Ақтөбеде жүк көлігі жүргізушісі әйел адамды қағып кетті

 Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді жүк көлігі қағып кетті. Алған жарақатынан 53 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қаласында “ЗИЛ-130” маркалы жүк көлігінің жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Полицияның дерегінше, 53 жастағы әйел адам жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол ауруханаға жатқызылған. Кейін қайтыс болған.

 Оқиға 16 қыркүйек күні М.Мәметова көшесі жағындағы Бөкенбай батыр даңғылы бойымен Әл-Фараби көшесіне қарай бағыт алып келе жатқанда болған. Осы оқиғаны көрген білгендер болса 936-403, 936-404,8-771-784-93-34 телефон нөмерлеріне хабарласулары сұралады.


Әлеумет
10:00, 03 октябрь 2022
1 569
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив