7/12/2017

    Ақтөбеде жас суретшілердің көрмесі өтті

    Ақтөбеде «Big бояу» атты Арт-акциясы өтті. Бұл көрмеге 12 суретші қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрменің мақсаты- Ақтөбедегі өнерлі жастарға орта қалыптастыру екен.

    30/11/2017

    “Мен көкек-ана емеспін”

    Ақтөбелік Асылбек есімді тұрғын мүгедек баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Айтуынша, келіншегі үлкен баласын мүгедектігі үшін интернатқа тапсырып жіберіп, өзін екінші баламен тастап кеткен. Жолдасымен ажырасып кетіп екі баланы бөліп алған екен. Оның айтуынша, бұрынғы әйелі баланы бағудан қашып бірінші баласын балалар үйіне тапсырып жіберген. Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен бұл хабардың мән-жайын айту үшін “Керек.info” газетінің редакциясына Асылбектің бұрынғы әйелі Гүлжанат Алдабергенова хабарласты. Келіншектің айтуынша, жағдай мүлдем басқаша болыпты.

    30/11/2017

    Ақтөбелік теолог намаз оқу үшін ата-анадан рұқсат сұрау керектігін айтты

    Ақтөбелік теолог жастарға әлеуметтік желіден теріс діни ағымды насихаттайтын бейне-роликтер көруге болмайтындығын айтты.

    30/11/2017

    Қандағашта он бес адам жол апатына түсті

    Қандыағаш қаласында жол көлік оқиғасынан 15 адам зардап шекті. Оқиға 25 қараша кешкі уақытта болған.

    30/11/2017

    Ақтөбеде әлеуметтік орталық ашылды

    Орталыққа көмекті қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, осы оқу орнында оқитын студенттер келе алады. Мұнда дефектолог, логопед, психолог мамандары кеңес береді.

    23/11/2017

    Ақтөбеде жүк көлігімен адам қаққан жүргізуші ұсталды

    Ақтөбеде Камаз жүк көлігімен адам қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Оқиға 14 қарашада Кеңес Нокин көшесінде кешкі уақытта болған.

    23/11/2017

    Ақтөбелік тәртіп сақшылары қан тапсырды

    13-19 қараша аралығында дүниежүзілік “жол-көлік апаттарынан зардап шегушілерді” еске алу апталығы өтеді. Осы акция аясында Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарынан зардап шегушілер үшін қан тапсырды. Жек құрамның қызметкерлері 10 литрге жуық қан тапсырып, қайырымдылық шарасын жасады.

    23/11/2017

    Ақтөбеде ЦОН-да кезекте тұрған адам қайтыс болды

    Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезекте тұрған адам қайтыс болған. Кезегін күтіп тұрған 59 жастағы ақтөбелік есінен танып құлап түскен. Дәрігерлер жеткенше ақтөбелік бақилық болып кетіпті.

    23/11/2017

    Балаңды ұмытсаң, көлігіңнен айрыласың!

    Ақтөбеде мемлекет пайдасына 2 млн теңге берешек төленген. Бұл сома борышкерлердің 3 автокөлігін тәркілеу арқылы мемлекет қазынасына түскен. Ақтөбе облысы бойынша борышкерлердің автокөліктерін ұстап, айыппұл тұрағына қою туралы рейд жүріп жатыр. Айыппұл тұрағына түскен автокөліктер саны 4000-нан асады. Бұл туралы Әділет департаменті хабарлайды.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге