдім!

    14 наурызда Қазақстанның батыс өңірі көрісу күнін тойлайды. Әсіресе Маңғыстау облысында бұл мереке “Амал” деген атау иеленіп, Отпан таудың басында адайлар бірлік тойын тойлайды. Ақтөбенің өзінде кей аудандар көрісу күнін білмейді. Дегенмен, 14 наурызда бір-бірін көрсе, айқара құшағын жайып, қол алысып жататын ақтөбеліктер жоқ емес. Жалпы Көрісу күні деген не? Бұл туралы “Керек.info” газетінің тілшісіне белгілі тарихшы Айшуақ Дәрменұлы жауап берген еді:

    16/3/2017

    Кел, көрісейік!

    Ақтөбеде “Көрісу” күніне арналған флешмоб өтті. “Кел, көрісейік” деп аталған акцияны “Жүректен жүрекке”, “Жас ұлан” еріктілер тобы бірігіп өткізді.

    16/3/2017

    Ақтөбеде алғаш рет “Тілеу батыр” драмасы қойылады

    Қазақ тарихында батырлығымен ел есінде қалған ерлер аз емес. Аңыздан оралған Қобыланды батырдың өзі ұлттық рухтың шынайы көрінісі деуге болады. Сондай батырлардың бірі Тілеу батыр туралы биыл Ақтөбеде алғаш рет тарихи драма сахналанады. Бүгін алғашқы премьерасы өтетін қойылымның ақтөбеліктер үшін маңызы зор. Өйткені, Тілеу батыр – Ақтөбе топырағында туған ер.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге