Дағдарыстың салқыны соғымға да тиді

    Дағдарыстың салқыны соғымға да тиді

    Ақтөбенің халқы қарашаның соңы мен желтоқсанның басында соғым соя бас-тайды. Соғым кезінде мал базарды аралап келген “Керек.info” тілшісі ірі қара бағасының өзгермегеніне көз жеткізді. Сұраныс бар. Бірақ сұраныс жылдағыдай емес.

    Құлтай Сағидуллин Ақтөбеге Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылынан мал алып келген. Айтуынша, төрт жылдан бері мал саудасымен айналысады. Соғымның жай-жапсарына қанық саудагер биыл сұраныстың жылдағыдай еместігін аңғарған.

    - Бір байқағаным, халық бұрынғыдай бір ірі қараны тұтастай сатып алып жатқан жоқ. Ағайындарымен бірігіп, аяқтап алып кетіп жатыр. Соған қарағанда, халықта ақша жоқ болғаны ғой,-дейді Құлтай Сағидуллин.

    Дағдарыстың соғымға тигізген салқыны осындай. Бірақ Ақтөбеде мал бағасы қымбаттамаған. Мысалы, шалқарлық Құлтай Сағидуллин семіз жабағыны 100 мың теңгеден сатып тұр. Айтуынша, былтыр жабағының бағасы 120 мың теңге болыпты.

    Мал базар әкімшілерінің сөзінше, ақтөбеліктер соғымға жылқы сойғанды ұнатады. Сондықтан жылқы малының қоңдысы базарда көп тұрмай, тез өтіп кетіп жатыр. Ал түйе сатып алатындар некен саяқ.

    Сұранысқа ие төрт түліктің бірі – сиыр малы. Қала тұрғыны Сәуле соғымға ту сиыр сатып алған. Бағасы 150 мың теңге. “Керек.info” тілшісі Сәулені соғымын мал базардағы қасапшыларға сойдыртып жатқан жерінен кезіктірді. Соғымының семіз болғанына қуанып тұрған қала тұрғыны мал бағасына көңілі толатынын да айтып қалды.

    Тағы бір ақтөбелік Түлкібай Елғондин жыл сайын соғымға орта есеппен 300 мың теңге жұмсайтын көрінеді.

    -Бүгін 230 мыңға бие сатып алдым. Бала-шаға, келімді-кетімді кісі бар. Бұл үш ай қысқа аздық етеді. Енді сиырдың жарты етін алғым кеп тұр. Жылда сөйтеміз. Сонда үш ай қыста 300 мың теңгенің етін жейді екенбіз,-дейді Түлкібай Елғондин.

    7-8 желтоқсан күндері Ақтөбеде күн күрт жылып кетіп, мал базарына келушілер де азайып кеткен. Базар әкімшілері ауа-райына қарамастан демалыс күндері кісі қарасының өте көп болатындығын айтады.

    Мал дәрігері Хабит Ешниязовтың сөзіне қарағанда, биыл соғымның уақыты жылдағыға қарағанда ұзап кеткен. Оған себеп-ауа-райының қолайсыздығы. Жұрт қар түсіп, күн салқындамай соғым союға асықпайды. Десек те, соғымға деп бордақылаған малын облыс орталығына әкелетіндер қатары аз емес. Мал базарында әсіресе, Ойыл, Әйтеке би, Қобда аудандарынан жеткізілген ірі қара көп.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің тұрғыны сәбиін 200 мыңға сатпақшы болған
  • Полиция: Соғымның уақытында мал ұрлығы көбейеді
  • Өткен сенбі “Табыста” 11 тонна ет сатылды
  • Қант бағасы немесе зейнеткердің көз жасы
  • Базарда жиналмалы төсектің саудасы қызып тұр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге