Коммуналдық қызмет құны 30 пайызға қымбаттайды

    Ақтөбенің коммуналдық қызмет көрсететін мекемелеріндегі тариф қымбаттады. Жаңа 2016 жылдан бастап ыстық-салқын су, жылу мен жарыққа ай сайынғы коммуналдық төлем отыз пайызға өсті. Бұл туралы “Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті” РММ бөлім басшысы Нұрлан Айтбаев мәлімдеді.

    Тарифтік саясатты тұрақтандыру үшін “Ақбұлақ” АҚ пен “Трансэнерго” АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкінен 5,1 млрд теңге сомасында заемдық қаражат алған. Сондай-ақ, аталған кәсіпорындарға “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 4,6 млрд теңге көлемінде қосымша жеңілдетілген несие берілді.

    - Жаңа жылдан бастап үйге ортақ есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай сараланған тарифтер енгізілетінін атап айтқым келеді. Қазақстанның 11 аймағында бұл норма бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Сондықтан, кімнің үйінде есептеуіші болса, ол өзінің тұтынған нормасы бойынша ғана коммуналдық қызметке төлейтін болады,- деп атап айтты Нұрлан Айтбаев.
    Сонымен, қаңтар айынан бастап ақтөбеліктер коммуналдық қызмет қымбаттайтын болады. Ақтөбеліктер қаңтардан бастап салқын су үшін 36,19 пайыз, жылу үшін 33,51 пайыз, су бұру қызметіне 33,51 пайызға қымбатырақ төлейтін болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыз су қымбаттайды
  • Жылу желілерін жаңартуға 3 млрд теңге жұмсалады
  • Ақтөбенің жылу желілерін жаңартуға 3 млрд теңге жұмсалады
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • “Трансэнерго” тұтынушыларға артық төленген ақыны қайтарып берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге