Білім саласын жемқорлық жайлап кеткен

    Білім саласын жемқорлық жайлап кеткен

    Ақтөбе облысының білім саласында жемқорлық көп. Соңғы үш жылда бұл саланың 92 қызметкері істі болған. Бұл жөнінде Ақтөбеде депуттардың қатысуымен өткен жұма күнгі жиында айтылды.

    Білім саласында былық көп
    Жұма күні өткен жиында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысы Қайрат Сүнтаев білім саласын сынады. Оның айтуынша, білім басқармасы жемқорлық бойынша көш басында тұр.
    -Білім басқармасы басшыларының мәселесін тәртіптік кеңесте қарады. Өйткені соңғы үш жылда бұл салада 92 қызметкер істі болған. Оның арасында колледж, мектеп пен балабақша басшылары бар. Мемлекеттің 100 миллион теңгеден астам теңгесі қолды болды. Көбіне заңсыз жалақы аудару мен жалған жұмысқа орналастыру да кездеседі. Әкіммен осы мәселеге орай сөйлескен едім. Немқұрайлылық танытқаны үшін Жанат Самұратованың үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек еді. Ол қызметінде отырмау керек. Бұл мәселені жыл соңына дейін қайта көтереміз,-деді Қайрат Сүнтаев.
    Жанат Самұратова бұл пікірмен келісіп отырған жоқ. Айтуынша, ол жетекшілік ететін облыстық білім басқармасында биылдыққа бір ғана жемқорлық дерегі тіркелген.
    -Қалғандары аудан мен қаланың еншісінде. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты істердің 50 пайызы мемлекеттік сатып алуға қатысты. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар жұмыстан шығарылды, кейбірі қызметінен төмендетілді,-дейді ол.
    Білім саласында биыл жемқорлықтың азайғанын айтқан Жанат Самұратова “енді заңсыздық болмайды” деп ақталды. Жанат Самұратованың сөзінен аңғарғанымыз, ол қала аумағындағы білім мекемелерінде не болып, не қойып жатқандығынан бейхабар. Немесе бір қалада орналасқан екі мекеме – облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің “илеп жүргендері бір терінің пұшпағы болса да” өз алдарына бөлек-бөлек “мемлекет”.
    -Қысқа уақыттың ішінде балаларды кезексіз балабақшаға орналастыруға қатысты 20 дерек анықтадық. Бұл білім саласында жемқорлықтың жайлағанын көрсетеді. Ақтөбе облысы
    бойынша 38 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр екен. Кезек қозғалмайды. Мұны ешкім де бақыламайды,-дейді департамент басшысы Қайрат Сүнтаев
    Жанат Самұратова бұл жайттан да бейхабар.“Қалалық білім бөлімінен сұраңдар” деп қысқа қайырды. Айтуынша, балабақшаға жолдама бөлу оның қызметтік міндетіне кірмейді.
    -Бүгінгі күні 38 мың бала кезекте тұрғаны рас. Алайда, біз жекеменшік балабақшалар ашып жатырмыз. Бала саны көп. Әрі халықтың келуі де өскен. Сол себепті кезекте бала саның көп болуы болуы да заңды,-деді ол.

    Максим Чаркиннің “жыры”
    Осы аптада Жанат Самұратованың орынбасары Максим Чаркин қызметінен кетті. Бұл – Сара Нұрқатованың шуынан соң болған өзгеріс. Ал, Максим Чаркин – отбасы мүшелерін “өзі басқаратын салаға лауазымды қызметке қойды” деп айыпталған облыс әкімі орынбасарының ұлы.
    - Максим Чаркин 23 қарашадан бастап жұмыс істемейді. Өзі өтініш берді. “Басқа жұмыс іздеймін” деді. Мен қарсылық танытпадым. Ол бұл қызметте небәрі 3 ай жасады. Осы уақыт аралығында өзін жақсы жағынан көрсетті,-дейді Жанат Самұратова.
    Белгілі болғандай, бұл конкурсқа Максим Чаркиннен басқа үміткер өзін-өзі ұсынбаған. Өйткені, облыс әкімі орынбасарының ұлы қатысатынын білгендіктен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек.
    - Саяси қызметкер ретінде Сара Нұрқатова мұндай сұрақтың күндердің күнінде алдынан шығатынын білуі керек еді. Бұл конкурсқа оның ұлы Максим Чаркиннен басқа ешкім қатыспаған. Бұл үлкен қызмет. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары. Бұл лауазымға облыс әкімі орынбасарының ұлы қатысатынын білгеннен кейін басқаларының көңіл-күйі түсіп кетеді ғой,-дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысы Қайрат Сүнтаев.
    Ал Жанат Самұратова конкурсқа Сара Нұрқатованың ұлы қатысқанын білмегенін айтып ақталды. Тіпті журналистерден қызметкерлерінің қалай жұмысқа алынғанын өзінің қатысуынсыз жеке-жеке сұрауын айтты. Айтуынша, Максим Чаркин білім басқармасы басшысының орынбасары ретінде 90 мың теңгенің шамасында жалақы алған. Ал Жанат Самұратованың өзі
    20 жылдық еңбек өтілімен 140 мың теңге алатын көрінеді.

    Жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аударылған
    Ақтөбедегі жоғарғы оқу орнының бірінің басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл жөнінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысы Қайрат Сүнтаев айтты.
    Әңгіме Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне қатысты. Қайрат Сүнтаевтың айтуынша, білім мекемесінің басшылығы қызметке адам алған. Алайда, шын мәнінде олар оқу орнында жұмыс істемеген.

    -Біз Қ.Жұбанов атындағы университеттің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тексеріп жатырмыз. Көп адамды жұмысқа алған. Ал шын мәнінде олар жұмыс істемеген. Алайда, жүйелі түрде жалақы аударылған. Ата –аналар мен мұғалімдер шағым түсіреді. Соның негізінде біз бұл істерді анықтап, сотқа жібереміз, -дейді ол.
    Ақтөбе облысында ақша жымқыру, заңсыз жалақы аудару мен жалған жұмысқа орналастыру деректері көп тіркеледі. Осының салдарынан соңғы үш жылда мемлекетке 166 миллион теңгеден астам шығын келген.
    -Соңғы үш жылда мемлекетке 166 млн теңгеден астам залал келтірілген. Осы жерден бір сұрақ туады. Сонда мәслихат бөлген қаражатты жергілікті атқару органдары мен ревизиялық комиссия неге тексермейді? Ведомостволық бақылау да жоқ,-деді Қайрат Сүнтаев
    Ақтөбе облысында биылдыққа жүзден аса жемқорлық дерек тір-келген. Оның 41 пайызы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану болса, 30 пайызы пара алумен байланысты. Өңірде жемқорлықтың көбейгеніне алаңдаушылық білдірген департамент басшысы алдағы уақытта мемлекеттік мекемелерге қатаң бақылау болатындығын ескертті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сара Нұрқатова мен оның ұлы жұмыстан кетуге арыз берді
  • Сара нұрқатова: Ұлым лауазымды қызметке адал еңбегімен келді
  • Сара Нұрқатова: Ұлым лауазымды қызметке адал еңбегімен келді
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге