Ақтөбеде ІТ-парк ашылады

 Ақтөбеде ІТ-парк ашылып, креативті индустрияны дамиды. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов жастармен кездесу барысында айтты.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Жастар өөз кезегінде шығармашыл жастарға арналған коворкинг орталықтарын ашып, цифрлық білім беру контентін құру бойынша жас мұғалімдер арасында байқау ұйымдастыруды ұсынды. Киберспорт федерациясының филиалы, ІТ парк және аймақтағы цифрлық индустрияны дамыту орталығын ашу туралы да ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі:

- Мен қысқа мерзімде ІТ парк құруды тапсырдым. Идея қажет. Әрине, материалдық базамен қамтамасыз ету жағынан қолдау көрсетіледі. Коронавирустық пандемия IT саласын дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бірнеше жылдан бері ақпараттық технологиялар әлемдік экономикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан сала екенін былай қойғанда, қазіргі уақытта онсыз жедел шаралар қабылдау мүмкін емес, - деді.

Ұсыныстарды тыңдаған Ералы Тоғжанов апта соңына дейін оларды жүзеге асырудың нақты жоспарларымен таныстыру міндетін қойды. Сонымен қатар, ол Ақтөбеде ақпараттық технологиялар паркін құру жұмыстары басталып кеткенін айтты.


Әлеумет
10:00, 03 октябрь 2022
1 329
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив