Ақтөбеде “QAZAQ жылқылары” көрмесі өтеді

 Ақтөбеде алғаш рет “QAZAQ жылқылары” республикалық көрмесі өтеді. Жабы, көшім, мұғалжар тұқымы жылқыларының көрмесін тұрғындар тегін тамашалай алады. Бұл туралы Өнімді және әмбебап бағытындағы жылқы тұқымдарының республикалық палатасының директоры Қалыбек Рзабаев мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде 1 қазан күні “QAZAQ жылқылары” бірінші республикалық жылқылар көрмесі өтеді. Көрмеге Ақтөбе, Орал, Қостанайдан асыл тұқымды жылқылар әкелінеді. Өнімді және әмбебап бағытындағы жылқы тұқымдарының республикалық палатасының директоры Қалыбек Рзабектовтің айтуынша, көрмеге қатысуға ниет білдіргендер көп.

-Негізі 30 орын дайындаған болатынбыз. Алайда, одан да көп болады күтілуде. Себебі,республиканың түкпір-түкпірінен келушілер қатары артуда. Қызылорда облысының жылқылар да келуі мүмкін,-дейді палата директоры.

Қалыбек Рзабековтің мәліметінше, 1 қазан күні түске дейін жылқылар көрмесі өтеді. Түстен кейін 2,3 жасар құнандар сатылымға шығарылады. Оларды тегін тамашалауға болады. 

Қоғам
10:30, 23 сентябрь 2022
1 108
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив