Президент отбасымен көрші тұрған әжей Шамалғанды сағынып жүр

    Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағының куәгері Евдокия Санжарова қазір ақтөбелік. Кезінде ол Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Назарбаевтар отбасымен 50 жылға жуық көрші тұрған. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай “Керек. info” тілшісі әжеймен әңгімелесіп, қал-жағдайын біліп қайтты.

    Есікті таяққа сүйенген Евдокия әжейдің өзі ашты. Өңі – сұп-сұр. Соңғы бір ай көлемінде қатты ауырып жүргенін айтты. Кейуана жалғыз тұрады. Бірақ өзін өзі алдарқатып, “біз екеуміз, теледидар және мен” дейді.
    Евдокия әжейдің айтуынша, жары Иван Санжаровпен 1941 жылы шаңырақ көтерген. Соғыста аяғынан ауыр жараланған Иван елге оралады. Алғашында Санжаровтар Қостанайда тұрған. Күнкөріс қиындап кеткен соң, достарының айтуымен Шамалғанға көшіп келеді. Сол кезде алғаш рет жеті жасар Сұлтанның ойнап жүргенін көріпті.
    -Бұл тағдыр ма, кездейсоқтық па, білмеймін.Біз сол кезде Сұлтанның, мен Нұрсұлтанды осылай атайтын-мын, отбасымен көрші тұрдық. Әкесі Әбіш – шаруаның адамы, момын адам еді. Менің күйеуім Иван сол ауылдағы ферманың меңгерушісі болатын. Ал Әбіш оның қарамағында жұмыс істеді. Анасы Әлжан да қарапайым, өте жақсы жан еді. Фермада сүт тартушы болды. 4 баласы болды. 3 ұл, 1 қыз. Саша (Сатыбалды-авт.) кейініректе көлік апатынан қайтыс болды.

    Евдокия әжейдің осы тұста көзіне жас үйірілді. Үш жасар кезінде шетінеп кеткен ұлын есіне алды. Ұлының өлімінен кейін қатты ауырған ол содан қайтып құрсақ көтермеген. Сол себептен де болар, бала Нұрсұлтанды туған ұлындай қатты жақсы көріп кеткендігін айтты. “Бауырыма қысып, сүйіп алайын десем, қашып кете беретін”,- дейді күліп. Бір күні екеуінің тауға барып, гүл теріп қайтқанын да жылы жымиып есіне алды.
    - Сұлтанның бала кезінен еті тірі еді. Анасы “сабақты қашан оқып қоятынын білмеймін, бәріне үлгереді” деп жиі айтатын. Мен сол кезде оған: “Әлжан, сен мені тыңдашы, бұл тегін бала емес. Түбі осы ұлыңнан бірдеңе шығады”,-деп жиі айтатынмын. Сол айтқаным міне орындалып отырған жоқ па?! Көршілерімен тату тұрдық. Екі үйде де монша жағатынбыз. Бір -бірімізді монша жағып, қонаққа шақырамыз.
    Елу жылдай көрші тұрған Евдокия әжейдің айтуынша, бала Нұрсұлтан мектепте сабақты жақсы оқыған. Достары да қаумалап қасынан шықпайды екен. Кейін болашақ президент ауылдағы 5 сыныптық мектепті бітіріп, Қаскелеңде оқуын жалғастырады. Үйіне демалысқа келсе, міндетті түрде Евдокия әжейдің амандығын біліп кетіп отырған.
    - Алдымен әкесі, одан соң анасы біраз ауырып қайтыс болды. Қай жылдары екені есімде жоқ. Сұлтан отбасымен ауылға жиі келетін. Алдымен бір қызын, одан кейін екінші қызын ертіп келді.Жұбайы Сара да жақсы адам.Сұлтанның қызметі біртіндеп жоғарылай берді.Ал мені 1997 жылы куйеуім Иван қайтыс болған соң, Ақтөбеде тұратын әпкем өзіне шақырып алды. Содан кейін 2000 жылдары осы Ақтөбеге көшіп келдім. 15 жыл болды осы пәтерде тұрып жатырмын. 2007 жылы әпкем ауырып қайтыс болды. Балалары осы жақта, отбасылы. Анда-санда келіп тұрады. Негізінен, жалғыз өзім тұрамын.

    Сөз арасында әжей күрсініп қояды. Шамалғаннан көшіп кеткеніне өкінетін сыңайы бар. Айтуынша, ол жақтың табиғаты, мөлдір суы, таза ауасы әлі есінен кетпейді екен. 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге іссапармен келеді.
    95 жастағы кейуана Елбасын көп жылдан кейін “Дару” оңалту орталығында ем алып жатқанында көрген.
    - Сұлтан ауруханада жатқан мені бірден таныды. Қолымды алып, қал-жағдайымды сұрап жатыр. Бала кезіңде бетіңнен сүйдірмей қашып кетуші едің, бетіңнен бір сүйейін дедім. Рахаттанып күліп алды. Маған теледидар мен тоңазытқыш сыйлайтынын айтты. Керек емес дегеніме болмады.
    Әжей Сұлтанын көруден әлі де үмітті. Ақтөбеге ат басын бұрып жатса, өзін іздеп келетініне сенімді.
    - Жұрт қалай түсінсе, олай түсінсін. Бірақ мен оны адам ретінде қатты жақсы көремін. Көз алдымда өскен бала. Теледидардан көре қалсам, сондай беріліп тыңдаймын, үңіліп қараймын. “Сен де қартайыпсың-ау, Сұлтаным” деп күрсініп қоямын. Кім не десе де бәрібір оны жақсы көруімді тоқтатпаймын. Сырттай тілекшімін.

    Жасы 100-ге таяған кейуананы одан әрі мазаламауды жөн көрдік. Десе де, көптен бері жалғыздықтан жаны жабырқап жүрген әжей шабаданынан сарғайған суреттерін шығарып, бізді жібергісі келмеді.Кетерде алғысын жаудырумен болды. “Кейде жаным құлазығанда Шамалғандағы тамаша сәттерді жиі есіме аламын”,- дейді ел Президентінің балалық шағына куәгер болған кейуана.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Иіс тиген үш жасар бала шетінеп кетті
  • Оқушы отбасымен он бір жылдан соң қауышты
  • ГҮЛСІМ ЮСУПОВА: КЛИП ТҮСІРМЕЙ-АҚ ТАНЫМАЛ БОЛДЫҚ
  • Кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
  • Жоғалған балалар котлованнан табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге