АҚТӨБЕДЕ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    АҚТӨБЕДЕ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    26 қыркүйек күні ақтөбеліктер санитарлық тазалау акциясына өз үлестерін қосу үшін сенбілікке шықты. Мұндай сенбіліктер қалаға қар түскенше жалғаса бермек.

    Іс-шара қаланы тазалыққа келтіріп, қыс мезгілінде толық дайындықпен кіру мақсатында жүргізілді. Сенбілік кезінде саябақтар, аулалар және іргелес аумақтар тазаланады. Және қалаға қар түскенше жалғаспақ.

    Қала әкімі аппаратының бөлім басшысы Аслан Махатовтың сөзіне қарағанда, апта сайын өткізілетін тазалық жұмыстарына әр ұйым қай күндері шығатынын өздері шешеді.

    26 қыркүйек күні “облыс және қала әкімдігінің қызметкерлері мен жергілікті оқу орындарының студенттерінен жасақталған топ яғни, 30 шақты адам Нұр Ғасыр” мешіті маңындағы алаңды тазалады.

    Любовь Чернова, облыс әкімінің кеңесшісі:
    - Қала тазалығы әрбір тұрғын үшін маңызды. Керекті құрал-сайманда-рымызды алып, іске ертелетіп кірістік. Мақсат - “Нұр Ғасыр” мешітінен “Замок” мейрамханасына дейінгі аралықты тазалап шығу.

    Индира Ранова, көпсалалы “Болашақ” колледжінің студенті,
    -Бүгін сабақ болған жоқ. Демалыс. Күнді текке өткізбей, қала тазалығына кішкентай болса да үлес қосқымыз келді. Сүйікті қаламның қажетіне жарағаныма ризамын.

    Өткен сенбі күні “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының қызметкерлері де Абай даңғылын тазалауға шыққан болатын. Партия мүшелері кетпен-күректерін қар түскенше қолдарынан тастамайтындарын айтты.

    Нұрхан Ағниязов, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
    -“Нұр Отан” партиясы Ақтөбе облыстық филиалынан барлығы 20-ға жуық адам сенбілікке шығып отырмыз. Абай даңғылын тазартамыз. Күз түскелі бірінші рет шығып тұрмыз. Біздің тазалап жатқан жеріміз өте жауапты аймақ. Себебі бұл жерде ертеңгісін де, кешке де тұрғындар демалады, қыдырады. Мұндай іс-шараларды қолдаймыз да, бірге жүзеге асыруға тырысамыз. Әрбір азамат мәдениетті болса, қала да таза болады.

    Қала көшелерінен бөлек Хромтау бағытындағы тас жолдың бойы да тазартылып, күре жолдың жиегінен жиналған күл-қоқыс полигонға шығарылды.

    Асылхан Бекболатов, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі:
    -Қазір бұл жерде қалалық кәсіпкерлер бөлімінің қызметкер-лерімен және Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенттерімен бірігіп тазалық жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Біздің мұндай жауапты істен қашқан кезіміз жоқ. 50 адам жұмыс істеп жатырмыз. Бекітілген аумақты тазартамыз. Ал жиналған қалдықтарды полигонға жеткізу үшін арнайы ұйымдар техникамен қамтамасыз етіп отыр.

    Айдана Кеңес, Қазақ-орыс халықаралық университетінің 2 курс студенті:
    -Университетте бескүндік оқу жүйесі. Бүгін демалыс. Біздер өз еркімізбен белсенді түрде сенбілікке шығып отырмыз. Мақсатымыз – қаламызды таза ұстау. Мұндай шараларға бұрын да қатысып жүрдім. Тазалық тұрғындардан бас-талады. Қоқыс даладан келмейді. Адамдардың тастағаны. Сондықтан айналамызды таза ұстайық!

    “Буратас” ЖШС жұмысшылары да сенбінің таңында тас жолдың бойын тазалауға шыққан. Демалыс күндерін қала тазалығына арнаған ақтөбеліктердің қай-қайсысы да мұндай іс-шараларға белсене қатысуға әзір екендіктерін айтты.

    Алғашқы сенбілік кезінде полигонға 105 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілікке барлығы 4784 адам қатысып, 50 шақты арнайы техника жұмыс істеді. Алдағы уақытта бұл шара жалғасын таппақ. Ал қаланың санитарлық тазалығына нұқсан келтіргендер әкімшілік жауапқа тартылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Таза қала - таза жағалау” акциясына қатысайық!
  • Үш мың адам “Жасыл ел” еңбек жасағына жұмысқа алынады
  • Ақтөбеде “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы өтеді
  • Қала күл-қоқыстан тазартыла бастады
  • Ерікті жастар ардагерлерге қол ұшын берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге