Ақтөбенің қысы Үндістаннан келген студенттерге қиынға соқты

    Биыл М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне үндістандық 7 азамат оқуға қабылданған. Бұрын-соңды сақылдаған сары аяз бен ақ қар көрмеген олар күн суыта жаппай ауырып тұрды. Ал қазақ “бес тоғыс” немесе “қысқы шілде” деп атайтын қаңтардың ортасындағы аяз оларға тіпті қиынға соққан.

    Қаңтардың 18-інен соң болатын қатты аязды қазақ халқы “бес тоғыс” немесе “қысқы шілде” деп атайды. Бұл жергілікті тұрғындардың өзіне қиынға соғатын кезең. Өйткені, сақылдаған сары аязға Ақтөбенің ұйтқыған желі қосылып, біраз әбігерге салады. Осы жайтты курс-тас достарынан алдын ала естіп білген үндістандық жігіттер қалың киімдер сатып алыпты.

    -Жылы киім таңдауда әбден қиналдық. Бастапқыда ауыр киімдерді алып жүрудің өзі біраз күш болды. Иығымыз талатын. Қолғапты да осы Ақтөбеге келіп кидік. Жергілікті жұрттың ауыр киіммен қалай емін-еркін жүретіндеріне таңбыз. Әлі үйрене алар емеспіз ,- дейді олар.

    Дәрігерлік білім алып жүрген Махендра Пал Ақтөбеге Үндістанның Нью-Делли қаласынан келген. Ата-анасы мен туыстары сонда тұрады. Қазір ол өзге 6 отандасымен бірге жалпы медицина мамандығының бірінші курсында оқып жүр.
    -Үндістанда ауа райы өте ыстық. Біз Ақтөбеге келгенде, алғаш рет қар жауғанын көрдік. Сол күн әлі есімізде. Ақ ұлпаларды қолымызбен нығыздап, бір-бірімізге лақтырып мәре-сәре болдық. Дереу суретке түсіп, интернетпен елге жолдадық,-дейді ол.

    Жалпы медицина факультетінің деканы Талғар Әбіловтің айтуынша, үндістандық студенттер халықаралық академиялық мобильді бағдарлама бойынша білім алып жүр. Биыл осы жоба бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне өзге оқу орындарынан 100-ге жуық студент келмек.

    -Алғаш сабаққа келгенде үндістандықтардың жаппай ауырып қалғаны есімде. Біразға дейін жөтеліп жүрді,-деп күледі химия мен экономика пәнінің мұғалімі Әнуар Нұртазин.

    Шетелдік студенттер Ақтөбеге әлі үйренісіп кете қоймаған. Әзірге тек өздері тұрып жатқан университет жатақханасы мен оқу орнының арасындағы жолды ғана біледі. Бір-екі рет “Ақтөбе” футбол клубының матчтарын көру үшін стадионға барған. Азық-түліктерін жатақханаға жақын дүкеннен алып жүр.

    -Сіздер етті көп жейді екенсіздер?! Ал біз күнделікті өмірде мал етін мүлдем тұтынбаймыз. Тек тауық еті мен жұмыртқаны қолданамыз. Ақтөбеге келгенде де өзіміздің ұлттық киімдеріміз бен асқа қосатын дәмдеуіштерімізді ала келдік,-дейді студенттердің бірі Нарендр Кумар.

    Үндістандықтар мен өзге де шетелдіктерге дәріс ағылшын тілінде оқылады. Олар қазір орыс тілін үйреніп жүр. Ал қазақшалары әзірше “Сәлеметсіз бе?” , “Рахмет” деген сөздермен ғана шектелген.

    Бүгінде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне 5 мыңға жуық студент білім алып жүр. Олардың арасында Үндістаннан бөлек, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен келген қыз-жігіттер де бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі медицина университетінде тағы бір студент қайтыс болды
  • Like-қа лайық іс немесе Ақтөбедегі студенттердің алма бағы
  • Медицина университетінің студентіне қатысты сот басталды

  • Емтиханнан сүрінген студент өз-өзіне қол жұмсады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге