Ақтөбеде тұратын 10 оқушының аяғы ауыр

    Ақтөбеде  тұратын 10  оқушының аяғы ауыр

    Ақтөбеде тұратын он оқушы қыздың аяғы ауырлап қалған. Бұл жөнінде қалалық әкімдікте мектеп директорларымен өткен кездесу кезінде айтылды.

    Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның қатысуымен өткен мәжіліс кезінде кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік, суицид пен қылмыс жайы талқыланды.

    Полицияның мәліметінше, Ақтөбеде балаларға қарсы жасалатын қылмыс саны азайған. Дегенмен, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны көп. Биылдыққа 112 жол апаты тіркелді. Соның салдарынан 2 бала қайтыс боп кетті.

    Мамандар оқушылардың арасында өз-өзіне қол жұмсау деректері азайғанын айтады.Яғни, қайтыс болған балалар саны былтырғымен салыстырғанда азырақ. Дегенмен, суицидке ұмтылушылар саны 15,4 % өскен.
    Жиында келтірілген мәліметтерге қарағанда, қазір Ақтөбеде тұратын 51 жасөспірім қыздың аяғы ауыр. Оның 10-ы мектеп оқушысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейген
  • Жол апатынан мотоциклистің аяғы сынды
  • Әкімдікте жасөспірімдер жайы сөз болды
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • Ақтөбеде тағы бір оқушы суицид жасады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге