Пәтер кезегіне интернет арқылы тұруға болады

    Жаңа жылдан бастап мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғысы келетіндер кезекке интернет арқылы тұра алады. Ол үшін әр азаматтың электронды кілті болуы керек.

    Ендігі жерде пәтер кезегіне тұру үшін мемлекеттік мекмелердің табалдырығын тоздырмай-ақ қоюға болады. Мемлекеттік бағдарламалармен берілетін пәтер кезегі egov.kz веб-порталы арқылы түзіледі. Бұл туралы “Керек. info” тілшісіне қалалық тұрғын үй қоры секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова хабарлады.

    Пәтерден үмітті әр тұрғын Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өз атына электронды кілт алады. Электронды кілтті аталмыш орталықтағы кез келген терезеден алуға болады. Ал электронды кілті бар адамның үйден ұзап шықпай-ақ, пәтер кезегіне тұруына болады.

    - Еgov.kz веб-порталы азаматтардың құжаттарын қабылдап алғаннан кейін пәтерлерді біз бөлетін боламыз,-дейді қалалық тұрғын үй қоры секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова. – Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін және азаматтардың көңілдерінде күдік болмауы үшін барлық мәліметтер қала әкімінің сайтында жарияланатын болады. Қала тұрғындары кезекке бірінші болып кімнің алынғанын және басқа да мәліметтерді қала әкімінің сайтынан қадағалай алады.
    Бұрын ақтөбеліктер құжат тапсыру үшін жұмыстарынан сұранып, ұзын сонар кезекте сағаттап тұратын. Емшек жасындағы баласы бар әйелдер мен науқас адамдардың құжат тапсыру үшін сағаттап ашық аспан астында тұрған кездері де болды. Осындай қолайсыздықтарды болдырмау үшін ел үкіметі арнайы бағдарлама қабылдап отыр.

    Әлбетте, бұл қазақстандықтар үшін тың бастама. Cондықтан алғашқы кезде түсінбестік пен egov.kz веб-порталының жұмысында қиындықтар туындауы да ықтимал. Жанаргүл Дүйсекенова “оның барлығы тез арада қалпына келтіріледі” деп отыр.
    Айта кетелік, Ақтөбеде жыл сайын түрлі мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болғысы келетін тұрғындар саны көбейіп келеді. Бұл күндері пәтер кезегінде 17 000 мыңнан астам адам алынған. Осыдан бір жыл бұрын кезектегілердің саны мың тұрғынға аз болатын.

    Ақтөбе қаласында Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде барлық бағыттар жүзеге асырылуда. Олар:
    1. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй;
    2. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй»;
    3. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Жас отбасылар үшін тұрғын үй»;
    4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі.
    5. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі.
    Алдағы уақытта, жоғарыда аталған бағыттар бойынша қатысу үшін жергілікті атқарушы органның кезектегі азаматтарынан, соның ішінде «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Ақтөбе қаласының тұрғындарынан өтініштерді қабылдау, электрондық нұсқада жүзеге асырылатын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНАДЫ
  • 216 жас шаңырақ баспаналы болады
  • 77 шаңырақ жуырда қоныс тойын тойлайды
  • Пәтерге мұқтаж 77 адамнан құжат қабылданады
  • Тұрғын үй кезегіндегілердің назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге