Зорлық көрген сәбидің анасы “алаяқ” атанды

    Осыдан екі жұма бұрын жыныстық зорлық көрген бес жастағы қыздың бойынан күдіктінің спермасы табылған жоқ. Күдіктінің туыстары оған “жазықсыз жала жабылды” деп санайды. Айтуларынша, нағыз қылмыскер бостандықта жүр. Ал жәбірленушінің анасы аяқ астынан “алаяқ” атанды.

    “Керек.info” тілшісі 29 қыркүйек күні зәбір көрген кішкентай қыздың анасы Нұргүл Манасбаевамен кездесті. Әйелдің қызын гинекологқа көрсетіп келген бойы екен. Қолында дәрігерлердің берген анықтамасы бар. Сараптама қорытындысына қарағанда, қыздың денесі мен киімдерінен күдіктінің спермасы табылмаған. Анасының сөзінше, гинеколог баланың өміріне қауіп төніп тұрмағанын, бірақ қатты күтім керек екендігін айтыпты. Дәрі-дәрмек жазып берген. Нұргүл қызының ұйқысы әлі де тыныш еместігін, дәрет сындырарда қатты қиналып жүргенін айтты.

    “Бес жастағы баланы зорлады” деп айыпталған күдіктінің қарындасы Айжан болса, “ағам-ақ” деп отыр. Айтуынша, оқиға болатын күні үйіне ағасының жолдастары келген. Аулаға шыққан ағасы кішкентай қызды жетектеген полиция қызметкерлерінің әлденені іздеп жүргенін көрген. Бірақ ойында ештеңе болмағандықтан үйіне келіп, алаңсыз телесериалын көріп отыра береді. Сәлден соң есікті полиция қызметкерлері қағып, ағасын күдікті ретінде ұстап әкеткен.

    -2001 жылы төбелесіп, екі жылдық жазасын өтеп келгені рас. Содан бері арақ ішпейді, шылым шекпейді. Соңғы екі жылдықта намаз оқып жүр. Жақында үйленбекші еді. Ағамның мұндай әрекетке баруы мүмкін емес. Жаманқұлов көшесінен Беркімбаев көшесіне жету үшін алты жолды кесіп өту керек. Тал түсте қызды сүйреп бара жатқанын ешкім көрмеуі мүмкін емес. Полиция дұрыстап іздесін! Нағыз қылмыскер бостандықта жүр,-дейді күдіктінің қарындасы Айжан.
    Айжанның сөзін Беркімбаев көшесіндегі №54 үйде тұратын көршісі Ботагөз Шүйінішбаева да қостап отыр.
    Күдіктінің туыстары “жәбірленуші қыздың анасы осындай жолмен ақша тапқысы келуі де мүмкін” деген болжамдарын да жасырмады. Зардап шеккен кішкентай қыздың анасы Нұргүл жұрттың өзін “алаяқ” атап жүргенін бұған дейін де естіген. Баласының зорлық көргені аздай, өзі де алаяқ атанған әйел “жала күдіктіге емес, маған жабылып отыр” деп зар илейді.
    -Кеше жұмыста бастығым шақырып алды. “Сені бәрі алаяқ деп жатыр” деді. Шошып кеттім. Төрт балам бар. Бесіншісіне аяғым ауыр. Ешкімде алажағым да, бережағым да жоқ. Перзентім адам сенгісіз жағдайға душар болғанда “алаяқ” атанғаным жаныма қатты батты. Мені қойыңызшы, кішкентай бала өтірік айтпайды ғой. Полицияға “мына үйде сары диван, қара жейделі аға бар” деп бәрін қолмен қойғандай етіп айтып берді,-дейді Нұргүл.
    Күдіктінің туыстары 35 жастағы жігітті ақтап алу үшін аянып қалмайтындарын айтты. Екі адвокат жалдаған. Ал зорлық көрген кішкентай қыздың анасы болса, баласының болашағына алаңдайды. Педофилдің өмір бойы түрмеде отырғанын қалайды. 5 жасар Гүлсезім қазір қаладағы мектептердің біріне даярлық сыныбына барып жүр. Мектеп психологының қадағалауында. Істің ақ-қарасын полиция анықтауы тиіс. Ақтөбе облыстық ІІД тергеудің мүддесін ойлап, әзір ешқандай ақпарат берген жоқ.
    Еске сала кетейік, бұл оқиға
    13 қыркүйек күні Ақтөбеде болған еді. Көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген қыз баланы үстінде қара жейдесі бар белгісіз ер адам сүйреп алып кетіп, зорламақ болған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мектеп оқушысы жоғалып кетті
  • Ақтөбеде бес жастағы қыз бала зорланды
  • Ақтөбеде 8 жастағы қызды зорламақ болған жігіт сотталды
  • Жоғалған қыз бала табылды
  • “Қазақтелекомның” алаяқ инженері екі адамды улап өлтірмек болған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге