Дәрі-дәрмек елу пайызға қымбаттады

    Дәрі-дәрмек елу пайызға қымбаттады

    Ақтөбеде шетелден тасымалданатын дәрі-дәрмек бағасы 50 пайызға дейін қымбаттап кетті. Мамандар мұны доллар бағамымен байланыстырады.

    19 қазан күні Қазақстандағы дәрі-дәрмек саласында жұмыс істеп тұрған ірі компанияның бас менеджері Франк Хамалян “баға 50 пайызға қымбаттауы мүмкін” деген болатын. Менеджер қымбатшылықты экономиканың тұрақ-сыздығымен байланыс-тырды.

    Франк Хамалянның айтуы мұң екен, ертеңіне Ақтөбеде халық көп тұтынатын препараттардың бағасы шарықтап шыға келді. Жергілікті дәріханаларды аралап көрген “Керек.info” тілшісінің аңғаруынша, кей препараттар 20-30, кейбіреулері елу пайызға дейін қымбаттаған.

    Аты-жөнін атамауды жөн көрген “Айболит” дәріханасының фармацевт маманы отандық препараттардың құны өзгеріссіз екендігін алға тартты. Қымбаттап жатқан- шетелден әкелінетін дәрілер.Мұны фармацевт доллар бағасының күрт көтерілуімен байланыстырып отыр.

    Он алты капсула Линекс бұрын 1120 теңге болатын. Қазір 1470 теңгеден сатылып жатыр. Терафлюдің бір пакеті 160 теңгеден 290 теңгеге жеткен. Ал бұрын 2900 теңге тұратын Нолипрел 4300 теңге.

    Осы мәселемен “Керек.info” тілшісі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ринат Құбатаевқа хабарлас-ты.
    Ринат Құбатаев өңірге шетелден тасылатын дәрі құнының өскенін жоққа шығармады. Айтуынша, дәрі-дәрмек елде девальвация басталғаннан кейін-ақ қымбаттай бастаған. Ал отандық өнім бағасы көтерілген жоқ.

    - Еуропадан әкелінетін препараттар бағасы доллардың көтерілуіне орай шарықтап отыр. Бұл-нарық заңы. Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстандағы дәріханалардың барлығы жекенің меншігінде,-дейді Ринат Құбатаев.
    Қазақстандағы дәріханаларда сатылатын медикаменттердің 30 пайызы ғана отандық өнім. Қалғаны 70 пайызы шетелден әкелінеді.

    Осыдан бес жыл бұрын Қазақстандағы дәрі-дәрмек өндірісінің отандық үлесін 50 пайызға жеткізу мақсатында “2010-2014 жылдарға арналған фармацевтика өндірісін дамыту туралы” бағдарлама қабылдағаны аян. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы қазақ жерінде дәрі шығаратын өндіріс орындарын көбейту көзделген еді. Бағдарлама аясында дәрі шығаратын 12 шағын зауыт салынатындығы да айтылды. Бірақ барлығы сөз жүзінде қалып қойды. Қазақстан әлі күнге дейін дәрі-дәрмектің 70 пайызын шетелден сатып алып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Күнбағыс майы мен жұмыртқа қымбаттады
  • Қант тағы да қымбаттады
  • Ақтөбеде халық тұтынатын өнімдер қымбаттап жатыр
  • Ақтөбеде көкөніс қымбаттады
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге