Қайырғали Қожанбаев: Қайрат Нұртасқа зар боп қалдық

    Ол – қазақ музыкасының аңызы Ахмет Жұбановтың шәкірті. Ол 70-тен астам әннің және домбыра мен халық аспаптар оркестріне арналған
    10 күйдің авторы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры. Ол 2003 жылдан бері – Ақтөбе облыстық
    Ғ.Жұбанова атындағы филармониясының “Арайлы Ақтөбе” Халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған (1969). Ол – ҚазКСР мен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қайырғали Қожанбаев

    Аға, cізді ақтөбелік музыканттардың барлығы ұстаз санайды. Жалпы, жергілікті өнерпаздардың кәсіби мектебінің іргетасын да қалаған өзіңізсіз. Осы өнер жолына қайдан, қалай келдіңіз?
    Бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы, Құмшығанақ ауылында дүние есігін ашыппын. Балалық шағым соғыстан кейінгі запыран жылдарға тап келді. Әкем 1942 жылы майданға кеткеннен оралмады. Ол кезде мен 4 жастағы ұл екенмін. Өзімнен жеті жас үлкен ағам мен шешем үшеуміз қалдық. Шешем ағам екеумізді тістелеп жүріп өсірді.
    Ағам домбыра тартатын. Алып бара жатқан білімі жоқ. Сонда да өнерге, музыкаға деген құлшынысы керемет еді. Соғыстан оралмаған жарын сағынып, жастай жесір қалдырған тағдырына налитын анам да ағам домбыра тартқан кезде тына қалып тыңдаушы еді... Жоқшылық пен жетімдіктің жүрекке салған ауыр салмағын осылайша өзімізше бір серпілтіп алатынбыз. Сөйтіп жүріп, ағама еліктеп мен де домбыраға үйірсектей бастадым. Ең алғаш қолыма домбыра ұстатып, күй үйреткен ұстазым Қалу Қалмағамбетов деген кісі болатын. Ол кезде жөні түзу домбыра да жоқ. Қалу ағайым өзінің домбырасын әр балаға ұсынып жүріп, ең алғаш рет “Кеңес” күйін үйретті.
    Әкеміз соғыстан оралмай, екі баламен жесір қалған шешем бұрынғы Кулагин, қазіргі Есбол ауылына көшіп келді. Сол жердің Жамбыл орта мектебін бітіріп, аудандық мәдениет үйінде көркемдік жетекшілік жұмысқа тұрдым. Жыл жарымдай жұмыс істедім сол жерде. 1957 жылы Алматыға консерваторияға оқуға келдім. Дайындық курсына оқуға түстім де, кейін негізгі бес курсын да тәмамдап, халық аспаптары мамандығы бойын-ша домбырашы және дирижер мамандығын алып шықтым. Студент кезімнен Құрманғазы оркестрінде жұмыс істеп, жаттығып жүргесін бе, өз біліміме деген сенімім жоғары болды. Соңғы курста Қазақ радиосының музыка редакторы болып қызмет еттім. Бірақ ойламаған жерден 1964 жылы Ақтөбеге жолдамамен келіп қалдым. Ол кезде жолдама береді, жіберген жеріне бармасаң болмайды. Сөйтіп, Ақтөбе облыстық филармониясына келдім. Бұрынғы облыстық филармония, қазіргі Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның директоры Тұрдыбек Оспанов деген ағамыз консерваториядағы түлектерді бөлу жиналысына қатысқан екен. Қазақ радиосының бас редакторы “сен жиналысқа бармай-ақ қой, өзім сұрап алып қалам” дегенге сеніп, мен бармаған едім. Сөйтсе, редакторым да бармапты. Солайша сыртымнан жолдамаға жазып, осы жаққа жұмысқа жіберген. Келуін келдім. Бірақ жұмыс жоқ. Оркестр, ансамбль құру қазіргі заманның өзінде оңай емес, ол заманда тіпті қиын еді. Музыканттар да, аспап та жоқ. “Алматыдан консерватория бітіріп келген жас маман” деп Ақтөбедегі мәдени-ағарту училищесіне жұмысқа орналастырды. Бір жылдан соң, өздері уәде еткендей 12 адамдық оркестр құрылды. Осы жерде біраз еңбек еткен соң, 1971 жылы қазіргі музыка училищесі жасақталды. Мені сол жерге директорлыққа тағайындады. Музыкалық училищеге 1990 жылға дейін жетекшілік еттім.

    Аға, сіз осы оқу орнын аяғына тұрғызған бірден бір адамсыз. Жан-жақтан жиналған өнерлі балаларға арнайы жатақхана салдыртқан да сіз едіңіз. Кейін облыстың пединститутында музыка мамандарын дайындадыңыз. Жалпы сол кезең мен қазіргі буынның өнерге деген көзқарасы қандай?
    Өнер – қай кезде де өнер. Музыка – Африкада да музыка! Бірақ, қазір біз шоу мен даңғыраны өнер деп қабылдап жүрміз. Қасырет – бұл! Жылайтын, еңірейтін нәрсе. Дабыл қағу керек! Қашанда жыланып, өз әнін өзі түсінбей тұратын Қайрат Нұртасты сынап жүр едік, енді МС Сайлаубек деген шығыпты. Қайратқа зар боп қалдық. Құдай-ау, адам музыкадан рухани ләззат алуы тиіс қой. Күйкі тірліктен шаршағанда, жаны ауырғанда музыкадан демеу алуымыз керек емес пе? Ал МС Сайлаубектен қандай ләззат аласыз? Жаныңыз тыныштала ма, оны тыңдаған кезде? Жастарға ешқандай өкпем жоқ. Заманы солай шығар. Бірақ, музыка деген ұлы өнерді бұлай қорлауға болмайды. Оған жол бермеу керек! Классикалық өнер, опера, балет дегендерді де ешкім керек қылмайды. Шағын ғана топтың аясындағы адамдар баратын нәрсе болып қалыптасып кетті. Осы жағдай мені қатты күйзелтеді.

    Аға, осы жерде бір сұрақ қойсам деп едім. Өнер адамының жаны қашанда нәзік. Шығармашылық адамдарында эмоция қашанда алға шығып кетеді. Өнерде және өмірде жаныңызды күйретіп, тауыңызды шағып кеткен жағдай болды ма?
    Тағдырыма арызым жоқ. Өнерде және өмірде деп екі бөліп айта алмаймын. Өйткені, өмірім – өнерім. Өнерім – өмірім. Пенде болғасын айта береміз, “Алматыда қалғанымда тағдырым мүлдем басқаша болар ма еді” деп ойлаймын кейде. Мына жеңгеңмен (жұбайын айтады - ред) сөз байласып жүргенмен, бұл менен бір курс жоғары оқыды да, ертерек оқуын тәмамдап, маған тұрмысқа шықпай, ауылға кетіп қалды. Егер мен үйлі-баранды болғанымда, мені Алматыдан қозғамас еді деп ойлап қоямын. Әзілдеп “Алматыда қалмағаныма сен кінәлісің” деп айтып қоятыным бар.
    1971 жылы Ақтөбенің музыка училищесі ашылды. Сол училищеге жан-жақтан, алыс ауылдардан өнерлі оқушылар келіп оқуға түсе бастады. Балалардың жатын орны жоқ. Қатты қиналдық. Содан кейін жатақхана салу туралы ұсыныспен горисполкомға бардым. Әупірімдеп жүріп, жер берді. Содан жатақхана құрылысын бастап кеттік. Біз ойлағандай оңай дүние емес екен. Өзім әрі құрылысшы, әрі басқарушы, бригадир, әрі директор болып жүріп, жатақхананы да аяқтадық-ау. Енді ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары ғана қалып, бітіп тұрған жатақханамыз бір күні түгі қалмай өртенсін де кетсін. Естіген кезде инсульт алдым. Сол бойы ауырып, ауруханаға түстім. Алты ай бойы емделіп, жұмыстан шеттетіліп қалдым. Күйзеліс емей немене енді?!
    Өмірде талай қиындықтар өтті ғой. Бірақ, жаныма ауыр соққы болып, қабырғамды қаусата, тұралатып кеткен жағдай – жалғыз ұлдың қазасы болды... Екі қыз, бір ұлым бар еді. 1995 жылы әскерге барып келді. Содан кейін... Адам қолынан кетті ме, әлде басқаша ма, өзіміз де әлі күнге түсіне алмай келеміз. Бір түнде айрылып қалдым ұлымнан. Бір түнде бір ғасырға қартайып, қабырғам қаусап, көңілім босап қалды. Бір түнде – өмірімнің бар мәнінен ажырап, қаңбақша жосып кеттім мен... Өмір болған соң өлімсіз бола ма? Шешем қайтты кейін. Әлгі домбырашы ағам кетті өмірден. Олардың бәрі қайғы, олардың бәрі жанға жара салды. Бірақ жалғыз ұлдың қазасы жазылмайтын сырқат болып жабысып алды маған. Үлкен қызым Бибігүл қазір Атырауда. Екінші қызым Алматыда тұратын еді. Ұл кеткесін қасымызға шақырып алдық. Қазір музыка колледжінде дәріс береді. Пианистка. Фортепианодан сабақ береді.

    Аға, сұқбатыңызға рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бақыт Айтова: Мен отбасы бақытын емес, өнерді таңдадым
  • Бағлан ҚЫСТАУБАЕВ: “Арт Тұмарды” көбіне қызын өзге ұлтқа ұзатушылар шақырады
  • Мақсым Меңкешев: Соңғы кездері күй шығарып жүрмін
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге