Ипотекалық несие қайта қаржыландырылып жатыр

    Ипотекалық несиемен үй алып, оны өтей алмай жүргендер үшін қайта қаржыландыру бағдарламасына түзетулер мен өзгертулер енгізілді. Бұл 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған азаматтарға қатысты жаңалық. Олар банкпен жаңа шарт жасасып, негізгі қарызын 3 пайызбен төлейтін болады.

    Жеңілдіктер тек проблемалық кредиттерге ғана қатысты. Яғни, банктің алдындағы берешегін 90 күннен астам кешіктірген азаматтарға жеңілдік жасалады. Бұл туралы “Керек. info” тілшісіне Ұлттық банк Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Нағима Өмірбекова хабарлады.
    Бағдарлама биыл сәуір айында бекітілген. Ал Ақтөбе облысында шілде айынан бастап жүзеге асырылып жатыр.

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлмира Өмірсерікқызы 2011 жылы жұмыссыз қалғандықтан ипотекалық несиесін өтей алмаған. Кезінде “Банк ЦентрКредит” АҚ-нан бір жылға мұрсат сұраған Гүлмира төрт жыл бұрынғы қарызының әлі де қордаланып тұрғанын айтады.
    -Кезінде 16 пайыздық үстемемен банктен ипотекалық несие алғанмын. Ай сайын 60 мың теңге төлеп отырмын. Қайта қаржыландыру бағдарламасына ілігетін болсам, ай сайынғы төлем азаяды. Өйткені, бұрынғыдай 16 пайыз емес, 3 пайыздық үстемемен төлейтін боламын,-дейді ол.

    Гүлмира – жалғызбасты ана. Қайта қаржыландыру кезінде осындай әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарға басымдық беріледі. Олар: көп балалы аналар, толық емес отбасы, ҰОС ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жасына байланысты зейнеткерлер, жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балалар, оралмандар, қоғамдық немесе мемлекеттік тапсырмаларды орындау кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасы. Бұл категорияға жататын азаматтардың банк алдындағы қарызы 36 470 000 (отыз алты миллион төрт жүз жетпіс мың) теңгеден аспауы керек. Және ипотекалық несиені 2004-2009 жылдар аралығында рәсімдеген болуы шарт.
    Қайта қаржыландыру кезінде назарға алынатын тағы бір нәрсе - тұрғын үйдің аумағы. Бұрын баспананың жалпы алаңы 120 шаршы метрден аспауы тиіс болатын. Соңғы өзгеріс бойынша тұруға жарамды аумақ 120 шаршы метр-ден аспауы тиіс деп өзгертілді. Ал көп балалы отбасылар үшін баспана аумағы шектелмейді.
    Ескеретін тағы бір жайт, кепілге қойылған мүлік үй иесінің жалғыз баспанасы болуы тиіс. Егер жер телімі кепілде тұрған болса, оның алаңы 0,1 га аспауы керек.

    - Жеңілдіктер банк алдындағы қарызын кешігіп төлегендерге ғана қатысты. Азаматтың негізгі қарызына жаңа шарт жасалынады. Мәселен, бұрын банк ипотекалық несиені 17 немесе 19 пайызбен берді делік. Енді сол қарызды небәрі 3 пайызбен төлеуге мүмкіндік бар. Бұл шығын ҚР Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен өтеледі. Несиелеу мерзімі - 20 жыл,-дейді Ұлттық банк Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Нағима Өмірбекова.
    Қарыз алушы алдымен өзі құжат рәсімдеген банкке барып, арыз жазады. Барлық құжаттарын және әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топқа жататындығын дәлелдейтін анықтаманы бірге апарады.

    Нағима Өмірбекованың айтуынша, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру 9 ай ғана жүргізіледі. Сондықтан ипотекалық несиесі бар азаматтардың асығулары қажет.
    Талапкердің арызы 15 күннің ішінде қаралып, жазбаша түрде жауап беріледі. Банк шығарған шешіммен келіспейтіндер болса, облыстық комиссияға арыздануына болады. Арнайы комиссияның құрамында 12 адам бар.
    Ипотекалық кредиттеу саласындағы проблемаларды шешу үшін Ұлттық банк 130 миллиард теңге қаржы бөлген. Ақтөбе облысында үш айдың ішінде 719 адам қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтінім берген. Әзірше соның 234-і ғана қанағаттандырылды.

    Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейлі банктер тізімінде “Қазкоммерцбанк” АҚ (“БТА Банк” АҚ және “БТА Ипотека” АҚ), “Қазақстан Халық Банкі” АҚ, “Fortebank” АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ, “АТФ Банк” АҚ, “Kaspi Bank” АҚ, “Цеснабанк”АҚ, “Еуразиялық банк”АҚ және “Нұрбанк” АҚ бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Валют Транзит Банк” салымшыларына өтемақы беріледі
  • Назарбаев: Көп нәрсе Ұлттық банк жұмысына тәуелді
  • Баспанасыз жастар назарына!
  • 77 шаңырақ жуырда қоныс тойын тойлайды
  • Пәтерге мұқтаж 77 адамнан құжат қабылданады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге