Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді

    Облыс аудандарын аралап шыққан Бердібек Сапарбаев “әкімдер жұмыс істемейді” деп санайды. Кей өңірлердің тұрмысын көзімен көрген Сапарбаевтың жылағысы келген. Кеңейтілген алқа мәжілісіне жиналған аудан және мекеме басшылары болса, бас шұлғығаннан өзге ештеңе деген жоқ.

    Облыс әкімдігінде өткен алқа мәжілісіне облыс, қала, аудан басшылары жиналды. Бердібек Сапарбаев қаржылай дағдарысқа байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген тапсырмалардың орындалу барысына тоқталды.

    Облыс басшысының айтуынша, бүгінгі таңдағы ең негізгі талап-экономиканың даму қарқынын сақтау. Сол арқылы тұрғындардың әл-ауқатын әлсіретпеу. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Жұмыссыздықтың көбеюіне жол бермеу.
    Бірақ әкімнің сөзіне қарағанда, Ақтөбе облысында өндіріс саласына көңіл бөлінбей келеді. Өндіріс былтырғымен салыстырғанда 196 миллиард теңгеге төмендеп кеткен. Экономикаға инвестиция тарту 73 пайыз. Яғни, өткен жылға қарағанда 119 миллиард теңгеге кеміген.

    “Инвестиция тарту - Президенттің тапсырмасы. Бұл әрбір салалық басқармалардың, аудандар мен қала әкімінің міндеті. Құрылыстың дамуы мен салынуы да көңіл көншітпейді.”
    Осылайша Бердібек Сапарбаев салынып жатқан құрылыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

    Ең қымбат нан - Ырғызда
    Бердібек Сапарбаев Ырғыз ауданына барған сапарында әлеуметтік нанның 65 теңгеден сатылып жатқанын көрген.
    Өзге аудандарға қарағанда Ырғызда әлеуметтік нан бағасы қымбат. Бір көмеші 65 теңге. Аудан әкімі Мейірхан Дуанбековке облыс басшысы халық көп тұтынатын әлеуметтік нан бағасын тез арада реттеуді тапсырды.

    - Халықтың ең негізгі тағамы - нан. Ең бірінші нан бағасын қадағалау қажет. Баға барлығына бірдей қолжетімді болу керек. Түсінбеймін, неге ауыл, ауданда тұрып тұрғындар нан сатып алуы керек? Керісінше, ұн сатып алып, қолдан нан пісірмей ме? Ал біз соған жағдай жасауымыз керек,-деді өз сөзінде Бердібек Сапарбаев.
    Сонымен қатар әкім аяз түскенше жер жерде жәрмеңке ұйымдастырылып тұру қажеттігін де қатаң ескертті. Яғни, халықтың сенбі сайын арзан өнім сатып алатындай мүмкіндігі болуы керек.

    Баға негізсіз көтерілмесін
    Облыс басшысының айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмектердің қымбаттауына еш негіз жоқ.
    Өйткені, Қазақстандағы дәрі-дәрмек қоры теңге бағамы өзгермей тұрып сатып алынған. Соған қарамастан кей жерлерде дәрі қымбаттап барады. Ал
    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болса, жаңа жылға дейін дәрі-дәрмек қымбаттамайды деп меморандумға қол қойған. “Егер кімде-кім бағаны негізсіз көтерсе, тиісті шара қолданылатын болады. ”

    Жиында Бердібек Сапарбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшыларын орындарынан тұрғызды.
    -Ірі дәріханаларды тексеріңдер. Ақтөбеде отыра бермей, елді мекендерді аралаңдар. Ахуалды байқаңдар,-деді Бердібек Сапарбаев.

    “Кеңқияқты көргенде жылағым келді”
    Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы аты шулы Кеңқияқ пен Шұбаршидің жағдайына жеке тоқталды. Айтуынша, Темір ауданына барған сапарында әкім тұрғындармен сөйлесіп, ахуалды байқаған. Артынша ауданға арнайы комиссия да жіберген.

    Облыс басшысының айтуынша, комиссия Темір ауданына бекерден бекер бармаған. “Әкім мен тұрғындардың арасында ешқандай байланыс жоқ. Тұрғындардың сөйлеген сөзінен-ақ жағдайдың жақсы еместігі аңғарылып тұрды”
    - Әкім мырза, ойлану керек! Осылай ұйықтап отыра берсеңіз, баяғы жағдай қайталануы мүмкін,-деді Бердібек Сапарбаев Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевке қарата айтқан сөзінде.

    Бұл жиында Темір ауданында бюджеттік кіріс бөлігі орындалмайтыны да сөз болды. Құрылыс, тұрғын үй, инвестиция тартуда Темір ауданы көш соңында. Капитал тартуда Байғанин, Қобда, Мәртөк және Темір аудандарының көрсеткіші нашар. Облыс басшысы мұнайлы өлке - Кеңқияқтың үйлері мен жолдарын көріп, жылағысы келгенін айтты.
    Бауыржан Қаниев жоспарланған көрсеткіштердің орындалмай жатқанын растады. Олқылықтардың орнын жаңа жылға дейін толтырамын деп сөз берді.

    12 аудан аудан орталығына ұқсамайды
    “Бірде-бір аудан аудан орталығына ұқсамайды. Жолдары шұрық-тесік, асфальт, тротуар мен көшелерде жарық атаулы мүлде жоқ. Білдей бір ауданда 11 жыл әкім болған мырза 27 көшенің төртеуін ғана асфальттаған.” Бірақ Бердібек Сапарбаев жұрттың көзінше ол әкімнің атын атап, түсін түстеген жоқ.
    Облыс басшысы қай ауданға табан тіресе де, тұрғындардың жолдың жайын айтып, зар жылағандарын көрген.Айтуынша, ауыл тұрғындары “бауырмал” балшықтан әбден шаршаған.
    - Тоқсаныншы жылдары өмір сүріп жатқан жоқсыңдар. Әкімдерден себебін сұрасаң, “ақша жоқ” деген жауаптары дайын тұрады. Жақсы әкім сылтау емес, демеуші іздейді. Өзінің ақшасын үнемдейді,-деді Бердібек Мәшбекұлы.
    Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев 1,5 айдың ішінде 12 аудан, 70 елді мекен және 220 кәсіпорынды аралап шыққан. Тұрғындардың жағдайын көзімен көрген. Осы сапарларды қорытқан жиында бірде бір аудан басшысы мақталған жоқ.

    -Ең бастысы – қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ал аудан әкімдері халықпен жұмыс істемейді. Тұрғындардың ішінде әкімін танымайтындар да бар,-деді Бердібек Сапарбаев.
    Әкімнің айтуынша, облыстағы автокөлік жолдарының 68 пайызы нашар. Бұл 3,2 мың шақырым жол. Жол азабын көріп жүрген ақтөбеліктердің шағымы облыс әкімінің блогында өте көп.

    Облыста әлі күнге дейін қамыс пен саманнан салынған мектептер бар
    Ақтөбе облысында әлі күнге дейін 70-ге жуық ескі мектеп бар. Олар қамыстан, ағаштан және саманнан салынған. Бұл мәселені әкімдер дер кезінде көтермеген. Ал облыстық білім басқармасы жағдайды мүлде білмейді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай деді.
    Облыстағы әлеуметтік нысандардың базасы өте нашар. 47 саман, 12 ағаш және 8 қамыстан салынған мектепте оқушылар әлі күнге дейін білім алып жүр. Облыс аумағындағы 20 мектеп 1945 жылға дейін тұрғызылған. Бердібек Сапарбаев мектеп салуға республиканың күші жететінін айтты. Бірақ әкімдер мен басшылар жауырды жаба тоқып, осы кезге дейін үндемей келген.
    - 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой. Ойыл ауданында үш мектеп шелектеп көмір тасып, от жағып отыр. Бұл не масқара?! Бейшара ауыл балалары соғыс жылдарына дейін салынған ескі мектепте оқып жүр. Оларда сапалы білім қайдан болады? Сіздер мына мәселені уақытында көтергенде, мемлекет оқушыларға заман талабына сай мектеп салып бере алатын еді. Көп болса құрылысқа 120-130 миллион теңге кетеді. Білім басқармасының басшысы Жанат Самұратова жұмыс істемеген,-деді Бердібек Сапарбаев.

    Суицид көбейіп кетті
    Облыс басшысы Ақтөбеде жасөспірімдер арасында суицидтің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың да жұмысын сынға алды.
    Әрбір төртінші қылмыс жасөспірімдердің қатысуымен жасалады. Жасөспірімдер арасында суицид те көп. Оған қатысты ахуалға ешкім талдау жасамайды. Мән бермейді. Мұғалім, ата-ана арасында байланыс үзілген. Жастар ресурстық орталығы мен білім басқармасы тарапынан қадағалау жоқ.
    - Жастар ресурстық орталығы деген мекеменің қызметі қандай екенін түсінбедім.Оны басқарып отырған Сара Қайыржанқызы қайда қарап отыр?-деді Бердібек Сапарбаев.
    Жиынды қорытындылаған Бердібек Сапарбаев әлеуметтік саланың өзге де қиындықтарына тоқталды. Экономикалық дағдарысқа байланысты қайта өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялы кәсіпорындар құру қажеттігін айтты. Шенеуніктерге нақты тапсырмалар берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаңа әкім – жаңа міндет
  • Қытай тағы да Ақтөбе өңіріне инвестиция салмақ
  • Ақтөбеде әлі күнге дейін қамыстан тұрғызылған мектептер бар
  • Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге